Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жусанның құрамындағы эфир майларының медицинада қолданылуы

ТҮЙІН

Мақалада қазіргі әдебиеттерге талдау негізінде, жусанның құрамындағы эфир майларының медицинада қолданылуы көрсетілген. Эфир майларына бай болып келетін жусандар халық және ресми медицинада антибактериалдық, қабынуға, жараға, вирусқа қарсы, спазмолитикалық және т.б. дәрілер ретінде қолданылады.

Кілт сөздер: жусан, эфир май, медицина, ресми медицина, халық медицина.

Соңғы жылдары эфир майларына ароматерапиялық дәрілік зат ретінде қызығушылық артып отыр, төмен концентрацияда тыныс жолдарын емдеу үшін ұсынылады. Мысалы, кәдімгі жусан эфир майының адам ағзасының қабыну үдерістеріне, асқазан ауруларына, спазмға әсері. Эстрагон жусанының эфир майының антисептикалық, антиревматикалық, ауруды басатын әсері, ащы жусанның эфир майының ароматерапияда қолданылуы туралы қолданбасында қабынуға қарсы, фунгицидтік, антиревматикалық, сонымен қатар эпилепсияда қолданылуы белгіленген [1].

Терпеноидтар барлық микроағзаларға антимикробтық әсер көрсетеді. Олардың грамоң және грам теріс кокктардың, әртүрлі Enterobacteriaceae және Bacillaceae тұқымдастары өкілдерінің, вибриондардың, көптеген саңырауқұлақтардың және қарапайымдардың дамуын тоқтататын қасиеті бар [2].

Барлық оттекті монотерпендер штамм түрлеріне байланысты кейбір антибактериалдық белсенділікке ие. Жоғары белсенділік линалоол және терпинеол-4, 1,8-цинеол сияқты Pseudomonas aeruginosa-ға қатысты жоғары ингибирлеуші қасиеті бар монотерпенді спирттерде байқалады.

Artemisia absinthium құрамына кіретін эфир майының көптеген компоненттерінің антибактериалдық белсенділіктері анықталған [3].

Осы эфир майының негізгі компоненттері линалоол, нерол, α – және β-туйондар Pseudomonas spharoides, Escherichia coli, Proteus vulgaris, Micrococcus lutius және т.б. өсуін ингибирлейді. Nin St. et al жоғары ингибирлеуші белсенділік жусан майындағы линалоол, α-пиненнің қатысуында болатынын анықтады [4].

Сынақтық деректер Сібір территориясында өсетін кәдімгі жусан эфир майының трихофитонға қатысты белсенділігінің куәсі болып келеді. Томбы қаласының маңында өсетін жусандардан алынған эфир майларына таяқшатәрізді флораға және кокктарға, сонымен қатар патогенді саңырауқұлақтарға қатысты антибактериялық белсенділігі зерттелген . Аталған жұмыс нәтижесі барысында Гмелин жусанының, суық жусанның, Мартьян жусанының жоғары антибактериалдық белсенділікке ие екендігі анықталған, ал антибактериалдық эффект эфир майының құрамындағы оттекті қосылыстарға байланысты [5].

Artemisia frigida Willd. эфир майының антимикробтық белсенділігіне жүргізілген сынақтар нәтижесі ақ және алтын түсті стафилакокктар, протея, көк іріңді таяқша - микроағзаларының өсуін тоқтататынын дәлелдейді . Суық жусанның эфир майы созылмалы отитпен ауырған науқастарды емдеуде тиімді қолданылуда [6].

Қазіргі таңда жусандардың эфир майларының жақсы антисептикалық, бактерицидтік қасиеттері бензол сақинасының тотығуы мен фенолдың құрылуына байланысты екендігі дәлелденген. Эфир майлары бүйрек және бауыр қан тамырларын кеңейтеді, спазмолитикалық қасиетке ие және өт жүргізетін, несеп айдайтын қасиеті бар. Artemisia scoparia эфир майының несеп айдайтын қасиетінің негізінде И.П.Погорелко мен Н.С.Махмудов ауруды басатын, несеп айдайтын, бактерицидтік, спазмолитикалық және несептас ауруларының әртүрлі клиникалық формаларында седативті дәрі ретінде қолданылатын «Артемизол» препаратын алды [7]. Осы эфир майындағы үш байланыс біршама бактериялар қатарының, сонымен қатар және туберкулез таяқшаларының өсуін тоқтатады. Осы класс заты – капиллен Artemisia capillaries эфир майынан бөлініп алынған, ол дерматиттерге қарсы және фитопатогенезге айқын терапевтік әсер көрсетеді және трихомонадтық инфекцияны емдеуде жақсы нәтиже көрсетті [8].

Artemisia herba-alba эфир майының құрамындағы 26%-ға дейінгі α –туйон және 16% - ға дейінгі β- туйон және 14,2 %-ға дейінгі камфора және Artemisia judaica эфир майының құрамындағы 54%-ға дейінгі пиперитон Staphylococcus spp., Candida spp., Microsporum spp.-ға қатысты жоғары белсенділік көрсететіні анықталған [9].

Скринингтік зерттеу барысында тегіс жусанның эфир майының грамм оң кокктарға ерекше айқын антибактериялық белсенділік көрсететіндігі анықталған, бұл өкпе ауруын тиімді емдейтін инголяторлық форма, ал дермене жусан майы жоғары микоз ауруында дәрілік құруға негіз болды. Биологиялық сұйыққа жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша тегіс жусанның эфир майы және майдан бөлініп алынған 1.3.3.- триметил-2-оксабицикл [2.2.2] октанның (1,8-цинеол) тұмау вирусына қарсы және Ньюкасла ауруына қатысты жоғары белсенділік көрсетеді [10].

Өсімдік текті биологиялық ұшқыш заттарды жұмыс орындарының бөлмелерін тазалау үшін қолданғанда, лимонды жусанның эфир майы гемолитикалық стрептококктың деңгейін 2 сағаттан кейін 1,5 есе төмендететіні, ал сарцинге қатысты бейтарап екені анықталған [11].

Жусандардың құрамындағы эфир майларының көптеген биологиялық белсенді заттары фунгистатикалық белсенділікке ие. Мысалы, құрамындағы капиллен және сесквитерпеноид спатуленолдің қатысуында туындайтын саңырауқұлақтарға қарсы белсенділігі бар перспективті препарат ретінде жусанның эфир майы ұсынылады [12].

Artemisia nilagirica эфир майының фингистатикалық белсендігі зерттелген. Осы өсімдіктің эфир майының антимикотикалық белсендігі E.flocossum және T.violaceum өсуін толық тоқтататынымен белгіленді.

Осымен қорытындылағанда жусандардың құрамындағы көптеген эфир майларының антибактериалдық белсенділігі оттекті монотерпендерге, фунгицидтік әсері полиацетилендермен және сесквитерпендерге байланысты екені анықталды [13].

Жусан эфир майларының қабынуға қарсы белсенділігі.

Қазіргі таңда қолданылып келе жатқан қабынуға қарсы препараттардың жанама әсері көп екендігі, ал құрамында эфир майлары бар өсімдік текті препараттардың уыттылығы аз және тиімділігі жоғары екендігі мәлім [14].

Құрамында хамазулен бар эфир майларының қабынуға қарсы және жара жазатын әсері анықталған [81]. Қазіргі таңда денсаулық сақтау тәжірибесіне бірқатар азулен қалыптастырушы препараттар дерматоздарда, трофикалық жараларда, спастикалық колитте, стоматитте, лингивитте қабынуға қарсы енгізілген. Құрамында азулен бар өсімдіктердің экстрактысы негізінде дайындалған поляк препараты «Азулан», румын препараты «Ромазулан», чех препараты «Dermasulen» өте кеңінен қолданыста [15].

Авторлардан алынған деректер бойынша зерттелген жусандар эфир майларының негізгі қабынуға қарсы компоненттері уыттылығы төмен болып келетін хамазулен екендігі белгілі [16].

Сібір жусаны мен мыңжапырақ түрлерінің эфир майларын терең зерттеу нәтижелері арқасында жараны, күйік беттерін, терінің іріңді-қабыну ауруларын емдеу үшін құрамында азулен бар «Ахизал» препаратын клиникалық сынақтан өткізу ұсынылды. «Азуленол» (2 пайыздық хамазулен ерітіндісі) препараты бас сақинасын емдеуде айқын терапевтік эффект көрсетеді [17].

Тегіс жусан эфир майының антифлогистикалық қасиетін зерттегенде оның қабынуға қарсы қасиеті анықталды, сонымен қатар дозаға-тәуелділіктігі анықталды. Ең жоғары антиэкссудативтік белсенділік эфир майын 25-50мг/кг дозасында қабылдағанда байқалады, онда ісікті тежеу деңгейі 50пайызды құрайды. Сондай-ақ аталған майдың антиэкссудативтік белсенділігі эталонды диклофенак натрий препаратынан басым екендігі белгіленген. Алынған мәліметтер бойынша тегіс жусан эфир майының қабынуға қарсы әсері цитокиндер, лейкотриендер және тағы да басқа қабыну медиаторларын тежейтін 1,8-цинеол және оның басқа терпеноидтармен комбинациясының басым болуына байланысты болуы мүмкін [18] .

Анальгезиялық және спазмолитикалық белсенділіктері. Көптеген эфир майлары аналгезиялық әсер, ал белгілі бір дозада ағзаға наркоздық әсер де көрсетеді. Сынақ мәліметтері бойынша құрамында азуленді қосылыстар бар эфир майлары анальгезиялық қасиетке ие. Хамазуленнің ауруды басатын белсендігі бутадионға тең екендігі дәлелденген. Мысалы, якуттық жусанның эфир майы және хамазулен ауру реакциясын 44 және 72 пайызға тежейді. Олар ацетилхолин, барий хлорының, гистаминнің антагонистері болып ерікті қозғалыс белсенділігін тиімді тежейді. Artemisia alba эфир майындағы артемизин кетоны бар үлгісі үшін ең жоғары болатын неролидол, фарнезол, гераниол, цитранеллолдардың төмен дозада айқын спазмолитикалық әсер көрсетеді. Artemisia thuscula құрамындағы 46 пайызға дейін болатын даванонға байланысты белсендірек әсер көрсетеді. Құрамында 36 пайызға дейін камфора болатын эфир майының белсенділігі төмен болып келеді. Құрамында камфора бар хемотиптің спазмолитикалық әсері β-туонға байланысты болуы мүмкін [19].

Жусанның эфир майының антиоксиданттық белсенділігі. Табиғи және синтетикалық антиоксиданттар құрамында бос радикалды үдерісті ингибирлеуші эффект көрсететін фенолды фрагмент болатындығы белгілі. Бірақ M.Buritis et al. сәйкес жусандардың эфир майлары айқын антиоксидантты қасиет көрсетеді. Мысалы, Artemisia afra және Artemisia abyssinica эфир майларын потенциалды радикалды белсенділікке зерттегенде олар оң нәтиже көрсетті. Artemisia afra эфир майының негізгі комоненттеріі камфора (26,8%), даванон (16,6%), борнилацетат (3.8%), терпинен-4-ол (3,6%), хамазулен (3,2%), ал Artemisia abyssinicа эфир майында 4-гидроксициклогексаэтанол (21,3%), α-терпинолен (2,9%) анықталған.

Эфир майларының сондай-ақ айқын антиоксиданттық эффекті болуы және липидтердің сутекасқын тотығуын реттеуші жүйеге қатыса алуы мүмкін [20].

 

Әдебиеттер

  1. Саратиков А.С. Противовоспалительные свойства эфирных масел тысячелистника азиатского и некоторых видов полыней / А.С.Саратиков, Т.П.Прищеп, А.И.Венгеровский и др. // Химико-фармацевтический журнал.
  2. Bruits M. The antioxidant activity of the Essentials Oils of Artemisia afra, Artemisia abyssinica and Jupenirus procera / M.Burits, K.Asters, F.Bucar // Phytoterapy Res. – 2001.№ 15,-Р.103.
  3. Graven E.N. Antimicrobal and antioxidative properties of the volatile oil Artemisia afra Jacq. / E.H.Graven, S.G.Deans, K.P.Svoboda et al. // Flavour and Fragrance.-1992.-№3.-Р.12.
  4. Mangena T. Comporative evalution of the antimicrobial activities off essential oils of Artemisia afra, Pteronia incana and Rosmarinus officinalis on selected bacteria and yeast strains / T.Mangana, O.N.Muyima // Letters in Apllied Microbiology. -1996.-28. №4.-Р.291.
  5. Charchari S. In vitro antimicrobial activity of essential oils of Artemisia herba –alba and Artemisia judaica from Aljeria / S.Charchari, A. Dahoun, F. Bachi, A.Benslimani // Riviata Italiana Eppos. -1996.-№18. –Р.3.
  6. Swiader K. Chemical composition of essential oil Artemisia selengensis Turcz. Er Bess. and Artemisia stolonifera Komar.and antifungal properties / K.Swiader, J.Krzyzanowska // Herba polonica. -1997.-43.№ 4. –Р.434.
  7. Зарубина Л.А. Химический состав и антимикробная активность эфирного масла Artemisia glauca Pall. / Л.А.Зарубина, Г.И.Калинкина, А.Д.Дембицкий // Растительные ресурсы. -1993.-№3.- 70-74 с.
  8. Yashphe J. The antibacterial and antispasmodic activity of Artemisia herba alba Assa / J. Yashphe, I.Feuerstein, S.Barel, R.Segal // Int. J. Crude Drug Res.-1987. № 2.- Р.89.
  9. Бодруг М.В. Антимикробные свойства эфирных масел Artemisia L. / М.В.Бодруг, Н.П.Марку, С.А.Бурцева, К.А.Панюшкин // Тез.докл. 3 Укр.конф. по мед. Бот. – Киев, 1992. -3-8 с.
  10. Полунов Я.М. О применении растительных препаратов в отиатрии. Фитонциды (биологическое значение, свойства и применение) / Я.М.Полунов, Г.А.Мустафаева. Киев: Наукова думка.-1973.-215 с.
  11. Shanta M. Antimicrobial activity of the essential oils of some Indian Artemisia species / M.Shanta, A.K.S.Ravant, S.Usha // Fitoterapia. -1993.-64. P.65-67.
  12. Николаевский В.В. Биологическая активность эфирных масел / В.В.Николаевский, А.Е.Еременко, И.К.Иванов. –М.:Медицина, 1987. -с 144.
  13. Погорелко И.П. Эфирные масла (артемизол) при лечении уролитиаза / И.П.Погорелко, Н.С.Махмудов // Мед.журн. Узбекистана. -1963. -№6. с 5
  14. Kishore N. Antimicotyc activity of the essential oil of Artemisia nilagirica / N. Kishore, N.K.Dubey, J.P.N.Chansouria // Flavour Frager. J.-2001. -16.-P.61-63.
  15. Атажанова Г.А. Терпеноиды эфирных масел и экстрактов полыни. Автореф.дисс канд.хим.наук. – Караганда, 1999.- 22с.
  16. Arino A. Essential oil of Artemisia absinthium L. from the Spanish Pyrenees / A.Arino, J.Arberas, C.Renobales et al. // J.of Essent .Oils Res. -1999.-11. –P. 182.
  17. Nin St. Quantitative Determination of Some Essential Oils Componends of Selected Artemisia absinthium Plants / St. Nin, P. Arfaioli, M.Bosseto // J.of Essent. Oils Res. – 1995. - №7.-Р.271.
  18. Макарчук Я.М. Применения фитонцидов для санации воздуха закрытых помещений / Я.М.Макарчук, Я.С.Лещинская, В.В.Кривенко и др. // Тезисы докладов « Фитонциды. Бактериальные болезны растений». – Киев: Наукова думка, 1985. -143-144 с.
  19. Нежувака А.К. Антигрибковые свойства эфирных масел / А.К. Нежувака, С.Е.Дмитрук, С.И.Дмитрук, Е.Н.Сальникова // Военно-мед.журн. -1987. -№8.- 6.64.
  20. Gundidza M, Antifungal activity of essential oil essential oil from Artemisia afrs Jacq. / M.Gundidza // Central African Journal of Medicine. 1993.-39. №7. – Р.140.
  • Жыл: 2018
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.