Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шырғанақ экстрактысының фармация және стоматологияда қолданылуы

Қазіргі таңда химиялық және синтетикалық дәрілік заттардың саны күн санап өсіп жатқанына қарамастан, дәстүрлі қолданылатын фитопрепараттардың маңыздылығы күшін жойған жоқ. Табиғи емдік қасиеттерге ие дәрілік фитопрепараттар жасау маңызды роль атқаруда. Себебі өсімдік шикізаты негізінде жасалынған дәрілік препараттардың кері әсері төмен, эффективтілігі жоғары және экономикалық тұрғыдан қолайлы болып келеді. Қәзірігі таңның өзінде елімізде осы мақсатта көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асуда. Осы бағдарламаларды атап айтсақ, 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асуда. Осы мақсатта - дәстүрлі халық медицинасында қолданылып келе жатқан, қолдану аясы кең, емдік қасиеттерге бай Шырғанақ (Hippóphaë rhamnoídes) өсімдігін толық зерттеп дәрілік қалып жасау алға қойған мақсаттарымыздың бірі болып табылды.

Шырғанақ (Hippóphaë rhamnoídes ) өсімдік экстрактысын фармацияда және стоматологияда қолданылуынзерттеу.

Қолдағы әдебиеттерге сүйене отырып шырғанақ (Hippóphaë rhamnoídes) жалпы сипаттама берсек. Дәрілік өсімдік - сары түсті, тізбектеліп өсетін бұта тәрізді өсімдік. Шырғанақтың жемісінде 40%-ға дейін май қышқылдары, С, А, Д және В тобының дәрумендері, алма, шарап, никотин органикалық қышқылдарға, иілік заттар, фитостеролдар, β-ситостерол, 24-метиленциклоартанол, сквален және т.б. ББЗ кездеседі [4]. Сонымен қатар өсімдік микро және макро элементтерге бай, атап айтсақ жемісіндегі кальций мөлшері - 0,8853-1,0057%, калий, натрий, темір, фосфордың біраз мөлшері кездеседі. Дәрілік өсімдіктің жемісінде қанықпаған майқышқылдары көптеп кездеседі, линолеин (34,2%), пальмитолеин (21,37%), пальмитин (17,2%), олеин (12,8%), линоленин (5,37%), стеарин (1.67 %) қышқылдары анықталған.

Шырғанақтың тұқымының құрамында танин, Е дәрумені, тритерпеноидты сапониндер, флавоноидты гликозидтер, гипофиндер, ациклді флавоноидтер кездеседі.

Шырғанақ жапырағы құрамында келесідей биологиялық белсенді заттар зерттелініп анықталған: Sc, Ti, V, Cr тұздары, кверцетин-3-галактозиді, 1-ферулойил-β-D-глюкопиранозид, изорамнетин-3-O-глюкозид, кверцетин 3-O-β-D-глюкопиранозид, кверцетин 3-O-β-D-глюкопираносил-7-O-α-L-рамнопиранозид, изорамнетин-3-O-рутинозид, кемпферол, изорамнетин. Сонымен қатар қытайлық ғалымдардың зерттеулерінде катехины және токоферолы, гипофазеозид флавонды гликозидтері анықталған .

Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, Шырғанақ (Hippóphaë rhamnoídes) өсімдігін дәстүрлі халық медицинасында және фитопрепараттарды жасауда маңызды роль атқаратынын байқауға болады. Шырғанақ майлары заманауи және халық медицинасында тері жараларды емдеуде, асқазан жарасы, қабынуға қарсы, ауруды басатын, он екі елі ішектің ұлғаюы, ауыз қуысының шырышты қабықшасында, мұрын, гинекологиялық ауруларында қолданылып келеді. Шырғанақ майының негізінде нәрлендіретін кремдер жасайды, дәрілік өндірісте «Олазоль» препаратын шығарады. Шырғанақ қабығының спиртті сығындысын ісікке қарсы зат ретінде қолданады.

Антиоксидантты және антибактериалды қасиеттерге ие. Шырғанақ жапырақ сығындысында 3,4- метилендиоксиамфетамин кездеседі, ол плазмада хроммен индуцирленген деңгейіне тежеуіш әсер көрсеткен. Сонымен қатар, жасуша ішілік антиоксиданттарды қалпына келтіреді, мысалы глутатион (GSH) және глутатионпероксидаз (GPx), сондай-ақ еркін радикалдырдың тузілуіне тежейді, митохондриялық және ядролық тұтастығын сақтауда, макрофагтардың, фагоцитоздардың қайта қалпына келуін қамтамассыз етеді.

Шырғанақ майының жараға қарсы қасиеті шырышты қабат бетінің гидрофобтылығымен байланысты, асқазан шырышты қабатында липидтердің тотығуын болдырмайды, шырыштың қайта қалпына келуін тездетеді, асқазан сұйықтығында протеолитикалық белсенділікті тежейді, шырышты жараларды жазуға және шырышты қабаттардың зақымдануына кедергі жасайды.

Шырғанақ майында омега-7 май қышылы кездеседі, ол антиоксиданты болып табылады, сол себепті шырышты қабыққа жағымды әсер көрсетіп, қабынуды басып, жаралардың жазылуын жақсартады және бактерияға қарсы әсерге ие. Қолдағы әдібиеттер мен ғылыми мақалалардағы мәлеметтер бойынша шырғанақ жемісінің химиялық құрамына өте бай және емдік қасиеті жоғары. Үнді ғалымдарының зерттеулерінде шырғанақ өсімдігінің майын балалардың стоматит аурулары кезінде қолданылған (4 айлық 12 жас аралағандағы балаларда), нәтижесінде 2 күннен кейін аурудың басылғанын, айтарлықтай жақсарғанын өз мәліметтерінде келтірген. Сонымен қатар, лейкемиямен ауыратын науқастарда кездесетін ойық стоматит кезінде шырғанақ өсімдік майымен емдеген, жараның басқа майлармен салыстырғанда тез жазылуын байқаған. Осындай емдік қасиетке ие болуы дәрілік өсімдік майының құрамында каротеноидтар мен Е дәруменінің көп мөлшерде болумен түсіндіруге болады.

Сонымен қатар шырғанақ капсулалары жасалынып шығаруда. Бұл капсулаларды ересек адамдардың (көбіне әйелдер мен қарттарда кездеседі) ауыз қуысындағы шырышты қабықтарының құрғап қалында (сөйлеуде, шайнау және жұтуда қиындықтар тудырады) қолданады. Шырғанақ капсулаларын (целлюлоза майы мен тұқымдық майдың қоспасы) (тәулігіне 5 г) қолданған кезде ауыз қуысының шырышты қабығын жақсартады.

Ресей ғалымдарының зерттеулерінде дәрілік өсімдік шикізаттарының негізінде стоматологиялық нано-пленкалар жасалынған. Нәтижесінде шырғанақ өсімдігі негізіндегі дәрілік пленкасының әсер етуі жоғары және барлық жағдайда қолдануға болатынын өз еңбектерінде келтірген .

Шырғанақ майының негізінде гипорамин және фарингоспрей дәрілік препараттары шығарылады. Препараттың вирусқа қарсы әсерінің механизмі жасушаішілік жүреді, вирустардың өршіп кетпей, оларды біртіндеп жоятын қасиеті бар. Сонымен қатар, Вирусология институтының мәліметі бойынша, гипорамин жасушалық иммунитетті жоғарлатуға және сарысу интерферонының құрамын жақсартады .

Қазақстан аумағында Шырғанақ (Hippóphaë rhamnoídes) өсімдігінің шырша тәрізді түрі Жетісу Алатау, Күнгей Алатауы, Теріс Алатау өзендері жағасында, Ұзынқары, Қырғыз Алатау, Қаратау, Тарбағатай жоталары аумағында кең таралған [1-2].

Қорытынды: Шырғанақ (Hippóphaë rhamnoídes) өсімдігінің ауру басатын, қабынуға қарсы, антисептикалық, антибактериалдық, жара жазушы қасиетке ие, фитофармакологиялық әсері жоғары екенін байқауға болады. Дәстүрлі халық медицинасында өсімдікті ерте заманнан бері қолданылып келе жатыр. Қолдағы деректер бойынша шырғанақ өсімдігінің майын Үнді және Ресей ғалымдары стоматологиялық препараттар жасауда қолданылған, нәтижесі өте жоғары, сонымен қатар отандық стоматологияда қолданылатын дәрілік препараттар санаулы. Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге сүйене отырып, Шырғанақ өсімдігі негізінде отандық стоматологияда қолданылатын дәрілік препаратты жасаудың перспективасы жоғары екенін айтуға болады, себебі өсімдіктің таралу аймағы кең және стоматологияда қолданылмаған. Болашақта шырғанақ өсімдігі негізінде стоматитке қарсы фитопрепараттың фармацевтикалық негіздемесін жасау жоспарлануда.

Әдебиеттер

  1. 1. Teleszko, M., Wojdyło, A., Rudzińska, M., Oszmiański, J., Golis, T. Analysis of Lipophilic and Hydrophilic Bioactive Compounds Content in Sea Buckthorn (Hippophaë rhamnoides L.) Berries // M. Teleszko, A. Wojdyło, M. Rudzińska, J. Oszmiański, T. Golis // J. Agric.FoodChem. - 2015. – С. 63.
  2. 2. Saeidi, K. Evaluation of chemical constitute, fatty acids and antioxidant activity of the fruit and seed of sea buckthorn (Hippophae rhamnoides L.) grown wild in Iran // K. Saeidi, A .Alirezalu, Z. Akbari. - Nat. Prod. Res.- 2016. – С. 366-368.
  • Жыл: 2018
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина