Өзектілігі: Әйел ағзасының босануға әзірлігін анықтаудың маңызы зор. Бұның дайындық дәрежесіне босану ағымы байланысты. Босануды әзірлеуде жетілмеген жатыр мойны жатырдың жиырылуына тиісті жауап бермейді. Жатыр мойны әзір болмаған жағдайда индукция нәтижесіз болуы ықтимал. Босануға әзірлеу барысында кеңінен қолданылатын-простагландиндер [1]. Олар окситоцинмен салыстырғанда көбірек табиғи жолмен босануға әкелуде және оперативті босандыру санын төмендетеді.
Мақсаты: Көптеген әдістердің арасынан мизопростолды ауыз арқылы берілгендегі жүктіліктің босану ағымын зерттеу.
Материалдар және зеттеу әдістер: Ақтөбе медицина орталығынында 2018 жылғы барлық босану саны 4394 болды. Алты ай ішінде мизопростол қолданылған 200 босану тарихына ретроспективті анализ жасадық. Соның ішінде 60 босану тарихы босануға дейін қағанақ қабының жарылуы және мизопростол ауыз арқылы берілген. 50 босану тарихында босану дейін қағанақ қабының жарылуы және мизопростол қынап арқылы енгізілген [2].
Зерттеу нәтижесі және талқылау:Негізгі және салыстырмалы екі топтың босану нәтижесі анықталды. Жүктілердің жасы 18-39 жас аралығында.Мизопростолды енгізуге көрсеткіш болған жағдайлар : 68% босануға дейін қағанақ қабының жарылуы; 19% күні асқан жүктілікпен ;4% преэклампсия және 9% мерзімінен бұрын қағанақ қабының жарылуы[3].
Cалыстырмалы топқа толғақ шақыру үшін мизопростолды 25 мкг қынап арқылы 3 рет әрбір 3 сағат сайын енгізеді. Негізгі топқа мизопростолды 200 мкг ауыз арқылы арасына 3 сағат салып 3 рет береді. Негізгі және салыстырмалы екі топтада науқастардың басым бөлігі алғашқы босанушылар болды. Салыстырмалы топта алғашқы босанушылар жалпы босанушылардың 78,1 % құраса, негізгі топта— 80,48 % бөлігін құрады.
Жалпы зерттелген науқастардың 2/3 бөлігінде гинекологиялық сырқаттары бар екені анықталды. Салыстырмалы топты мизопростолды ауыз арқылы қолданған топпен салыстырғанда жатыр мойнының жетілмеуі көп орын алған[4]. Толғақ басталған сәтте жатыр мойнының жетіспеушілігі 41,5 % жағдайда кездесті, мизопростолды ауыз арқылы беру жақсы нәтиже көрсетті. 52 % - жүктілерде 1 доза мизопростолмен, 27 %- 2 доза мизопростолмен, 21 %- 3 доза мизопрос- толдан кейін жатыр мойны жетілді. 54% жүктілерде мизопростолдан кейін өздігінен толғақ басталды. Босану ұзақтығы орташа есеппен 3-4 сағат. 94 % өздігінен босанды; 6 % оперативті жолмен босану болды. Босану барысында асқынулар саны : 16% ұрық жағдайының нашарлауы;0% обструктивті босану;0% жатырдың гиперстимуляциясы. Туған нәрестелер жағдайы Апгар шкаласы бойынша : 18 % нашарлауы.
Қорытынды: Зерттеу нәтижесі бойынша мизопростолды ауыз арқылы беру жатыр мойнын жетілдірудің тиімді әдісі екендігі шешілді,барлық жағдайда салыстырмалы топты зерттегенде босану барысындағы асқынулар мен оперативті босану жоғарлығы байқалмайды. Әдістің ұрық жағдайына теріс әсері болмады .Мизопростолдан кейін өздігінен толғақ басталып, көп жағдайда окситоцин қажет етпейді, сонымен қоса босану ұзақтығы қысқарды. Жатыр мойнын жетілдіруде мизопростолды ауыз арқылы беру босану үйлерінде қауіпсіз және тиімді әдіс ретінде қолданған дұрыс.
Әдебиеттер
- Абрамченко В. В. Простагландины в акушерстве и гинекологии. Петрозаводск: Интел Тек, 2013. 208 с.
- Баскетт Т.Ф.,Калдер Э.А. Оперативное акушерство Манро Керра. -М.: Логосфера, 2015.
- CalderAA, LoughneyAD, WeirCJ, BarberJW. Induction of labour in nulliparous and multiparous women: a UK, multicentre, open-label studyof intravaginal misoprostol in comparison with dinoprostone. BJOG. 2008.