Менингококты инфекция – бас миы қабығының қабынуымен қатар жүретін және түрлі бактериялармен, вирустармен шақырылатын, әртүрлі клиникалық көріністерімен (назофарингит секілді жеңіл түрінен бастап, ауыр түрі менингит және сепсис) түрінде өтетін жедел инфекциялық ауру. Менингококты инфекция кеңінен, тез таралуымен және өлім-жітімге әкелу мүмкіншілігімен, ауыр асқынуларымен қауіпті.
Менингококты инфекциямен сырқаттанушылық маусымдылықпен сипатталады, сырқаттанушылық көбінесе қыста және көктем айларында байқалады. Бұл адамның иммунды жүйесінің жылдың осы мезгілінде белсенділігін күшейтетін көптеген вирустардың, ЖРВИ, грипп және т.б. санымен әлсірегенінен болады. Қазіргі уақытқа дейін менингококкты инфекция тек Қазақстан үшін емес, бүкіл әлем үшін де маңызды мәселе болып табылады.
2004 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасында 14 жыл бойы менингококк инфекциясы үшін эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес, өйткені кейбір жылдарда спорадикалық түрде инфекцияның пайда болуы байқалады. Қазақстан аумағында менингококк инфекциясының таралуын талдай отырып, бұл жағдайдың еліміздің барлық өңірлерінде тіркелгендігі туралы қорытынды жасауға болады. Аурудың ең жоғарғы көрсеткіштері 2007 жылы 100 000 адамға шаққанда 2,2 (341 оқиға), 2015 жылы - 100 мың адамға шаққанда 2,45 (424 оқиға) тіркелді.
Қазақстан Республикасындағы менингококк инфекциясымен сырқаттанушылықтың ең төменгі көрсеткіші 14 жыл ішінде 2012 жылы тіркелді және 100 000 адамға шаққанда 0,44 (74 оқиға) болды. 2004-2017 жылдар аралығындағы менингококк инфекциясына қолайлы эпидемиологиялық жағдай Қостанай қаласында байқалады, өйткені осы кезеңде сырқаттанушылық нөлге жақын немесе 100 000 адамға шаққанда (0,5 оқиғадан) аспады. Қолайсыз эпидемиологиялық жағдай Алматы қаласында 2015 жылы( 31 оқиға), 2016 жылы (104 оқиға)қалыптасты, онда сырқаттанушылық жоғары деңгейді көрсетті. 2008 жылдан бастап 2012 жылға дейінгі аралықта менингококкты инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеу үрдісі байқалады. 2013 жылдан бастап 2015 жылға дейін сырқаттанушылықтың көтерілуі байқалады, оның үстіне 2015 жылы жоғарылау күрт айқын болды. Бұл құбылысты В. Д. Беляковпен әзірленген паразитарлық жүйелердің өзін-өзі реттеу теориясы тұрғысынан түсіндіруге болады. Бұл теорияға сәйке паразит популяциясы – менингокок, және популяция иесі – адам, генотиптік және фенотиптік өзгерістерге ұшырайды. Нәтижесінде паразит популяциясының вируленттілік дәрежесі төмендейді не жоғарылайды, ал популяция иесінің қабылдағыштық қабілеттілігі сәйкесінше жоғарылайды немесе төмендейді.
Менингококктық инфекцияның ұзақ мерзімді динамикасын талдағаннан кейін паразиттердің 2007 және 2016 жылдардағы ең биік шыңдары арасындағы паразиттердің өзін-өзі реттейтін фазаларын анықтай аламыз. Осылайша, 2008 жылдан 2011 жылға дейінгі кезеңде, 2007 жылы аурудың эпидемиялық өсуінен кейін менингококктың резервациялық қайта құру кезеңі байқалды. Бұл фаза менингококк инфекциясының вируленттілігінің төмендеуімен және адам организмінің қабылдаушылығының төмендеуімен сипатталады. 2015 жылы паразиттердің көп саны мен вируленттілігі сипатталатын эпидемиялық таралудың кезеңін байқауға болады.
Қазақстан Республикасы тұрғындарының арасында халықтың 2015 жылы 100 000 тұрғынына шаққанда 2,45 (424 жағдай) көрсеткішінің ұлғаюы байқалады. 2016 жылы сырқаттанушылық 120 оқиғаға дейін төмендеді, яғни 3,6 есе төмендеді. 2017 жылы ҚР-да менингококк инфекциясының 15 оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,8 есе төмендегенін көрсетті. Осылайша, ҚР- дағы менингококк инфекциясының ұзақ мерзімді динамикасының деректерін талдау, 2004-2017 жж. кезеңінде 2007 және 2016 жылдардағы сырқаттанушылық көрсеткішінің арасында орташа уақытқа сәйкес келетін 8 жыл болатын уақыт аралығы бар екенін айтуға болады.
Қазақстанда менингококк инфекциясының аурулары 2015 жылмен салыстырғанда 4,7 есе азайды (100 мың адамға шаққандағы 83 жағдай - 2015 жылы, 100 мың адамға шаққанда 18 оқиға - 2016 жылы және 15 оқиға 2017 жылы). Динамика бойынша, 7% төмендеу жылдамдығымен науқастану деңгейін төмендету үрдісі байқалады, бұл эпидемияға қарсы шаралардың тиімділігін көрсетеді. Сырқаттанушылықтың көпжылдық динамикасын талдағаннан кейін 2018 жылға болжам жасауға болады, егер бірдей үрдіс жалғаса берсе, онда менингококк инфекциясының эпидемиялық көрінісі 100 000 адамға 0,29-дан 1,21 жағдайға дейін кез-келген мәнді қабылдай алады.
Осы жағдайды қорытындылай келе менингококк инфекциясы көбінесе балалар арасында кездесетіндіктен және зақымдалу жолы лас қол, дұрыс жуылмаған көкөністер арқылы, ластанған су қоймаларында шомылғанда жұғатын болғандықтан алдын алу мақсатында жеке бас гигиенасын сақтау, яғни тамақ ішер алдында және дәретханадан кейін қолды мұқият жуу, көкөністер мен жеміс – жидектерді қолданар алдында ыстық сумен жуу, су қоймаларында тек қана рұқсат етілген жерлерде шомылу міндетті түрде жүргізілу керек және ауруды дер кезінде анықтап емдеген дұрыс.