Медицина университеті студенттерінің ЖРВИмен тұмауды алдын алу және өзіндік жұғу қаупі туралы ақпараттандырылуын бағалау.
Медицина университетінің 218 студентіне сауалнама жүргізілді. Сауалнама ЖРВИ және тұмауды алдын алу туралы сұрақтардан тұрды.
218 студент сауалнамадан өтті, олардан әйел жынысты-160 адам(63%), ерлерден 58 студент (27%). 1725 жас аралығындағы студенттер (96%) басым болды, 4% респонденттер 26 жастан асқандар. Сауалнама қорытындысында студенттердің басым бөлігі тұмауды қауіпті инфекция (70%), ал 26 % қауіпсіз инфекция деп санайды және 4% бұл сұраққа жауап беруге қиналды. Барлық жауап бергендер (100%) тұмау симптомдарын білемін деп санайды. Респонденттердің басым бөлігі (70%) тұмаудан екпе жасамайды, кейде (23%) және студенттердің (10%) жасайды. Білім алушылардың 67% екпеден кейін тұмаумен ауырмағанын, 34% сырқаттанғандығын айтты. Тұмауға қарсы екпенің тиімділігі жөніндегі сұраққа 57% студент екпенің дертке қарсы тұра алатындығы, 34% жауап беруге қиналды, 7% екпенің ешқандай әсері болмайтынын және 2% екпенің жағымсыз әсері бар деп санайды. Респонденттер тұмауды алдын алу үшін қолданылатын шараларын атап өтті: вирусқа қарсы дәрілерді қолданады (2%), 18 % ешнәрсе қолданбайды, 16% дәрумен қабылдайды, 11% шынығады, 3% тұмауға қарсы екпе жасайды, 1% қоғамдық орындардан бастартады және 31% барлық шараларды кешенді қолданады. Тұмаумен ауырған жағдайда студенттердің 42% бірден дәрігерге жүгінеді, 21% халық медицинасының кеңесін қолданады, 20% емделмей жатуды жөн көреді, 15% жарнамадан, интернет желісінен, газеттен көрген дәрілік препараттармен емделеді. Сұралғандардың 91% тұмаудың диагностикасы және алдын алу туралы ақпараттандырылған деп санайды, 8% шамалы және 1%- теріс жауап берді.
Сонымен медицина университеттің студенттері тұмауды қауіпті инфекция деп санайды (70%), тұмау клиникасын біледі (100%), сұралғандардың 57% екпе дертке қарсы тұра алады деп санайды, 91% тұмаудың диагностикасы және алдын алуы туралы өзін ақпараттандырылған деп санайды. Соған қарамастан сұралғандардың көпшілігі (70%) тұмауға қарсы екпе жасамайды, тек 42% дәрігерге жүгінеді.