Соңғы жылдары экономикалық дамуы төменгі деңгейдегі мемлекеттерде, балалар арасында пневмониядан өлім көрсеткіші 34-4()%о көлемінде[1]. Осыған байланысты ДДҰ және ЮНИСЕФ 2009 жылы пневмонияны 5 жасқа дейінгі балалардың негізгі өлім себебі деп көрсетіп, «Пневмонияның алдын алу бойынша және онымен күресудің жаһандық жоспарын (GAPP)» жариялады. Бұл бағдарламада балалар өлімін төмендетудің тиімді әдісі - пневмонияның жиі қоздырғыштарын игеру, бағындыру негізгі мақсат деп атап көрсетілді [2,3].
Мақсаты мен міндеттері. Балалардағы ауруханадан тыс пневмонияның клиникалық өту барысымен түрлерінің этиобактериологиялық көріністеріне байланысты ерекшеліктерін анықтау.
Материалдар және зерттеу әдістері. Шымкент каласындағы Облыстық клиникалық балалар ауруханасының материалдары бойынша аурудың клиникалық көріністері мен жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, ауруханадан тыс пневмония диагнозымен емделген балалардың қақырықтың бактериологиялық сипатын талдау.
Нәтижелері және талдау.
Оңтүстік Қазақстан Облыстық клиникалық балалар ауруханасының пульмонологиялық бөлімінде 2015-2016 жылдар аралығында ауруханадан тыс пневмония диагнозымен емделген 1-ден 5 жас аралығындағы 72 баланы емдедік. Зерттеу нәтижелерін талқылау барысында ұл балалар 42(58,3), қыз балалар 30(41,7%) болды.
Клиникалық материалды (қақырық) бактериологиялық зерттеулердің нәтижелерінде балалардағы жедел ауруханадан тыс пневмонияның барлық қоздырғыштарының ішінде пневмококкты инфекция (67,9%) алдыңғы орынға шықты. Пневмококк басқа микроорганизмдермен қосарланып кездескенде, пневмококты инфекция аурудың негізгі клиникалық көрінісін анықтады. Кіші жастағы балалардың басым бөлігінде гемофильді таяқша 17,8% жағдайда инфекциялық процестің қоздырғышы болды. Алтын түсті стрептококк (14,3%) жеке және басқа микроорганизммен ассоцияциаланып диагностикалық мәні зор клиникалық материал ретінде емдеу барысында қолданылды. Ол төменгі тыныс жолдарындағы жұқпалы үрдістің шартты патогенді микроорганизмдермен бірге дамитыны белгілі құбылыс болды. Пневмонияның белгісіз этиологиясымен (22,2%) балалар жеке топты құрады. Осы топтағы науқастарға (16 бала) күрделі серологиялық, микроскопиялық арнайы зерттеулер керек екендігі айқындалды.
Ауруханадан тыс пневмония диагностикасымен әртүрлі жастағы балаларда инфекциялардың табылу жиілігін талдағанда жасы және ауруханадан тыс пневмонияның этиологиясы арасында тиянақты байланыс анықталмады.
Қорытынды. Зерттелген балаларда ауруханадан тыс пневмонияның негізгі қоздырғышы ретінде S.pneumonae табылып (67,9%), аурудың негізгі клиникалық көрінісін анықтайды. Басқа бактериологиялық микроорганизмдер гемофильді таяқша (17,8%), алтын түсті стафилококк (14,3%) кіші жастағы бүлдіршіндерді емдеуде диагностикалық мәні зор клинико-зертханалық материал ретінде емдеу барысында қолданылды.
Әдебиеттер тізімі.
- Клиникалық хаттама №23 12.12.2013 Балалардағы пневмония
- Таточенко В.К., Катосова Л.К., Федорова A.M. Этиологический спектр пневмоний у детей // Пульмонология, 2, 1997 С.29-35.
- АлимоваХ.П., Мухамедова Х.Т. ссоавт. Этиологическая структура и особенноститечения нозокомиальной пневмонии у детей.//Журнал теоритической и клинической медицины. 2010; 3: С.37-39.