Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бұршақ тұқымдастарының дәрілік түрлері

Түйін

Мақалада бұршақ тұқымдастарының дәрілік түрлері және олардың маңызы туралы баяндалған. Мыңдаған жылдар бойы адамзат әртүрлі ауруларымен күресуге дәрілік өсімдіктерді пайдаланды. Әрине ол әртүрлі елдерде әрқалай, әртүрлі дәрежеде пайдаланылды. Солардың ішінде бұршақ тұқымдастарының вегетативті мүшелерінің дәрілік мақсатта қолданылатындығы көрсетілген. Адамдар ауырмай, ұзақ өмір сүруді, қартайған жастағы шығармашылық белсенділігін ұзартуды қалайды. Ал ежелгі уақытта эмпирикалық түрде өсірілген өсімдіктердің дәрілік қасиеттері заманауи медицинада ғылыми негіздеме табады. Осы мақалада ғылыми және халықтық медицинада терапевтік және профилактикалық мақсаттарда қолданылатын жабайы өсімдіктер ұсынылған.

Түйінді сөздер: дәрілік өсімдік, фармакология, фармацевтикалық жол, фармацевтикалық өндіріс, эфир майлары тритерпеноидтар, стероидтар, тритерпенді сапониндер, азотты қосылыстар, кумариндер илік заттар, сапониндер, гликозидтер, кумарин қыщқылы, динумарол, мелилотин, мелилот қышқылы, гликозид, май тәрізді заттар, белок, эфир майы, аскорбин қышқылы, каротин, витамин, макро және микроэлементтер

ХХ ғасырда ғылым мен техниканың дамуы нәтижесінде фармакологияда синтетикалық химияның дамуы көптеген ауруларды емдеуге пайдалануға болатын жасанды препараттарды өмірге әкелді. Соның нәтижесінде көптеген елдерде сол синтетикалық препараттарды пайдаланудың нәтижесінде дәрілік өсімдіктерге деген көзқарас өзгере бастады, яғни қызығушылық төмендеді. Бірақ та соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерге деген көзқарасы өзгеріп, оларды кеңінен пайдалана бастады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өсімдіктерден алынған дәрілерге өте үлкен мән береді. Өйткені көптеген кедей мемлекеттер халықтарының дәріханалардан дәрілер сатып алуға шамалары жоқ. Сондықтан олар бұрынғыша емдеудің дәстүрлі әдістерін қолданады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бағасы бойынша дүние жүзі халқының 80%-ы осындай жағдайда. Кейбір Азия мемлекеттерінде, мысалы Қытай, Жапония, Индия бұрынғыша қазіргі заманғы медицина жетістіктерімен қатар халық емшелерінің емдерін кеңінен қабылдауда.

Соңғы жылдары дамыған елдерде ауырған адамдардың көбісі табиғи жолмен алынған дәрілерді артық көре бастады. Мысалы, Жапонияда фармацевтикалық жолмен алынған препараттарды сатып алу 2,6 есе өссе, табиғи жолмен алынған дәрілер 15 есе өсті. Қытайда 1993 жылы өсімдіктерден алынған дәрілер сатудың жалпы бағасы 2,5 млрд. доллар болған.

Америка Құрама Штаттарында дәрігерлердің жазған рецептерінің 25%-ы өсімдік препараттары. Халықтың арасында сұрау жүргізгенде сол мәлімет берген адамдардың Голландияда және Бельгияда 60%, Англияда 74% қосымша медицинаны халықтың пайдалануға мүмкіншілігі болу керек деген. Қазақстанда дәріханаларда сатылатын қымбат дәрілердің 70-90%-ы шет елдерден әкелінген. Өз елімізде фармацевтикалық өндірісті дамыту үшін әрине көп уақыт керек. Сондықтан мұндай жағдайда біздің еліміз үшін әрине дәрілік өсімдіктерден препараттарды алуды тезірек ұйымдастыру елдеқайда тиімдірек. Ол үшін медицинада дәрілік өсімдіктердің өздерін кеңірек пайдалану қажет. Соңғы жылдары осы мәселенің өзектілігін ескере отырып Қазақстан үкіметі Республикалық ғылыми техникалық бағдарламаларға көңіл бөліп қаржыландырып келеді.[1]

Өсімдіктердің ішінде маңызды орын алатын дәрілік өсімдіктердің кең таралғаны- бұршақтар тұқымдасы. Олардың ішінде бұршақ тұқымдасының кейбір түрлері улы, олардың құрамында алкалоидтар, сапониндер, гликозидтер бар (ақмия, бойдана, таспа, кекіре, т.б.).Бұршақ тұқымдасының 120 мыңдай түрі бар (490 туысы бар, олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты). [2] Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің шаруашылық мәні зор. Бағалы азық-түлік және жемшөптік дақыл ретінде өсіріледі. Қазақстанда егістік және көкөністік мәдени бұршақ тұқымдас өсімдіктерден асбұршақ, үрмебұршақ, соя, жамбас бұршақ өсіріледі. Кейбір бұршақ тұқымдас өсімдіктер әсемдік үшін өсіріледі. Кейбір бұршақ тұқымдас өсімдіктер әсемдік үшін өсіріледі. Оларға сары қараған, ақ қараған және жұпар бұршақтар жатады.

Қазақстанда өсетін мияның осы екі түрі де терең орналасқан қуатты тамыры бар көпжылдық өсімдік. Дәрілік мақсатта мияның тамырын пайдаланады. Күзге қарсы жинап алады. Құрамында глюкоза, пектиндер, флавоноидтар, глицирризиндер бар. Зерттеулер глизирризиннің организмдегі тұз және су алмасуын реттейтінін көрсетті. Бұл ғасырлар бойы Шығыс Азия халықтарының мияны дәрілік өсімдік ретінде бекер пайдаланбағанын көрсетеді. Бұл өсімдіктің қан тамырларын нығайтып, кеңейтіп, қабынуға қарсы әсер ететін, іш жүргізетін, қақырық түсіретін, несеп айдайтын қасиеттері бар. Қызылмиямен өкпе ауруларын, туберкулезді, асқазанда және ұлтабарда пайда болған жараларды емдейді. Ол есекжем, псориаз, волчанка сияқты тері ауруларына да шипа. Мия геморройға да қарсы қолданылады[3]. Солардың ішінде жалаң (қызыл) мия, орал мия түрлеріне нақты тоқталсақ:

Glycyrrhiza glabra -Жалаң (қызыл) мия, Солодка голая. Олардың тамырын және тамырсабағын медицинада қолданады. Тамырында эфир майлары тритерпеноидтар, стероидтар, тритерпенді сапониндер, азотты қосылыстар, кумариндер, илік заттар кездеседі. Жапырағында органикалық қышқылдар, дәрумендер, илік заттар, флавоноилтар, гүлінде флаваноидтар, жемісінде илік заттар болатындығы анықталған. Медицинада қақырық түсіретін, іш жүргізетін тыныс жолдары ауруын бәсеңдететін, суық тигенде қарсы дәрі ретінде қолданылады. Орта ғасырдан бері қызыл мия тамыры барлық медициналық кітаптарда және дәрілік заттар тізімінде көрсетілген.

Glycyrrhiza uralensis Fiseh. Орал мия - Солодка уральская. Жалаң (қызыл) мия сияқты тамырын және тамырсабағын пайдаланады. Құрамында макро және микроэлементтер болады. Орал миясының медицинада және ветеринарияда қолданылуы қызыл миямен бірдей. Дәрілік өсімдік қоспалармен қосып, өкпе және тыныс жолы қабынуында демікпені, өкпе туберкулезін, көкжөтелді, жара ауруларын, бүйрек және өт қабынғанда, қан аздықта, қант диабетін, бас ауруын т.б. ауруларды емдейді.

Melilotus officinalis (L.)- дәрілік түйежоңышқа- Донник лекарственный.Улы өсімдіктер қатарына жатады. Далалы аймақтарда, шалғынды жерлерде, өзендердің жағаларында, тың жерлерде, бұталардың арасында кездеседі. Дәрілік шикізат ретінде өсімдіктің гүлдеп тұрған бөлігін пайдаланады. Оны кептіріп, дақсы жабылған шыны немесе темір ыдыстарда сақтайды. Құрамында кумарин қышқылы, мелилотин, мелилот қышқылы, гликозид, май тәрізді заттар, белок, эфир майы, аскорбин қышқылы, каротин, витамин, макра және микроэлементтер кездеседі. Кумариннің орталық нерв жүйесіне әсер етіп естен тандыратындығы дәлелденді. Дірілге қарсы және ұйықтататын әсері бар. Лейкопениямен ауыратындарға сәулелі терапия жүргізгенде, кумарин лейкациттердің көбеюін жылдамдатады. Сонымен қатар түйежоңышқа бас ауруында, менструальді циклдің бұзылуында, несеп айдағыш дәрі ретінде, көз қабынуында, аналық жыныс бездерінің қабынуында, жоғары тыныс жолының қабынуында қолданылады. Профессор Н.Г. Ковалева түйе жоңышқа қан тамырларын кеңейтетін, қан қысымын төмендететін, ауырған жерлерді тыныштандыратын дәрі ретінде және гипертония, атеросклероз ауруларына қарсы қолданып, өте жақсы нәтижеге жетті.

Alhagi Adans. - Жантақ - Верблюжья колючка. Жантақ шөлді және құмды жерлерде, далалы аймақтарда өседі. Құрамфнда С витамині, каротин, илік заттар, эфир майлары, гликозидтер бар. Оның іш жүргізетін, несеп айдайтын, тер шығаратын, өт жүргізетін және қабынуға қарсы әсер ететін қасиеттері бар. Өсімдіктің жапырақтары мен бұтақтарынан жасалған тұнбаны жөтел басатын дәрі ретінде және бүйрекке, қуыққа тас байланғанда пайдаланылады. Тамырынан жасалған дәрілер геморрой түйіндерін, дене сыртындағы жарақаттарды емдеу үшін қолданылады.

Halimodenron Firch. - Шеңгел-Стальник пашенный. Өзен жағаларында, далалы

аймақтарда, шабындықтарда, бұталардың арасында өседі. Дәрілік мақсат үшін шеңгелдінің тамырын күзде қазып алады. Құрамында ононин, ононид деген гликозидтер, оноцерал, огоколь, илік заттар, эфир майлары бар. Шеңгел тамырының тері шығаратын, іш жүргізетін, несеп айдайтын қасиеттері бар. Осыған байланысты халық медицинасында шеңгел тамырымен шеменді, сарыпты (подаграны), ревматизмді емдейді. Сонымен қатар бүйрекке және қуыққа тас байланғанда да оның тамырын дәрі ретінде пайдаланады. Іш жүргізетін қасиетін геморройды емдегенде пайдаланады. Мұндайда аурудың іші дұрыс жүріп, жағдайы жақсарады, дәріні ішкен соң 1 аптадан кейін геморрой түйіндерінен қан кетуі тоқталады. Қазақстанда Алматы облысының Қапшағай қаласының Заречный, Шенгелді ауылдық округі шенгелдің өсуіне байланысты қойылған.

Әдебиет

  1. Н.М. Мухитдинов, А.Т. Мамурова «Дәрілік өсімдіктер» Алматы, 2013
  2. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 2 том
  3. Г.В. Лавренова, В.К., Лавренов «Полная энциклопедия лекарственных растений» Аст - Сталкер 2008
  4. С.А. Арыстанғалиев, Е.Р. Рамазанов «Қазақстан өсімдіктері» Алматы 1977

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.