Паллиативті көмекке мұқтаж науқастарға психологиялық қолдау көрсету сапасын жетілдіру

Өзектілігі

Қазіргі уақытта паллиативті көмекке қанша адам мұқтаждығын айқындайтын нақты статистикалық мәліметтер жоқ , алайда инкурабельді науқастардың көбейіп жатқаны белгілі [1]. Тәжірибелі іс әрекетте, науқастардың жағдайын бейнелейтін физикалық, лабораториялық және құрал-жабдықтардың мәліметтері назарға алынады [2]. Психологиялық жағдайды зерттеу емдеу үдерісініңмағызды аспектісі болып табылады [3].Инкурабельді науқастардың психологиялық жағдайын бағалау арқылы өмір сапасын жақсартуға болады. Өлімі жақындаған науқастарға көмектесуде психологтың қолдауы маңызды рөл аткарады. Теріс психологиялық өзгерістер науқасқа аурудың әсерінен емес, науқастың ауруға деген әсеріне байланысты туындайды. Созылмалы стресс ауру өршуінің алдын алатын иммундық жүйенің қызметіне қысым көрсетеді. АҚШ ғалымдары ішкі психологиялық әсердің жақсаруында обырдың сауығу санының артуына әкелетінің

дәлелдеді: қатерлі ісік 2-3 ші кезеңде емделу саны-45-70% 4-ші кезеңінде жазылу саны 25% екенін дәлелдеді [4].

Кілт сөздер: паллиативті көмек, психологиялық жағдай, қатерлі ісік, инкурабельді науқас,мейірбикелік күтім.

Бұрын паллиативті көмек қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың симптоматикалық емдеу деп саналатын, қазір бұл ұғым дамудың соңғы сатысындағы кез келген ем қонбайтын созылмалы ауруларға, әрине, соның ішіндегі көпшілігі онкологиялық науқастарға таралады. Паллиативті көмек қалыпты заңды үдеріс ретінде өмірді бекітеді және өлімді қалыптастырады,-науқастың мүмкіншілігінше белсенді ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етуге тырысады, емделушілердің ауыр науқастанған кезінде оның отбасына көмек ұсынады және ауыр қайғыдан кейінгі уайымдау кезеңінде психологиялық қолдау көрсетеді, емделуші мен оның отбасының барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында кәсіпаралық тәсілді пайдаланады, емделушілердің өмір сүру сапасын жақсартады,сонымен қатар ауру ағымына оң әсер етеді,жеткілікті түрдегі уақтылы жүргізілген шаралардың басқа емдеу әдістерімен жиынтығы науқастардың өмірін ұзартуыға көмектеседі.

Зерттеудіңмақсаты.Паллиативті көмекке мұқтаж науқастарға психологиялық қолдау көрсету арқылы өмір сапасын арттыру.

Материалдар мен әдістер. Паллиативті көмекке мұқтаж науқастардың психологиялық жағдайын бағалау үшін Шымкент қаласындағы Т.О.Орынбаев атындағы Облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның базасындағы «Паллиативті көмек және мейірбикелік күтім» бөлімшесінде жүргізілді. Зерттеу жұмыстаы 03.11.2015-15.02.2017 жылдар аралығында жүргізілді, 250 ауру тарихы каралды. «Обыр» диагнозымен және неврологиялық аурулармен операция жасалған және күтім көрсетіліп жатқан аурудың III-IV сатысындағы 17-73 жас аралығындағы 250 науқас алынды. Орташа жас мөлшері 47-0,5 жасты құрады. Науқастарда психологиялық ерекшеліктерді жан-жақты талдау мақсатында жас ерекшеліктері, жынысы, әлеуметтік жағдайы, отбасылық жағдайы назарға алынып, тіркеліп отырды.

Сауалнама бойынша науқастардың жеке қажеттіліктерін бағалау жүзеге асырылды: депрессия, көңіл күйі, қоршаған ортамен қарым-қатынасы, стресстің деңгейі, пессимизм, суициддік амалдарға берілу қауіпі бағаланды

Адамдардың жас ерекшеліктерін психологиялық талдау теориясын назарға ала отырып зерттелушілер 3 топқа бөлінді. 26 жасқа дейінгілер 35 (14%), 27-48 жас аралығындағылар 116 (46%), 48 жастан жоғары науқастар 99 (40%) ті құрады. Еркек және әйел жынысты сыналушыларды жастық ерекшеліктеріне байланысты 3 топқа бөліп талдаймыз.

Ерлердің жастық құрамы 26 жасқа дейінгі 18 (15%) науқас, 27-48 жас аралығындағы 60 (52%) науқас, 48 жастан жоғары 38 (33%) науқас болды.

Әйелдердің жастық құрамы 26 жасқа дейінгі 17 (13%) науқас, 27-48 жас аралығындағы 56 (42%) науқас, 48 жастан жоғары 61 (45%) науқас болды.

Нәтижелер мен талқылау. Статистикалық өңдеу компьютерлік Microsoft Excel бағдарламасының көмегі арқылы стантартты статистикалық әдістерді қолданумен жүргізілді. <^ТАТКТІКА»бағдарламалар жүйесі қолданылды.

Зерттеу уақытысында алынған мәліметтер науқастардың психологиясын бағалауға әсер ете алды. Сыналушылардан алынған мәліметтер тіркеліп, талқыланды. ПК мұқтаж науқастардың Бек сауалнамасы бойынша көрсеткіштері 1 сүретте көрсетілді.

Алынған нәтижелер ауыр депресииялық жағдайды көрсетіп, депрессия көрсеткіштері мен оның пайда болуы арасындағы қатынасты анықтады.

Сурет науқастарда когнитивті-аффективті шкала көрсеткішінің(71%) соматикалық симптомдар шкаласынан( 39%) жоғары екендігін көрсетті. Яғни, науқастар депрессияның пайда болу сатысында емес оның симптомдарымен күресу сатысында.

Зерттеуді тереңдете отырып, науқастардың жыныстық ерекшеліктеріне байланысты депрессия симптомдарына талдау жүргізілді. Науқастарды жыныстық ерекшеліктеріне байланысты 2 топқа, топтарды жас ерекшеліктеріне байланысты 3 топқа бөліп U Манна-Уитни критерийі бойынша айырмашылықтары анықталды. Жас ерекшеліктері байланысты еркектер және әйелдер 3 топқа бөлінді.

Сыналуға қатысушы 116 еркек жынысты өкілдерді 3 топқа жіктеліп бөлек сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі орай төмендегі диаграммада көрсетілді. Мәселені айқындау мақсатында кесте көрінісінде 21 бөлім бойынша талқылау жүргізілді.

Көрсеткіш

26 жасқа дейінгі

27-48 жас

49 дан жоғары

M

Min

Max

SD

M

Min

Max

SD

M

Min

Max

SD

1

Қайғы

28

2

3

2,5

30

1

3

2,8

21

2

3

2.4

2

Болашақты ойлау

39

3

3

4,1

35

2

3

3,7

18

1

2

1.6

3

Жолы болмағанын

сезу

45

3

3

4,8

25

3

3

2,6

19

0

2

1,8

4

Қанағаттанбау

41

3

3

5

21

3

3

1,9

15

0

2

1,5

5

Кінәлі сезіну

12

1

3

1,8

32

3

3

2,8

18

1

2

1,7

6

Жазалы сезіну

11

1

2

1,4

38

2

3

3,9

15

0

1

1,3

7

Жоққа шығару

28

1

3

3,1

40

1

3

4,2

18

0

2

1,9

8

Өзімшілдік

14

1

2

1,8

45

1

2

4,4

20

0

3

2,1

9

Қол жұмсау

57

3

3

6,1

12

1

1

0,9

9

0

1

0,8

10

Жылағыштық

54

2

3

5,8

24

1

2

1,3

24

0

2

2,1

11

Т ітіркенушілік

18

1

2

1,9

36

1

2

2,8

28

0

3

2,4

12

Әлеуметтік бөлектену

46

3

3

4,8

32

2

2

2,9

25

0

2

2,1

1-кесте -. Ерлердің жастық ерекшеліктеріне байланысты көрсеткіштері.

46

13

Шешім қабылдай

алмау

53

3

3

5,5

39

2

3

3,5

8

0

1

0,9

14

Психологиялық кемістік

60

3

3

6,2

21

3

3

1,9

7

0

1

0,8

15

Жұмыстағы қиыншылық

10

0

1

1,2

58

3

3

5,4

7

0

1

0,9

16

Ұйқысыздық

24

0

2

2,2

39

1

3

3,7

31

2

3

3,2

17

Шаршағыштық

11

0

1

0,8

34

1

2

3,2

39

3

3

3,8

18

Тәбетінің жоғалуы

45

0

3

4,8

42

1

3

4,1

40

3

3

4,1

19

Салмақ жоғалту

35

1

2

4,0

49

2

3

3,9

24

1

3

2,8

20

Денсаулығына алаңдау

38

1

3

3,9

39

2

3

4,0

27

1

3

3,1

21

Жыныстық құштарлықтың жоғалуы

21

1

3

2,4

21

1

2

1,9

18

1

3

2,1

 

Барлығы:

690

10

60

32,9

712

12

58

33,9

431

7

40

20,5

Зерттеуге қатысушы 134 әйел өкілдерді 3 топқа жіктеліп бөлек сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі орай төмендегі диаграммада көрсетілді. Мәселені айқындау мақсатында кесте көрінісінде 21 бөлім бойынша талқылау жүргізілді.

2-кесте. Әйелдердің жастық ерекшеліктеріне байланысты көрсеткіштері

Көрсеткіш

26 жасқа дейінгі

27-48 жас

49 дан жоға]

ры

M

Min

Max

SD

M

Min

Max

SD

M

Min

Max

SD

1

Қайғы

47

2

3

3,9

34

2

3

3,2

23

0

2

1,8

2

Болашақты ойлау

53

3

3

5,2

37

2

3

3,5

29

0

3

3,1

3

Жолы болмағанын сезу

52

3

3

5,1

43

3

3

4,2

18

0

2

1,9

4

Қанағаттанбау

50

1

3

4,9

32

1

3

3,5

12

0

2

0,9

5

Кінәлі сезіну

18

1

2

1,5

31

1

2

2,9

48

0

3

3,9

6

Жазалы сезіну

12

1

1

1,1

33

1

2

3,1

53

3

3

5,4

7

Жоққа шығару

14

1

1

1,2

19

1

2

1,8

27

0

3

2,4

8

Өзімшілдік

57

3

3

5,8

23

2

2

2,1

27

1

3

2,6

9

Қол жұмсау

60

3

3

5,9

13

1

2

1,4

8

1

1

0,9

10

Жылағыштық

34

1

2

3,2

23

2

2

2,6

18

1

1

1,2

11

Т ітіркенушілік

13

1

1

1,1

37

2

3

3,8

18

1

2

1,0

12

Әлеуметтік бөлектену

54

3

3

5,2

42

3

3

4,1

31

1

3

2,9

13

Шешім қабылдай алмау

12

1

1

1,3

12

1

1

1,2

13

1

1

1,2

14

Психологиялық кемістік

54

3

3

5,5

14

1

2

1,3

8

1

1

0,7

15

Жұмыстағы қиыншылық

51

2

3

5,2

51

3

3

4,8

12

1

2

1,3

16

Ұйқысыздық

10

1

1

0,9

31

2

2

3,3

54

2

3

5,5

17

Шаршағыштық

8

1

1

0,7

33

2

3

3,1

52

2

3

5,2

18

Тәбетінің жоғалуы

13

1

1

1,1

18

1

1

1,9

20

0

2

1,8

19

Салмақ жоғалту

8

1

1

0,7

12

1

1

1,2

7

0

2

0,8

20

Денсаулығына алаңдау

60

3

3

5,9

51

3

3

5,9

8

0

3

0,9

21

Жыныстық құштарлықтың жоғалуы

20

1

2

1,9

28

0

3

1,9

30

2

3

2,9

 

Барлығы:

700

8

60

33,3

617

12

51

29,3

516

7

51

24,6

Қорытынды. Бөлімшедегі 150 (60%) науқаста депрессия деңгейі, 35(14%) науқаста көніл-күйдің төмендеуі,25 (10%) науқаста қоршаған ортамен байланыс үзу жағдайы, науқаста пессимизм белгілері, 20 (8%) науқаста стресстік жағдайлар, 20 (8%) науқаста суицидтік жағдайлар анықталды. Аталған жағдайлар қатерлі ісік түзілімдерінің бастапқы сатысындағы науқастарда басталса емдеу үдерісіне кері әсерін көрсетеді және науқастың жағдайын нашарлатады.

Сауалнама нәтижесі инкурабельді науқастардың көп бөлігінде депрессия және көңіл күйдің төмендеу жағдайлары кездесетінін көрсетті.

 

Әдебиеттер

  1. Бондарь Г.В. Паллиативная медицинская помощ. Пособие для студентов,врачей.-Донецк,2006-113 п.
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 наурыздағы №366 «Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы.
  3. Beck A. T. et al. An Inventory for Measuring Depression //Archives of general psychiatry. - 1961. - Т. 4. - №. 6. - С. 561-571
  4. Игликова А., Мұсабаев Б.С. Паллиативті көмек: ем қонбайтын науқастардың өмірін жақсарту//Журн.Медицина-2015-№2(152).- с.2
Жыл: 2017
Қала: Шымкент
Категория: Медицина