Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шымкент қаласында постменопауза кезеңіндегі әйелдердің артериялық гипертензиясының екіншілік профилактикасы

Кіріспе: Эпидемиологиялық және клиникалық зерттеулердің нәтижесі бойынша, адамдарда атеросклероздық қантамыр ауруларының дамуы жынысына байланысты ажыратылады. Көптеген дамыған елдерде постменопаузалық кезеңдегі әйелдер санының өсуі - осы тақырыптың өзектілігі болып табылады [1]. Көптеген әйелдер менопаузаның басталуына қатты уайымдайды, өйткені осы кезеңде денсаулыққа байланысты елеулі проблемалар жиі кездеседі. Менопауза, ауру болмасада, ағзада эндокриндік балансты бұзады. Гормондардың тепе-теңдігі менопаузадағы әйелдердің жүрек-қан тамырлары ауруларының күрт өсуіне алып келеді, бұл асқынулар көбінесе өлімнің негізгі себебі болып табылады [2].

Менопауза - әйелдерде етеккірдің толығымен тоқтауы. Ол аналық бездің қызметінің өшуінде және әйелдердің жыныстық гормондары - эстроген мен прогестеронның өндірілуінің азаюында пайда болады. Бұлар етеккір айналымын реттейтін гормондар [3,4]. Эпидемиологиялық зерттеулерге сәйкес, әйелдерде 4-5 жыл ішінде 49-53 жастан кейін гипертензия жиілігі екі есеге көбейіп, менопаузалық кезеңде 50%-ға артады. Бұл, өз кезегінде, жүрек ишемиялық ауруы 3 есеге, церебральды инсульт 7 есеге жоғарылағанын көрсетеді. Әрбір келесі онжылдықта жүрек-тамыр ауруларынан болатын әйелдер өлімінің жиілігі 3-5 есеге артып отыр [5,6].

Менопаузалық кезеңдегі әйелдерде, соның ішінде постменопаузалық кезеңде көптеген әйелдерде қан қысымы жоғарылауымен қатар, депрессияны дамытатын әлеуметтік-психологиялық бейімделудің бұзылуы, темекі шегудің пайда болуы және алкогольді тұтынудың артуы сияқты факторлар көбейеді, бұл көптеген аурулардың асқыну қаупін айтарлықтай арттырады [7].

Мақсаты: Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасында постменопауза кезеңіндегі әйелдердің артериялық гипертензиясының екіншілік адын-алу жөніндегі білім беру бағдарламасының тиімділігін бағалау.

Зерттеу материалы мен әдістері: Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасында

постменопауза кезеңіндегі артериальді гипертензиясы бар 20 әйелді зерттеуге алдық. Артериялық гипертензиясы бар әйелдерге арналған «Денсаулық мектебін» ұйымдастырдық. Зерттеуде екі топ құрылды: 1) білім беру бағдарламасының белсенді қатысушылары - 12 әйел, 2) білім беру бағдарламасына қатысудан бас тартқан пассивті қатысушылар- 8 әйел. Бағдарламаға нақты нұсқау көрсететін жоспар әзірледік.

Жоспардың ішіне салауатты өмір салтының негізгі компоненттері кіреді. Көрсетілген нұсқаулар постменопаузалық кезеңдегі әйелдердің жүрек-қан тамырлары ауруларының 90% -ға төмендеуіне алып келеді, бұл бағдарламаға кіретін талаптарға: қалыпты физикалық белсенділік - тәулігіне 30 минут жылдам жүру; қалыпты салмақ - дене салмағының индексі <25; қалыпты салауатты диета - рациондағы жеміс пен көкөністің жоғары болуы; темекі, алкогольден бас тарту; тұзды азайту (3-5 г) фонында жеткілікті мөлшерде сұйықтықты (кем дегенде 1,5 литр) пайдалану; жануарлар майларын тұтынуды азайту; тойып тамақтанбау; витаминотерапия болып табылады.

Нәтижелері: Артық салмағы бар әйелдерге калориясы аз диетаны тағайындадық, себебі олардың салмағы азаюына, артериялық қысымының төмендеуіне және қант диабеті, гиперлипидемия, сол жақ қарыншаның миокард гипертрофиясы, инсулинрезистенттілік сияқты ауруларының пайда болу қауіп-қатерін төмендетті. Белсенді қатысушыларға олардың өмірін жақсарту үшін физикалық активтілігін жоғарылату, дағдыларын түзету, зиянды әдеттерден арылу керектігін түсіндірдік және білім беру бағдарламасы бойынша медициналық хабардарлықтарын арттырдық. Физикалық активтілікті жоғарылатуда көптеген қолжетімді әдістерді, яғни жүзу, қарапайым серуендеу, емдік гимнастика және тренажерлерді қолдануға болатынын көрсеттік.

Қорытынды: «Денсаулық мектебінің» пассивті қатысушыларының өмір сапасы активті қатысушыларына қарағанда өзгерісіз. Себебі 8 әйелдің 5-еуінде артериялық қысым көрсеткіші 150/100мм сынап бағанасы күйінде өзгеріссіз, 3 әйелдің артериялық қысым көрсеткіші тіпті 160/110мм сынап бағанасына көтерілген. Пассивті қатысушы 1 әйелдің қанындағы қант көрсеткіші аш қарынға өлшегенде 7,8 ммоль/ге көбейген, бұл глюкоза төзімділігі бұзылғанын көрсетеді. Пассивті қатысушылардыңгипертониялық криздердің жиілігі (әсіресе таңғы уақыттарда), медициналық көмек сұрауы өзгеріссіз қалғаны анықталды. Активті қатысушы 7 әйелдің тағам мәзірі өзгеруіне, физикалық активтілігінің көбеюіне байланысты артық салмақтан (1-4кг) арылуы байқалған, бұл көрсеткіш өмір сапасының жақсаруын, басқа аурулардың алдын алуын көрсетеді. Бірінші топтағы әйелдердің систолалық және диастолалық қысымының күнделікті орташа мәндерінің 10/5 мм-ге төмендеуі анықталды. Аурудың өту ауыртпалығы жеңілдегені байқалды. Бұл топтағы әйелдер өзінің денсаулық жағдайы жақсы болса да, азанда және кешке артериялық қысымын өлшеп отырудың маңыздылығын, соның арқасында асқынулардың алдын алуға болатынын түсінді.

Постменопауза кезеңіндегі артериялық гипертензиясы бар әйелдердің профилактикасының тиімділігі негізінен жеке адамның психологиялық ынталылығына байланысты, бұл мотивация «Денсаулық мектебі» білім бағдарламасына белсенді қатысуымен пайда болады.

Әдебиеттер:

  1. Артериальная гипертония у женщин в постменопаузе. Круглый стол // Кардиология. - 2003. - № 4. - С. 88-95.
  2. Carr M.C. The emergence of the metabolic syndrome with menopause. J Clin Endocrinol Metab 2003; 88: 2404-11.
  3. Chae C.U, Derby C.A. The menopausal transition and cardiovascular risk.Obstet Gynecol Clin North Am. 2011 Sep;38(3):477-88. doi: 10.1016/j.ogc.2011.05.005.
  4. Д.А. Аничков, Н.А. Шостак. Менопауза и сердечно-сосудистый риск. 2005; 37-42
  5. Коваленко В.М. Серцево-судинні захворювання у жінок: підводна частина айсбергу // Нова медицина. - 2005. - № 4 (21). - С. 12-13.
  6. Лікування артеріальноі' гіпертензіі в особливих клінічних ситуаціях / За ред. В.М. Коваленка, Е.П. Свіщенко та ін. - Кам’янець-Подільський: НИ Мощак М.І., 2005. - 504 с.
  7. Бритов А.Н., Быстрова М.М. Заместительная гормональная терапия в профилактике сердечнососудистых заболеваний у женщин с артериальной гипертонией и ишемической болезнью сердца // Consilium medicum. - Экстравыпуск. - 2004. - С. 7-10.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.