ЖОО - ның оқу үрдістеріне студенттердің бейімделуі, әлеуметтік - психологиялық бейімделуден және жеке мүмкіндіктерден тұратын көп деңгейлі күрделі процесс. Студенттердің денсаулығы, жұмысқа деген қабілеттілігі және бейімделуі физикалық белсенділікпен тығыз байланысты және педагогикалық, психологиялық, физиологиялық аспектілерді зерттеуде маңызды әлеуметтік мәселелерді тудырады. Ақыл - ой және физикалық жүктемелер жиынтығы анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктерге сәйкес келуі және ғылыми негізделген болуы керек. Алайда, осы уақытқа дейін ЖОО - дағы бейімделу процессі студенттердің ақыл - ой, жұмысқа қабілеттілігіне және оқу үрдісіне қалай әсер ететіні туралы пікір жоқ. Сонымен қатар, экологиялық факторлардың 1 курс студенттерінің бейімделуі үшін әсер етуін көрсету керек [1].Жоғарыда көрсетілген бейімделу процессінің мәселелер мен ерекшеліктері айқын көрсетілген, алайда студенттердің кейбір бөлігі оқу үрдісіне тез бейімделуі мүмкін. Сонымен қатар, Н. Ханчуктың зерттеуі бойынша 2 курс студенттерінің төрттен бір бөлігі оқу үрдісіне толығымен бейімделмейді. Студенттердің оқу үрдісіне толығымен бейімделмеуіне - жоспарлы және жүйелі оқу бағдарламасының болмауы тікелей куәлік етеді. Ұзақ бейімделудің нәтижесінде студенттерде оқу үлгерімінің төмендеуі, жеке мәселелердің пайда болуы, денсаулық жағдайының нашарлауы туындайды.
Біздің ойымызша, оқу жылының бірінші жылында студенттік өмірдің келесі оқу жылына кәсіби даярлау жұмыстарын іске асыру маңызды болып саналады. Осылайша, осы кезеңнің табысты өтуі студенттердің одан әрі жетістіктері үшін маңызды. Осыдан, 1 курс уақытында бейімделу процессінің оңтайландыру іс - шараларын өткізу қажеттілікті талап етеді [2].
Зерттеу мақсаты. Осы зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - медицина университетінің 1 курс студенттерінің бейімделуі кезіндегі ағзасының функциональды кернеуін анықтау және оны психо - физиологиялық түрде бағалау болып табылады.
Зерттеу материалдары мен әдістері. Зерттеу жұмысы 2016 - 2017 жылдар аралығында жүргізілді, алынған мәліметтер статистикалық бағдарлама көмегімен өңделді және орташа нәтижелер мәні алынды. Бұл жұмыс, бастапқы кезеңінде оқу процессінде, яғни оқу кезінде, оқу аптасында, оқу жылында физиологиялық зерттеулер жүргізілді. Физиологиялық және психометриялық зерттеу жұмыстары оқу процессі үстінде және оқу процессінен кейін күнделікті, яғни дүйсенбі күннен жұма күніне дейін жүргізіп отырдық.
Жүргізілген зерттеулерде психо - физиологиялық бақылау кезінде студенттердің психикалық қабілеті мен жұмысқа деген қабілеттілігі оқу процессі уақытында, оқу апталығында оқу жүктемесінің әсерінен өзгеретіндігі көрсетілді.Зерттелген студенттердің шектеулі бөлігіне белгілі бір пайызына, жынысына жасына қарай бой өлшемі, кеуде шеңберінің өлшемі, салмақ өлшемінің көрсеткіштерінің сандық шегін анықтау үшін, перцентилді әдіс қолданылды, қолданылған әдіс таңдап алынған студенттердің ағзасының үйлесімді дамуы дәрежесін көрсетеді.Адам ағзасының бейімделу сипатын анықтайтын негізгі механизм, ол орталық жүйке жүйесінің вегетативті бөлімі. Ағзаның жауап беру реакциясын іске асыратын эффекторлық жүйе, жүрек қан - тамырлар жүйесі болып табылады, ол ағзаның бейімделіп - икемделу реакциясы индикаторы рөлін атқарғандықтан аса байқалмайтын жағымсыз әсерлерге де өте сезімтал келеді. Сондықтан бастапқы кездегі ауытқушылықтың өзі, уақыт өте тіршілік ортасындағы жағымсыз әсерлерге ағзаның бейімделуіне ықпал етеді [3].
Аса қарапайым және қол жетімді әдіс және ең бастысы үздіксіз динамикалық бақылауды жүзеге асырушы әдіс - бұл жүрек ырғағына математикалық талдау жасау. Сыртқы ортаның әртүрлі факторларына жауап ретінде жүрек ырғағының өзгеруі, ағзаның тұтастай әмбебапты шұғыл реакциясы болып табылады. Адам ағзасы орталық жүйке жүйесінің реттелуімен жүретін күрделі механизм болып табылады. Адам ағзасының бір функциясында «нашарлау» деңгейі көрінсе, барлық ағзаның нашарлау жүреді. Сондықтан кейбір физиологиялық параметрлер өзгеруі мүмкін, мысалы: дене температурасы, қанның артериальдық қысымы, жүректің соғу және жиырылу жилігі және т.б.
Зерттеу жумыстың нәтижелері. Білім алушы студенттердің денсаулық мәселесі біздің ел үшін маңызды. Отандық және шетелдің сарапшылардың деректері бойынша, студенттердің денсаулық жағдайын анықтайтын негізгі факторларға 50% шаманы құрайтын өмір сүру салты жатады. Сондықтан заманауи ЖОО - ның негізгі міндеті денсаулық жағдайын жақсарту ұшін кешенді іс - шараларды ұйымдастыру және студенттердің денсаулық жағдайын жақсарту болып табылады [4].Ерекше назарды студенттердің оқу орнына бейімделу (әсіресе әлеуметтік) процессіне аудару керек. Студенттердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу кезінде (мазасыздық, өзін - өзі бағалау, депрессия деңгейі, невротизация, жүйке - псиикалық төзімділік) студенттердің басым көпшілігінде оқу орнына бейімделу деңгейінің және психикалық денсаулық жағдай деңгейінің төмендігі анықталды [5].Қазіргі заманауи білім беру жүйесінде 1 - ші курс студенттеріне жоғары талаптар қойылады. Оларға өмір сүру жағдайының өзгерісіне байланысты физикалық және психологиялық жүктемелер және білім алу кезінде біліктілік жағдайына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Алайда, студенттер денсаулық туралы тек өзге аурулар пайда болған кезде ғана ойланады [6].Тұқымқуалаушылық, өмір сүру салты және экологиялық жағдай маңызды рөл атқарады. Осылайша, студенттердің денсаулық жағдайындағы патологиялық өзгерістер экологиялық, материальды, әлеуметтік және психологиялық факторлардың көрінісі болып табылады [7].ЖОО - ның білім беру процессінде негізгі мақсатына жоғары білікті мамандарды дайындау, сондай - ақ оқу үрдісі кезінде студенттердің денсаулық жағдайын сақтау және ақыл - ой қабілеттілігін арттыру жатады. 1 курс студенттері үшін климаттық және экологиялық факторлардың ағзаға әсер етуі, олардың оқу орнына бейімделу процесімен тікелей байланысты [8].Бейімделу реакциясының бастапқы кезеңі оқу орнына түскен уақыттан бастап басталады. Оқу үрдісіне бейімделудің сапасы және жылдамдығы табиғи факторларға, адамның өмір суру жағдайының қабілеттілігіне байланысты [9].
Қорытынды. Оқу үрдісі кезінде 1 курс студенттерінің оқу орнына бейімделуі күрделі, көп деңгейлі физиологиялық процесс. Жоғарғы жүйке - эмоциональдық жағдай, жүрек - қан тамырлар жүйесінің жоғарғы функциональды кернеулігімен, реттеуші жүйелердің белсенділігімен, симпатикалық жүйке жүйесінің белсенділігімен, ақыл - ой жұмысының және ОЖЖ - нің функциональдық кернеулігінің төмендігімен сипатталды.
Әдебиеттер
- Ханчук Н.Н. Некоторые актуальные проблемы адаптации студентов в процессе обучения в высшей школе// Проблемы социальной адаптации различных групп населения в современных условиях. - Владивосток: Изд- во Дальневосточного ун- та, 2000. - С. 265.
- Мальцева Е. А. Особенности внешнего дыхания и состояния сердечно-сосудистой системы у здоровых лиц юношеского возраста // Диссертация - 2011.
- Батоцыренова Т.Е. Эколого-физиологические и этнические особенности адаптации к среде обитания представителей коренного населения Забайкалья и Владимирской области // Экологофизиологические проблемы адаптации: мат. XII Междунар. симпозиума. - М.: РУДН, 2007. - С.49-51
- Науменко О.А., Нотова С.В., Барышева Е.С. и др. Опыт внедрения программы «образование и здоровье» в Оренбургском государственном университете // Здоровье и образование в XXI веке: мат. VII Междунар. научно-практ. конф. - М.: РУДН, 2006. - С.360-361.
- Гончаренко М.С., Коновалова Е.О., Самойлова Н.В. и др. Пути повышения адаптационных возможностей студентов и школьников Харьковской области // Эколого-физиологические проблемы адаптации: мат. XII Междунар. симпозиума. - М.: РУДН, 2007. - С.105-107.
- Зайцев В. П. Тендерные проблемы здоровья студентов, занимающихся физической культурой // Гигиена и санитария. - 2006, №2. - С. 56-61.
- Журавлева Т. А., Казанцева М. Е. Выявление факторов риска болезней органов дыхания у подростков крупного промышленного города // Гигиена и санитария. -2006. -№ 6. -С.67-69.
- Талтыгина А.Ф. Динамика психофизиологических реакций студенток-первокурсниц северного ВУЗа // ХХ съезд Физиологического общества им.И.П.Павлова: тезисы докладов. - М.: Издательский дом «Русский врач», 2007. - С.439.
- Зюзин В.Л., Дерягина Л.Е. Взаимосвязь антропометрических данных и физической подготовленности курсантов с успешностью обучения // Эколого-физиологические проблемы адаптации: мат. XII Междунар. симпозиума. - М.: РУДН, 2007. - С.196-198.