Кіріспе. Байқоңыр ғарыш айлағы аумағының су көздерінің генотоксиндік жағдайын экологиялық- генетикалық әдістермен бағалау.
Зерттеу мақсаты.
- зерттеу аймақтарындағы су сапасына талдау жасау;
- судың генотоксиканттармен ластануына мәдени өсімдіктердің сезімталдығын анықтау мақсатында цитогенетикалық тест-жүйесін жүргізу.
Материалдар мен әдістер. Байқоңыр қаласынан және қалаға жақын орналасқан аймақтардан экология-генетикалық мониторинг жүргізуге бес нүкте таңдап алынды.
Біздің зерттеуіміз және Қызылорда облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының соңғы онжылдық статистикалық мәліметтері бойынша, Сырдария өзені суының химиялық құрамы мемлекеттік стандартқа сәйкес келмейді. Бұл аймақтарда суға жасалған талдаулар бойынша ауыр металдардың мөлшері жоғары (қорғасын белгіленген шекті мөлшерден 1,03 есе, ал Cd-5,0 есе), Қызылорда мен Қазалы аралықтарында жекеленген кезеңдерде азот аммоний 2,3 есе, сульфаттар 3,6-7,7 есе, мұнай өнімдері 6,27,7 есе, мыс 10 есе, темір 2 есе жоғары болуы тіркеліп отыр.
Металдардың және түрлі химикаттардың өсімдіктерге мутагендік әсер ету механизмдерін анықтауда тамырдың апикальды меристемаларын тест-жүйесіне пайдалану, тамыр ұштарының топырақтағы және судағы әртүрлі химиялық заттармен тікелей байланыста болатынымен түсіндіріледі.
Нәтижелер мен талқылаулар. Қоршаған ортадағы поллютанттардың цитотоксиндігін зерттеуге арналған ғылыми жұмыстардың барлығына қарамастан, олардың өсімдіктер клеткасын зақымдауының молекулалық механизмі әлі де жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
Осындай зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып, табиғи жағдайдағы судың өсімдіктерде тудыратын спонтанды мутацияларын анықтауға мүмкіндік туып отыр.
Қорытынды. Бір жылдық өсімдіктердің тамыр меристемасына цитогенетикалық талдау.
Бұл аймақтағы негізгі қауіп-қатерлер Арал теңізі суының тартылуы, оның кепкен табанынан көтерілген тұз аралас шаң-тозаң және әртүрлі химиялық заттармен қаныққан, суы ішуге жарамсыз Сырдария өзені мен қоршаған ортаны түрлі зиянды заттармен ластайтын Байқоңыр ғарыш айлағы болып табылады.
Әдебиеттер
- Моисеев Н.Н., Александров В.В., Тарко А.М. Человек и биосфера. - Москва: Наука, 1985. - 271с.
- Жатқанбаев Ж.Ж. Байқоңыр космодромының Қазақстан экологиясына әсері. - Алматы, 2000. - С. 7.
- Материалы Министерства природных ресурсов и охраны окружающей среды РК. Данные Кызылординского областного управления по охране окружающей среды. № 2/3766. 2000. - С.2.
- Кариов М.А. Антропогенные и природные землетресения как причина загрязнения водоисточников токсикантами-канцерогенами //Материалы ІІІ-съезда онкологов и рентгенологов Республики Казахстан. - Алматы, 1994. - С. 37-40.
- Мусабеков К.Б., Жанбеков Х., Сейтжанова А.Ф., Мукатаева Ж.С. Минерализатция и содержание главных ионов в воде Сырдарьи //Вестник КазГУ, серия экологическая, -А., 2002. №1.(8) -С. 63-65.
- Сагимбаев Г.К. Экология и экономика. - Алматы: Қаржы-қаражат, 1997. - С. 65.
- Экологические проблемы и риски воздействий ракетно-космической техники на окружающую природную среду: Справочное пособие /под. ред. В.В. Адушкина, С.И. Козлова, А.В. Петрова. - Москва: Анкил, 2000, - С. 13.
- Касимов Н.С., Ворожейкин А.П., Королева Т.В. и др. Ландшафтно-геохимический анализ районов падения первых ступеней космических ракет //Вестник Московского Университета. Серия 5, география. -1994. №1. - С.40-48.
- Израэль Ю.А. Роль гидрометеорологии и наук об окружающей среде в исследовании и регулировании состояния биосферы //Достижения в области гидрометеорологии и контроля природной среды: сб. стат. мат. - Л.: Гидрометеоиздат, 1987. - 342 с.
- Порядин А.Ф. Взаимодействие Минприроды России и Минобороны России по обеспечению экологической безопасности деятельности Вооруженных Сил России //Экологические проблемы деятельности оборонной промышленности и Вооруженных Сил России: сб. тр. Междунар. науч-практич. конф. - М.., 1995. - С.7-12.