Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мұнай-газ өндіруші аймақ тұрғындарның денсаулығына баға беру

Кіріспе. Дүниежүзінде негізгі қор XX ғасырда толықтай XXI ғасырдың бас кезеңінде өндірілуге тиісті мыңдаған тонна мұнай өндірілуде. Мұнайдың негізгі бөлігі мемлекетке ауқымды кіріс жасағанымен, тұрғындар үшін экологиялық мәселені қалыптастыруда. Бұл жағдай соңғы уақыттағы қоршаған ортаға келтіріліп жатырған зиянды жағдайлардың ішіндегі маңыздысы. Мұнай өндіру және оны өңдеу өндірісіне байланысты экологиялық мәселелер әртүрлі қоршаған ортаны қорғау мекемелерінде кеңінен талқыланып, әлемдік деңгейде салдарлық мәселелер мен сенімсіздік тудырар цифрлар жарияланып жатырса да, мұнай өндірісінде ешқандай өзгеріс болмауда [1,4]. Денсаулық - адами және еңбек потенциалының негізі, әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды фактор екенін ескерсек, еліміздегі мұнай өдірісінің қарқынды дамуы, аумақтық территорияны кең көлемді техногенді ластауы, аймақ тұрғындары денсаулығын қорғау және нығайту, сауықтыру мақсатында медико-экологиялық, әлеуметтік-гигиеналық, емдеу-профилактикалық іс-шараларды игеруді қажет етеді[2,3].

Зерттеу мақсаты. Мұнайлы-газ өндіруші аймақтың ересек тұрғындарының денсаулық жағдайына баға беру (Саға ауылы - негізгі объект, Қобда ауылы - бақылаушы аймақ).

Материалдар мен әдістер. Негізгі зерттеу объектісі мұнайлы-газ аймағында орналасқан Саға ауылының медициналық тексерістен өткен - 116, бақылау аймағы ретінде салыстырмалы түрде таза аймақ Қобда ауылы - 240 ересек тұрғынның амбулаторлық картасы (025/у формасы) бойынша алынған мәліметтерді статистикалық өңделді. Зерттеу дизайны сипаттамалық.

Нәтижелер мен талқылаулар. Мұнай-газ өндіруші аймақта орналасқан Саға ауылында тұрғынның 116-ның (33,6% ер адамдар, 66,4% әйел адамдар) денсаулық жағдайы медициналық тексерістен өткізіліп, оның 2 (1,7%) дені сау, 114 (98,3%) - нен аурушаңдылық анықталса, бұл көрсеткіштің 92 (79,3%) алғаш рет диагноз тағайындалды, қалған 22 (19,0%) созылмалы аурулар бары анықталды. Ересек тұрғындарға өмірінде алғаш рет анықталған диагноз құрылымы бойынша 1 орта асқорыту органдарының аурулары, 2 орында - жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары, 3 орын - құлақ аурулары. Ал бақылау аймағы бойынша Қобда ауылында 240 (35% ер адамдар, 65% әйел адамдар) ересек тұрғын тереңдетілген медициналық тексеріс ұйымдастырылып, оның 7 (2,9%) дені сау, 233 (97,1%) - нен аурушаңдылық анықталса, бұл көрсеткіштің 205 (85,4%) алғаш рет диагноз тағайындалды, қалған 28 (11,7%) созылмалы аурулар бары анықталды. Алғаш рет анықталған аурушаңдылық құрылымына тоқталсақ, ранг бойынша 1 орында - асқорыту органдарының аурулары, 2 орында - жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары, 3 орын - несеп-зәр шығару жүйесінің аурулары.

Қорытынды. Экологиялық қолайсыз аймақта орналасқан Саға ауылының ересек тұрғындарының денсаулық жағдайы бақылаушы экологиялық таза аймақ Қобда ауылымен салыстырғанда дені сау ересек тұрғындар 1,2%, төмен, аурушаңдылық дәрежесі 1,2% жоғары, созылмалы ауруы бар ересек тұрғындар 7,3% басым болды. Экологиялық колайсыз аймақта орналасқан Саға ауылының денсаулық сапасының дәрежесі бақылаушы аймақпен салыстырғанда төмендігі анықталды.

Әдебиеттер тізімі

  1. Кенесариев У.И. Оценка современного состояния здоровья населения в Макатском районе Атырауской области / У.И. Кенесариев и др. // КазНМУ Вестник. - 2014г. - №1. - С. 280-284.
  2. Жаканбаева А.М. Гигиеническая характеристика окружающей среды на примере крупного промышленного региона / А.М. Жаканбаева // КазНМУ Вестник. - 2016г. - №1. - С. 441-443.
  3. Петренко К.В. Уровень здоровья человеческих ресурсов нефтегазодобывающих регионов Севера России / К.В. Петренко // Вестник Омского университета. - 2014г. - №2. - С.137-141.
  4. Кенесариев У.И. Тенденции изменения здоровья населения региона Тенгизского месторождения / У.И. Кенесариев и др. // Гигиена и санитария. - 2015г. - №7. - С. 114-116.
  • Жыл: 2017
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина