Өзектілігі. Балалар арасында кең тараған ауруханадан тыс пневмония, дәрігер-педиатрдың тәжірибесінде ерекше өзектілікке ие [2,3]. Балалар өкпе тініндегі қабыну үрдісі аймақтың әлеуметтік- экономикасының дамуына ғана емес, диагностикалау критерінің қол жетімдігіне байланысты [1,4].
Мақсаты мен міндеттері. Ауруханадан тыс пневмониямен науқастанған балалардың өмір анамнезін, әлеуметтік денсаулық жағдайын саралап бағалау.
Материалдар және зерттеу әдістері. Шымкент каласындағы Облыстық клиникалық балалар ауруханасының материалдары бойынша аурудың клиникалық көріністері мен жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, ауруханадан тыс пневмония диагнозымен емделген балалардың клиникалық сипатын талдау.
Нәтижелері және талдау. Оңтүстік Қазақстан Облыстық клиникалық балалар ауруханасының пульмонологиялық бөлімінде 2015-2016 жылдар аралығында ауруханадан тыс пневмония диагнозымен емделген 1-ден 6 жас аралығындағы 72 баланы емдедік. Зерттеу нәтижелерін талқылау барысында ұл балалар 42(58,3), қыз балалар 30(41,7%) болды.
Ошақты пневмониямен 18(25,0%), ошақты өзара қосылған бронхопневмониямен 48(66,6%), өкпенің сегментарлы зақымданумен 6(8,4%) науқас бақыланып, оның ішінде бір мен үш жас аралығында 35(48,6) бүлдіршін, үш пен бес жас аралығында 37(51,4%) балдырған бақыланды. Көбінесе, ошақты өзара қосылған бронхопневмониямен 48(66,6%) баланы емдедік. Оның ерте жастағы балалар санымен (31,9%), 3-5 жастағы (34,7%) балалар саны шамалас. Сегментарлы пневмония 6(8,4%) балада анықталды. Бұл топтағы науқастардың басым бөлігі 1-3 жас аралығында балалар 4(5,6%), 3-5 жас аралығындағы балаларда сегментарлы бронх-өкпе үрдісі 2,8%-ды құрады. Біз бақылаған және түбегейлі зертеген науқастанған 66,7% баланың өмір анамнезі ауыр болған екен, ал госпитализацияланған 33,3% балалардың өмір анамнезі салыстырмалы түрде алғанда тыныш өткен. Перинаталды патологиялар 19(26,3%), ерте жасанды тамақтандыру 17(23,6) науқас балаларда анықталды. Қосымша патологиялар ішінде басты орында аллергиялық аурулар - 15(20,8%). ОЖЖ аурулары 6(8,3%), анемиямен 11(15,2%), гипотрофиямен 3(4,2%) науқас балалар бақыланды. Туберкулинді сынама мен рентген мәліметтерінің динамикасын зерттегенде: туберкулез микобактериясымен инфицирленге (ТМБ) 5(6,9%) пациентке қосымша диагноз қойылады. Бақыланған пациенттердегі қауіпті факторлар қатарында жоғарғы тыныс жолдарының қайталанғыш респираторлы инфекцияларын 21(29,1%), ерте жасындағы жиі респираторлы инфекцияларын 8(11,1%), қайталамалы бронхит диагнозын 7(9,7%) балада кездестірдік. Лор ағзаларының созылмалы аурулары 9(12,5%), АІЖ паталогиясы зерттеліп және бақыланған 5,6% науқас балаларда байқалды.
Қорытынды. Ауруханадан тыс пневмония 1-6 жас аралығындағы балалардың басым бөлігінде қолайсыз преморбидті фонда дамиды. Аллергиялық аурулар (20,8%), анемия (15,2%), жиі респираторлы вирусты инфекциялар (29,1%) коморбидті жағдайлардың ішінде жетекші орынды иеленді.
Әдебиеттер
- Клиникалық хаттама №23 12.12.2013 Балалардағы пневмония
- Нукушева С.Г. Научный центр педиатрии и детской хирургии МЗРК г. Алматы. Педиатрия және бала хирургиясы №3, 2012 ж, 5 бет.
- Б.Т: Түсіпкалиев «Педиатрия», Актөбе, 2012ж. 542 бет.
- Б.Х.Хабижанов, С.Х. Хамзин. «Педиатрия», Алматы, 2005ж. 202 бет