Жобаның өзектілігі:Созылмалы панкреатит (СП) қазіргі кезде кездесу жиілігі мен ағымына байланысты аса күрделі аурулардың бірі болып табылады. Дамыған мемлекеттер арасында созылмалы панкреатит 100 мың адамға шаққанда 8,2-27,4 адамды құраса, соның ішінде алкогольді этиологиялық СП 40%-дан 75%-ға өсті[1,2,3]. Оның үстіне СП ауыратын адамдардың жастық шегі 50-ден 39-ға дейін төмендеген. Бұл көрсеткіш Қазақстанға да әсер етпей қоймады, қазіргі кезде 100 мың адамға шаққандағы СП-тің жаңа 6-7 жағдайларды әрбір жыл сайын тіркеп отыр, нәтижесінде 27,4-50 науқасты құрайды[4]. Сонымен қатар созылмалы панкреатиттің летальділігі ТМД мемлекеттерінде 4%-дан 15%-ға дейін жоғарылағаны мәлім болды[5].
Жобаның мақсаты:Созылмалы панкреатитпен ауыратын науқастарда диагностикалық және емдеу шараларына зерттеу жүргізіп, емнің тиімділігін анықтай отыра, оның Қазақстан Республикасының денсаулықсақтауды дамыту орталығының клиникалық хаттамаға [6] сәйкестігін бағалау және Ресей мемлекетінің созылмалы панкреатиттің емдеу-диагностикалық шаралар ұсынымдарымен [7] салыстыру.
Зерттеу құралы мен әдістемесі: Ретроспективті зерттеу әдісі арқылы Қарағанды қаласының №1 қалалық аурухананың гастроэнтерология бөлімшесінен шілде, тамыз, қыпкүйек айларында созылмалы панкреатитпен жатқан 24 науқастың ауру тарихына сараптама жүргізілді.
Зерттеу барысында 24 пациенттің әр айға сәйкес диагностикалық шаралары және медикаментозды емдеу препараттары іріктелініп алынды және олардың қолданылуы бойынша пайыздық қатынасы анықталды. Іріктелініп алынған зерттеу әдістеріне жалпы қан анализі, жалпы зәр анализі, қанның биохимиялық анализі, коагулограмма, копрологиялық анализ, зәрдің Нечиперонко бойынша анализі, ЭКГ, УДЗ, кеуде қуысының шолу рентгенограммасы және ФГДС алынды. Ал пайдаланылған басты препараттар Церулин, Омепразол, Фамотидин, Креон, Платифиллин, Мебеферин. Алынған нәтижелер Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтауды дамыту Республикалық орталығының клинкалық хаттамасымен салыстырылды. Ал Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтауды дамыту Республикалық орталығының клинкалық хаттамасы Ресей мемлекетінің гастроэнтерологиялық ассоциациясының созылмалы панкреатит бойынша ұсынымдарымен салыстырып, 2 мемлекеттің СП зерттеу мен емдеу ұсынымдары алынған 24 пациенттің зерттеу мен емдеу нәтижелерімен қиылыстыру жүргізе отыра, диагностика мен емнің ерекшеліктеріне көңіл бөлінді.
Зерттеу нәтижесі: Зерттеу нәтижелері бойынша, №1 қалалық ауруханада СП сырқатын диагностикалауда 73% дейін ҚР клиникалық хаттамасына сәйкес келетіні анықталды. Ал емдеу принциптері 57% сәйкес еместігі дәлелденді. Бұндай көрсеткіш дәрігерлердің ҚР денсаулық сақтау министірлігі ұсынған хаттаммамен келісетін білдірсе, 5 пайыздан жоғары емнің өзгешелігі пациенттердің клиникалық көріністерінің өзгешелігін не емнің күрделілігін айқындайды. ҚР мен Ресей елдерінің ұсынымдары арасында диагностикасында белгілі бір ерекшеліктері болғанымен, емінде үлкен ұқсастық байқалды. Осыдан СП диагностикалауда нақты бір крийтерилері болмағанымен, емдеудің тұрақты жобасы құрылғанына көз жеткіземіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Данилов М.В., Федоров В.Д. Хирургия поджелудочной железы. — М: Медицина, 1995.
- Warschaw A.L. Pain of chronic pancreatitis//Gastroenterology. — 1984. — Vol. 86. — P. 987-989.
- Hess W. Die chronicle Pancreatitis. — Bern — Stuttgart, 1969.
- Буклис Э. Р., Ивашкин В. Т. Хронический панкреатит: этиология, патофизиология и консервативная терапия //Российский журнал гастроэнтерологии, гепатологии, колопроктологии. 2006. Т. XVI, № 6.
- Levy P, Milan C, Pignon JP et al. Mortality factors associated with chronic pancreatitis. Unidimensional and multidimensional analysis of a medical-surgical series of 240 patients.
- ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің 2013 жылдың желтоқсан айындағы «Созылмалы панкреатит» хаттамасы
- Ресей гастроэнтерологиялық ассоциясының созылмалы панкреатит диагностикасы мен емі бойынша 2013 жылғы ұсынымдары