Құрамында азот атомы бар дәрілік заттар номенклатурасы өте кеңінен медицинада қолданылады. Солардың ішінде амин (-NH2) тобы бар дәрілік заттарға - сульфаниламид, пара-аминобензой қышқылының туындылары, аминқышқылдары, сонымен қатар синтетикалық адамантан, пиридин, пиррол және т.б. туындылары да жатады.
Пирацетам- ноотроп препаратының синтетикалық жолмен алынған пре-парат, мидың қан айналымын жақсартуға, ойлау қабілетін арттыруға, есте сақ-тау қабілетін күшейтуге, жадының бұзылуына, деменция кезінде әсері бар[1-4].
Медицинада пирацетамның әртүрлі дәрілік түрлері шаншуға арналған ерітіндісі, капсулалары, таблеткаларыкеңінен қолданылады.Нормативті құжаттар бойыншапирацетамды және оның дәрілік түрлерін талдауда сусыз ортадағы нейтрализация, Кьельдаль әдісі, гравиметрия, сұйықтық хроматография әдістері қолданылады[5-8].
Кьельдаль әдісімен анықтау көп уақытты қажет етеді, оны жүргізуге 3-4 сағат жұмсалады және көп сатылы, сондықтан әдісті жүргізу барысында болатын шығындар дәл зерттеу нәтижелерін бере алмайды. Ал сусыз ортада титрлеу әдісін жүргізу үшін арнайы мамандандырылған аналитик қажет, сонымен бірге бұл әдісте өте улы және ұшқыш заттар, мысалы мұзды сірке қышқылы, хлорлы сутек қышқылы қолданылады, жұмыс жасау арнайы жабдықтарды қажет етеді.
Жұмыстың мақсаты. Пирацетам субстанциясын және оның дәрілік түрлерін талдау үшін бірыңғайланған фотоколориметрия әдістемесін жасау.
Материалдар.Жұмыста пирацетамның дәрілік субстанциясы «х.т.» («ShanghaiXiandai Hasen(Shanggiu) Pharmaceutical Co.,Ltd.»,Китай); пира-цетамның иньекцияға арналған 20% 5 млерітіндісі, (АНД РК 42-6007-13); қосымша заттар:натрий ацетат тригидраты (ҚР МФ т.2, 336 б.), сірке қышқылы сұйытылған (ҚР МФ т.1, 422 б.),иньекцияға арналған су (ҚР МФ т.2, 469 б.).Нингидрин 2 % ерітіндісі, 0,1 М натрий гидроксиді ерітіндісін ҚР МФ сай жасалынды. Қолданылған реактивтер мен ерікіштер «т.ү.т» квалификациясына сай.
Зерттеу нәтижелері. Пирацетам өзінің химиялық құрамындағы амидтік топтың сілтілі ортада аммиакқа дейін бөліну нәтижесінде нингидринмен (1,2,3-индантрионгидратымен) қыздыру барысында көк-күлгін түске боялған өнім береді.Алынған өнім түсіне байланысты спектрдін көрінетін аймағында, 569±2 нм толқын ұзындығында жұтылу максимумын береді.
Реакцияны препараттың идентификациясын және сандық анықтауын фотоэлектроколориметрия әдістерімен анықтауда қолдануға болады. Жұтылу максимумының оптикалық тығыздығы зерттелген препараттың сандық мөлшеріне тәуелді. Осы реакция пирацетамның барлық дәрілік түрлеріне бірыңғайланған әдістеме жасау мақсатында қолданылды.
Аналитикалық әдістемені бағалаудың негізгі критерийі - валидациялау болып табылады. Әдістеменің валидациясы өзара байланысты жүйелік сипаттамалар - спецификалықты, сызықтықты, дұрыстықты және қайталан-ғыштықты анықтауды талап етеді. Әдістемені валидациялау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фармакопеясы талаптарына сәйкес жүргізілді[7].
Алынған нәтижелер негізінде пирацетам субстанциясының оптикалық тығыздығының концентрацияға сызықтық тәуелділігі жіберілетін мөлшер шамасының аралығы 0,01-0,05г/мл құрады.
Әдістеменің спецификалығыпирацетамның569±2нм толқын ұзындығында жарықты жұту максимумын беруімен сипатталады.Жасалған бірыңғайланған әдістеменің дұрыстығы үш реттік анықтауға стандартты үлгілердің 5 аналитикалық концентрациясын қолдана отырып, 80-120% аралығында модельді қоспаларға талдау жүргізу арқылы дәлелденді.
Дәрілік субстанция құрамындағы анықталған пирацетам үшін орташа салыстырмалы қателіктің ±3,55% аралықты көрсетуі және, «Пирацетам, шаншуға арналған 20%ерітіндісі» үшінорташа салыстырмалы қателіктің ±2,11% аралықты көрсетуі жасалған әдістеменің сенімділігін дәлелдейді.
Қорытынды. Пирацетамның амин тобына байланысты нингидрин сынағына оң нәтиже беруіне байланысты дәрілік препараттың иденти-фикациялау және сандық талдауына фотоколориметрия валидирленген әдістемесі жасалынды.
Әдебиеттер
- «Nootropil». NetDoctor.co.uk. 8 July 2004. Retrieved 21 September 2009.
- Piracetam [online]. Available from URL: http://www.piracetam.com.
- Nootropil®. Arzneimittel-Kompendium der Schweiz. 2013-09-12. Retrieved 2013-10-27.
- Muller, WE; Eckert, GP; Eckert, A (2014). «Piracetam: novelty in a unique mode of action». Pharmacopsychiatry. 32 Suppl 1: 2-9. doi:10.1055/s-2007-979230. PMID 10338102.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы.-Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі.-2008.-1 Т.-592б.
- АНД РК 42-6007-13.-Пирацетам, раствор для иньекций 20% 5 мл.-«Борисовский завод медицинских препаратов»(ОАО «БЗМП»).- Республика Беларусь.-2013.
- British Pharmacopoeia (BP 2016). - London The Stationery Office.-2016.
- European Pharmacopoeia 8.4.- EDQM.-2015.