Түйін
Мақалада мемлекет дамуының заманауи кезеңінде денсаулық сақтау жүйесінің мәселелері мен реформалары және кадрлық саясаттың ерекшеліктері мен дәрігерлердің денсаулық көрсеткіштері туралы отандық және шетелдік әдебиеттерге шолу жасалаған. Дегенмен өмір сүру салтымен аурудың байланыстары, еңбектегі эмоционалдық жағдайдың өршуі жеткілікті зерттелмеген.
Кілт сөздер: дәрігер денсаулығының көрсеткіші, денсаулық сақтау, кадр, қауіпті факторлар.
Кіріспе. Халық денсаулығы қоғам мен жеке адамдардың материалдық және рухани жағдайының айқын көрсеткіші болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық прогрестің әрбір тарихи сатыларында қоғамның денсаулық көрсеткішін максималды жақсартуға қатты көңіл бөлген[1]. Денсаулықты нығайту бүл - әлеуметтік мәселе және оның орындалуында мемлекет басты рөлді атқарады [2]. Денсаулық сақтау, көптеген авторлардың пікірінше халық шаруашылығының бір саласы, себебі жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) айтарлықтай үлесін денсаулықты нығайтуға бағытталғал медициналық шаралар үйымдастыру үшін жүмсалады[3]. Сол себепті де медициналық көмек елдегі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістерге тәуелді[4].
Емдеу-профилактикалық мекемелері мен медициналық персоналдың қызметтері соңғы он жылдықта жаңа қағидатта және үздіксіз қиын жағдайда іске асуда [5].
Экономика аймағында медициналық мекеме де өндіріс орны сияқты білікті мамандар мен жаңа технологиялардың орталығы болуы тиіс. Сонымен қатар, өткізіліп жатқан реформалар мен қаржыландырулар, дүрыс басқару тізбегі, міне осы аталғандар отандық денсаулық сақтаудың қолжетімділігі мен тегін көмек көрсетуге бағытталса, қоғамның денсаулық көрсеткіші бірден жақсаратыны сөзсіз.
Зерттеу мақсаты мен әдістері. Әдеби шолу жасау арқылы емдеу-сауықтыру мекемелеріндегі медициналық қызметкерлердің медико-әлеуметтік жағдайына сипаттама беру.
Нәтижелері мен талқылаулар. Көптеген отандық және шетелдік ғалымдар басты көңілді кадрлық қорларға бөлу керек деп санайды, өйткені медициналық персонал медициналық көмектің сапалығы мен нәтижелілігіне әсерін ететін фактор. Кадр - өз қүнын жоғалтпайтын жалғыз, тіпті уақыт өткен сайын кәсіби дағдысымен білімі артатын баға жеткізсіз қор болып табылады[5].
Медицналық кадрларды даярлауды жоспарлаудың түспалдарына Н.А.Алексеева, А.Н. Галиулина, В.Л. Гончаренко еңбектерін арнаған. Авторлар денсаулық сақтау мекемелерінің қажеттіліктері мен экономикалық жетістіктеріне, географиялық орналасуына байланысты жоспар түзілуі керек деп пікір берген. Басқа да ғалымдар болжауы бойынша 2020 жылы дәрігерлердің жетіспеушілігі 200 000-ға дейін жетеді, себебі ХХ ғасырмен салыстырғанда, 2017 жылғы мәліметке сәйкес білім берудің қаржылай шығыны, 500%-ға өскен. Екінші бір ғалымдар дәрігерлердің жетіспеушілігін қаржыға емес, жүмыстың жоғары жауаптылықты және психологиялық-моральдық шаршауға жиі әкеселетінін алға тартады, өйткені соңғы жылдары дәрігерлерге деген арыз-шағым, сот істері көптеп орын алуда. Осыған байланысты да жастардың көбі медицина саласында жүмыс жасаудан бас тартуда.
«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» (Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы №528) заңына сәйкес медицина саласының кейбір мамандарына 2 немесе одан да көп (химиялық, биологиялық және т.б.) факторларға байланысты денсаулығына қауіп төнуі мүмкін немесе денсаулығын жоғалту қаупі бар топтарға жатқызылған.
Физикалық факторлар медициналық қызметкер денсаулығына елеулі әсерін тигізеді: иондаушы сәулелер, электромагнитті сәулелер, шу, діріл. Химиялық қолайсыз факторлар: жоғары активті препараттар, медицилық газдар, дәрілік аэрозольдер. Биологиялық факторлар: микроорганизмдер, аллергендер. Қолайсыз физиологиялық факторлар: жоғары психо-эмоциналдық және бүлшықеттер зорығуы, есту, көру анализаторларының зорығуы.
Мамандықтарына байланысты қолайсыз фактор топтарына жіктесек, тіс дәрігері, анестезиолог, хирургтар көбінесе химиялық, физиологиялық және биологиялық топқа жатады. Ал физикалық топқа рентгенолог, ультра дыбыспен зерттеу мамандары жатады.
Қорытынды. Медициналық мамандардың кадрлық саясаты, жүмыс шарттары, денсаулық жағдайына байланысты жасалған отандық және шетелдік әдебиеттерге жүргізілген зерттеудің нәтижесінде, көптеген жылдар бойы үздіксіз жалғасқан қолайсыз динамикалық кадрлық әлеуетті байқадық. Медициналық қызметкерінің заңды қорғалуы, жүмыста атқарған еңбектері үшін төлемнің әділетсіздігі, мақсаттарына жетуге арналған нақты уәждемелеуші қүралдың болмауы, дәрігер денсаулығына жауапкерліктің төмендігі, оларға моралдық-психологиялық көмектің мүлде болмауы және т.б. Аталған мәселе кешенді зерттеуді және денсаулық сақтау жүйесін модернизациялауға қажеттігін көрсетті.
Әдебиеттер
- Hendriks A.A. et al. Improving the assessment of (in) patients' satisfaction with hospital care// Med. Care.-2001.-Vol.39, №3. - P. 270-283.
- Беляков А.В. Право на здоровье как одно из основных прав человека (международно-правовые аспекты)// Медицинское право. - 2009. - №3(27). - С.3-6.
- Васильева, Т.П., Трофимов В.В. Методологические и методические подходы к управлению профессиональной компетентностью медицинского персонала в современных условиях// Общественное здоровье и здравоохранение.-2008.-№1.-С.45.
- Шильникова Н.Ф. Научное обоснование эффективности использования ресурсов здравоохранения на региональном уровне, обеспечивающих качество и доступность медицинской помощи населению: Автореф. Дисс.д.м.н.: Москва.-2008.- С. 3-6.
- Манерова О.А. Качество кадрового потенциала здравоохранения в условиях реформы: формирование, сохранение и развитие. - М, 2005. - С. 6-58.