Зерттеу мақсаты - біздің жүмысымыз Оңтүстік Қазақстандағы интерн -дәрігерлердің денсаулығы мен өмір сүру жағдайына тәуелсіз және максимальды объективті баға беруге және қазіргі медициналық білім беру жүйесі мен денсаулықсақтауға көз қарасын білуге бағытталады. 2017 жылы қараша айында жүргізілді.
Жабдықтар және зерттеу тәсілдері
Ғылыми - зерттеу жүмысы ОҚМФА-ның АМСЖ-2 кафедарсы, акушерлік және гинекологиялық курсында, интернатура деканы Досыбаев Б.Қ қолдауымен 6-курс интерн-дәрігерлердің арасында жүргізілді. Зерттеу барысында сауалнамаға 100 интерн- дәрігерлер қатысты. Сауалнама м.ғ.д Досыбаева Г.Н басшылығымен жасалған.
Нәтижесі
Ғылыми - зерттеу жүмысына 100 интерн- дәрігерлер қатысты. Олардың 63% әйел, 37% ер жынысты. 64%- 23 жас аралығын қамтыды. 72%- отбасылық статусы бойдақтар. Туысқандарының үйінде 34% түрады. Олардың 70% жүйкелік- психикалық қысымды сезінбейді. Оқудан кейін интерндердің 60% шаршауды сезінеді. Айына орташа табыс табуы 15-30 мың.тг қүрайды. 87%- өз өмірін лайықты деңгейде санайды. Оқумен жүмысты 50% интерндер қоса алып жүреді. Жыныстық өмірмен өмір сүретіндер 50%. Шылым тартпайтындар 83% қүрайды. Алкогольді ішімдіктерді 14% ,наркотиктерді 4% қолданады. Дене шынықтырумен немесе спортпен 47% шүғылданбайды. 43% интерндер ретті және толықтай тамақтанады, көбіне 55% майлы, қуырылған тағамды қолданады. Көптеген репонденттердің үйқы үзақтыгы 6-7 сағат. ЖРВИ мен жылдық аурушаңдылық 35%- жылына 1рет, 14% созылмалы ауруы бар, оның 18% жүйке жүйесі бойынша, 13% диспансерлік тіркеуде түрады. 65% интерннің денсаулығы жақсы. Олардың 42% медициналық көмекке қанағаттанбайды, 47% дәрігер тағайындауын орындайды, қазір денсаулығына байланысты 90% интернде шағым жоқ. 45% жеке медициналық мекемеге, 39% өздігінен, 37% емханаға қаралады. 53% интерндердің ойынша медициналық мекемелердің жабдықталуы жақсы, жас дәрігерлерді дайындауда 55% интерндер қанағаттанарлық деп жауап берді, жоғарғы медициналық мекемелерде білім беруде(ҚММУ) 56% жақсы деп бағалады. Олардың 49% денсаулық сақтау жүйесін жақсы бағытта өзгеруде деп санайды. 79% интерндер денсаулық сақтаудың мемлекеттік формасын таңдайды.
Қорытынды
Дені сау және ауру жандардың денсаулығын нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты қалыптастыру қоғамдық денсаулық сақтаудағы негізгі мәселе болып табылады. Қазір ауруды емдеуге бағытталған жүйеден, салауатты өмір сүруге негізделген, аурудың алдын алуға бағытталған, азаматтардың денсаулығын сақтау жүйесіне ауысу қолға алынуда.