Ұсынылып отырылған мақалада Алматы облысы, Балхаш ауданы, Бура ауылы, Ақкөл орманшаруа- шылығы № 3, Іле өзенінің оң жақ жағалауынан жиналынған тықыр кекіре (Oxytropis glabra Lam.DC.) дәрілік өсімдік шикізатының сандық талдаулары көрсетілген. Тықыр кекіре (Oxytropis glabra Lam.DC.) шикізатының сандық көрсеткіштері түрінде: ылғалдылығы, жалпы және 10 % тұз қышқы- лында ерімейтін күлі және ауыр металдар мен радионуклидтер анықталынды. Тауарлық талдау жүргізгенде сандық талдауар дәрілік өсімдік шикізатының сапасын ерекшелейді.
Кілт сөздер: тықыр кекіре, сандық көрсеткіш, ауыр металдар, ылғалдылық, радионуклид.
Зерттеу мақсаты: Алматы облысы, Балхаш ауданынан жиналынған тықыр кекіре (Oxytropis glabra Lam.DC.) дәрілік өсімдік шикізатының сандық көрсеткіштерін талдау және соның неігізінде сапалық ерекшілігін бағалау.
Материалдар және әдістер: 2016 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында, Алматы облысы, Балхаш ауданы, Бура ауылы, Ақкөл орманшаруашылығы № 3, Іле өзенінің оң жақ жағалауынан гүлдеу уақыты кезінде жиналған тықыр кекіре (Oxytropis glabra Lam.DC.) дәрілік өсімдік шикізаты зерттеу жұмысының обьектісі болып саналды. ҚР БжҒМ ғылым комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Ботаника және фитоинтродукция институты» Fabaceae тұқымдасына жататын Oxytropis түріне жататын тықыр кекіре (Oxytropis glabra Lam.DC.) дәрілік өсімдік шикізаты болып саналатынына №01-04/259 «29» маусым 2016 ж. анықтама берілген. Сапалылық ерекшелігін сипаттауда бойынша ылғалдылығы, жалпы және 10 % тұз қышқылында ерімейтін күлі және ауыр металдар мен радионуклидтер мөлшерін анықтау бағытында зерттелінген.
Нәтижелер және талқылаулар:
Кептіру кезіндегі массалар шығымы (ҚР МФ 1 том, 2.2.32). Oxytropis glabra Lam.DC. дәрілік өсімдік шикізаты кептіру кезіндегі массалар шығымы келтірілген а) әдісі бойынша жүргізілді. Арнайы мақалаларға сәйкес зерттелінетін үлгінің ұсақталған түрінен 1,000 г аналитикалық таразыда өлшеп алып, алдын-ала массасы тұрақтанғанша өлшенген бюкске салып, 1050С температурада 2 сағат бойы массаларының өлшемі бірдей сан мәнге келгенше процессті қайталайды. Зерттелінетін үлгінің массалар тұрақтылығын немесе уақытын арнайы мақалаларға сәйкес, келесідей әдіспен жасайды:
а) «эксикаторда» бөлме температурасында және атмосфералық қысымда фосфор (V) оксидінде зерттелінетін шикізатты кептіру жүргізілді.
Зерттелінетін үлгінің массасы тұрақтанғаннан кейін эксикаторда 30 минут бойы салқындатылып, массасы өлшенеді. Салқындату және өлшеу іс-әрекеттерін зерттелінетін үлгінің массаларының айырмашылығы 0,01 г мәнін бергенше қайталайды [1,4].Кептіру кезіндегі массалар шығымы төмендегідей формуламен есептелінеді:
m2 - m3
X = * 100%
m2 — ml
мұндағы: m1- тұрақты массаға келтірілген бюкс массасы, граммен;
т2-кептіргенге дейінгі бюкс және зерттелінетін үлгінің массасы, грамм тЗ-кептіргеннен кейінгі бюкс және зерттелінетін үлгінің массасы, граммен.
Зерттеу бойынша алынған мәліметтер кесте бойынша толтырылып, дәрілік өсімдік шикізатының кептіру кезіндегі массалар шығымы, яғни ылғалдылығы көрсетілген.
Кесте 1 - Ылғалдылықты анықтау кестесі
m бос бюкс, г |
m шикізат, г |
m1 тұрақтымассаға келтірілген бюкс салмағы, г |
m2 кептіргенге дейі- нгі зерттелнетін үлгі ж/е бюкс салмағы, г |
m3 кептіргеннен кейінгі зерттел- нетін үлгі және бюкс салмағы, г |
X шикізат ылғалдылығы, % |
140,45 |
1 |
140,45 |
141,45 |
141,40 |
5 |
140,48 |
1 |
140,48 |
141,48 |
141,46 |
2 |
140,51 |
1 |
140,51 |
141,52 |
141,48 |
4 |
Жалпы күлділігін анықтау (ҚР МФ 1 том, 2.4.16) . Дәрілік өсімдік шикізатының жалпы күлділігі жинау сақтау процесімен тікелей байланысты. Зеттелінетін шикізатты 2 мм диаметрде ұсақтап, арнайы мақалаларда көрсетілгендей массасы 1,000 г зерттелінетін үлгі алынады. Кварцты қайықша тәрізді тигельді қызарғанша 30 минут бойы әлісіз жалында қақтап, эксикаторда салқындатып, массасын өлшейді. Кварцты тигель массасы тұрақтанғанда, зерттелінетін үлгіні қайықша тәрізді тигельге тегістеп жаяды. Кептіргіш шкафта 100-1050С температурада 1 сағат бойы кептіріп, кейін 600±250С муфельді ошаққа салып өртейді. Әрбір өртегенде эксикаторда салқындатып, массасының өзгерісін бақылайды. Егер ұзақ қыздырудан кейін тигельде қара түсті бөлшектер пайда болса, тигельдегі күлді ыстық сумен шайып, сүзгі қағаздан өткізіп, сүзгі қағазды өртейді, алынған фильтратты құрғағанша кептіреді де барлық күлдерді қосып, тұрақты массаға дейін күйдіреді [1,4].
Жалпы күлділік Х1 % абсалютті құрғақ шикізатқа есептегенде формула арқылы есептейді.
.. 1711*100 *100 ■
х = m2 * (100 - UO * 100%
мұндағы: ml-күлдін массасы, граммен;
т2-шикізат массасы, граммен;
W-шикізатты кептіргендегі салмақ жоғалуы, %
Кесте 2 - Жалпы күлділікті анықтау кестесі
m бос тигель, г |
m шикізат, г |
m1, кептіргеннен кейінгі шикізат және тигель массасы, г |
m1, күл және тигель массасы, г |
Xшикізат ылғалдылығы, % |
48,35 |
1 |
49,35 |
49,28 |
7,4 |
48,40 |
1 |
49,41 |
49,34 |
7,3 |
48,43 |
1 |
49,45 |
49,38 |
7,3 |
Шикізаттың хлорсутек қышқылында ерімейтін күлін анықтау. (ҚР МФ 1 том, 2.8.1). Шикізаттың 100 г массасына шағып есептегендегі жалпы кулділіктен немесе сульфатты бөліндіден қалған тигельдегі қалдыққа 15 мл 10% хлорлы сутек қышқылын қосады (тығыздығы 1,050 г/см3), тигельді шыны сағатпен жабады, 10 мин қайнаған су моншасында қыздырады. Тигельдегі қоспаға шыны сағатты жуа отырып 5 мл ыстық су қосады. Сұйықты күлсіз фильтр арқылы сүзеді. Фильтрді қалдығымен хлоридтерге теріс реакция көрсеткенше ыстық сумен жуады, қайтадан сол тигельге салады, кептіреді, 54
Кесте 3 - Тықыр кекіре дәрілік өсімдік шикізатынң сандық көрсеткіштері
Үлгі № |
Кептіру кезіндегі массалар шығымы |
Жалпы күлділігі |
10 % тұз қышқылында ерімейтін күлділігі |
1 |
5 |
7,4 |
0,08824 |
2 |
2 |
7,3 |
0,09126 |
3 |
4 |
7,3 |
0,091 |
Ескеру* Арнайы мақалаларда келтірілген бойынша кептіру кезіндегі массалар шығымы 10,0 %, ал жалпы күлділік 12,0 %, 10 % тұз қышқылында ерімейтін күлділігі 1,0 % аспауы қажет.
Алынған зерттеу үлгілерінің нәтижелері толығымен ҚР МФ талаптарына сай жүргізіліп, арнайы мақалаларда көрсетілген шекті нормалардан шықпағандағы анықталынды.
Дәрілік өсімдік шикізаттарының барлық түрлеріне радионуклидтер мөлшерін бақылау маңызды болып табылады. Тықыр кекіре (Oxytropis glabra Lam.DC.) дәрілік өсімдік шикізатының үш үлгісіндегі радионуклидтер мөлшерлері төмендегі кестеде көрсетілген. Сонымен қатар, тықыр кекіре дәрілік өсімдік шикізатының жарамдылық сапасын анықтау мақсатында улы элементтер қатарына да зерттеулер жүргізілді.
Үш үлгіден алынған шамалар НҚ бойынша рұқсат берілетін дәрежеден аспайтыны анықталынған.
Кесте 4 - Үлгілердегі радионуклидтер анықтау кестесі
Радионуклидтер атауы, Бк/кг |
НҚ бойынша рұқсат берілетін дәрежесі Бк/кг |
Үлгілерді өлшеу нәтижелері |
||
1 |
2 |
3 |
||
Цезий - 137 |
400 |
<27,6 |
<54,5 |
<68 |
Стронций -90 |
200 |
<11,34 |
<63,2 |
<97 |
Улы элементтер атауы, мг/кг |
||||
Қорғасын |
6,0 |
0,112 |
0,233 |
0,254 |
Кадмий |
1,0 |
- |
0,007 |
0,029 |
Күшән |
0,5 |
- |
- |
- |
Сынап |
0,1 |
- |
- |
- |
55
Жасалынған сынамалар келесідей НҚ бойынша: МЖМС Р 51301-99; МЖМС 26930-86; МЖМС 26927-86; МЖМС 32161-2013; МЖМС 32163-2013 жасалынды.
Қорытынды:
Тықыр кекіре дәрілік өсімдік шикізатынын стандарттау мақсатында шикізаттың тауарлық көрсеткіштері анықталынды. Олар кептіру кезіндегі массалар шығымы яғни ылғалдылығы 2-5, ал жалпы күлділігі 7,3-7,4, 10 % тұз қышқылында ерімейтін күлділігі 0,0884-0,09126 мәндерде
болатындығ анықталынды. Улы элементтер және радионуклидтердің шамалары нормативті құжаттарда келтірілген нормалардан аспайтыныдығы және зерттелінген үлгілердің радиологиялық таза шикізат екенін дәлелдейді. Дәрілік өсімдік шикізатын стандарттау, алдағы уақытта отандық шикізаттан дәрілік өсімдік тектес дәрілік препарттар қатарын толықтыру мақсатында сандық көрсеткіштер зерттелінеді.
Әдебиеттер
- ҚР Мемлекеттік Фармакопеясы. Т.1. - Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2009. - 792 б.
- ОФС 42-0013-03. Правила лекарственного растительного сырья и методы отбора проб.-Введ. 16.06.2003 Б.м., 2003. 8 с.
- Попова О.И. Чистота лекарственного растительного сырья -показатель безопасности применения/О.И. Попова, Н.Н. Вдовенко-Мартынова, А.А. Круглая и др. // Известия Самарского научного центра РАН. 2012.Т 14, №5 (3).С7 748-750
- Самылина И.А. Руководство к практическим занятиям по фармакогнозии: Уч. Пособие / Под ред. И.А. Самылиной. - М.: МИА, 2007.