Түйін
Алдарыңызға ұсынылып отырған еңбекте Байдыбек ауданының еңбек ету жасындағы тұрғындарының арасында жүргізілген кешенді зерттеулер олардың денсаулығын қорғауға арналған әлеуметтік-гигиеналық мониторинг жүйесін ғылыми тұрғыда негіздеу мәселелері берілген. Бейэпидемиялық аурулардың таралуы мен олардың созылмалы түрге өту мүмкіндігін анықтау еңбек ету жасындағы ауыл тұрғындарының арасында жүргізілетін әлеуметтік-гигиеналық мониторинг жүйесіне енетін профилактикалық шараларды түзеді. Байдыбек ауданының еңбек ету жасындағы тұрғындарының арасындағы денсаулыққа қауіп туғызатын қатерлі әлеуметтік- гигиеналық, медициналық-биологиялық және өмір сүру салты себептеріне байланысты жүрек ишемиясы, созылмалы обструктивті бронхит және ас қорыту жүйесі ауруларының жоғары деңгейде қалыптасатындығын анықтау, жүргізілетін әлеуметтік-гигиеналық мониторинг жүйесін барынша объективті ұйымдастыруға негіз болды.
Кілт сөздер: бейэпидемиялық аурулар, мониторинг жүйесі, еңбек ету жасындағы тұрғындар, әлеуметтік гигиеналық, емдік профилактикалық шаралар.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі және аса маңызды міндеті еңбек ету жасындағы тұрғындардың денсаулығын сақтау және жоғары дәрежеде қамтамасыз ету болып табылады. Еңбек ету жасындағы тұрғындар отанымыздың ең басты өндірістік қуаты және ұлттық қауіпсіздіктің кепілі екендігі белгілі.Осы әлеуметтік-жастық топтың еліміздегі тұрғын халықтар- дың құрамындағы үлес салмағы 45% дейін жетеді.
Олардың орташа жасы 34,6 жылды құрайтындығы анықталып отыр. Сондықтан еңбек ету жасындағы тұрғындардың денсаулығына баға беру және олардың еңбек ету қабілетін жоғары деңгейде қамтамасыз ету аса маңызды әлеуметтік-гигиеналық және медициналық-экономикалық мәселе болып табылады. Қазіргі таңдағы осы әлеуметтік топтың тәуелсіз мемлекетіміздің экономикасының өркендеуіне қосатын үлесін есепке алсақ, онда еңбек ету жасындағы тұрғындардың денсаулығын жоғары дәрежеде қамтамасыз етудің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы ерекше екнедігі анық байқалады.Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері көрсеткендей, еңбек ету жасындағы тұрғындар арасында қалыптасқан аурушаңдық, мүгедектік және өлім көрсеткіштері олардың жастық, жыныстық, кәсіби, әлеуметтік ерекшеліктеріне қарай әртүрлі деңгейде екендігі байқалады. Еңбек ету жасындағы тұрғындардың денсаулығын сақтау және олардың арасында профилактикалық бағдарламаларды жүзеге асыру жұмысының маңыздылығы әсіресе 2015 жылдан бері қалыптасқан экономикалық тоқырауға байланысты аса үлкен мәселеге айналып отыр.
Осы кезеңде еңбек ету жасындағы тұрғындардың арасында аурушаңдық пен өлімнің күрт өсіп, жұмыссыздық оқиғалары белең алып, жалпы әлеуметгік-гигиеналық қауіп қатердің одан ары өршуі байқалады. Сонымен еңбек ету жасындағы тұрғындардың денсаулығына төнген қауіп-қатер күрт ұлғайды. Еңбек ету жасындағы тұрғындардың өлім аса жоғары деңгейде қалыптасып отыр. Бұл жағдай еліміздегі ішкі демографиялық ақуалға және жалпы тұрғындардың денсаулық жағдайына айтарлықтай әсерін тигізіп отыр. Осы көрсеткіштің кері динамикасы жақын болашақта еңбек еңбек ету жасындағы тұрғындар санын азайтып, ұлттық қауіпсіздікті барынша нашарлатады деп күтілуде.
Экономикалық тоқырау кезеңінде жекеменшіктегі өндіріс орындарының басшылары табыс көзін арттыру мақсатында гигиеналық мәселелерге көңіл бөлмейді және денсаулықты қорғау шарттарын есепке алмай, өндірісті жүргізу ережелерін бұза отырып,жұмысшылар денсаулығына жиі қатер төндіруде. Осыдан жұмысшылар арасында кәсіптік және өндіріске тәуелді аурулардың туындауын арттыруда. Өндіріске байланысты аурулардың таралуын жасыру оқиғалары жұмысшы- лардың мүгедектікке ұшырап, олардың ерте жастан өлуіне жол ашады.Сондықтан өндірісте жұмыс атқаратын еңбек ету жасындағы тұрғындардың денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар бағдарламаларын ғылыми түрде негіздеуді қажет етеді. Әлеуметтік -медициналық және экономикалық тұрғыда тиімді және адам денсаулығын қорғауға бағытталған бағдарламалар қоғамның еңбек қорларын сақтап қалуға және оның одан ары өркендеуіне жол ашады.
Зерттеудің мақсаты: біздің зерттеу жұмысымыздың негізгі нысаны ретінде Оңтүстік Қазақстан облысы Байдыбек әкімшілік ауданының еңбек ету жасындағы тұрғындар денсаулығы- ның әлеуметтік-экономикалық қырлары қарастырылды. Зерттеу бірлігі болып еңбек ету жасында- ғы тұрғындар денсаулығының денсаулық көрсеткіші қарастырылды.
Зерттеу материалдары мен әдістері: Зерттеу жұмысы арнайы құрастырылған бағдарлама бойынша жүзеге асырылды. Зерттеу кезеңдері 2010-2016 жылдар арасында деп есептелінді.
Зерттеудің 1-ші кезеңінде отандық және шет елдік авторлардың еңбек ету жасындағы тұрғындар денсаулығының әлеуметтік-гигиеналық мәселелеріне арналған еңбектеріне шолу жасау. Қарастырылған еңбектерінің саны 80 - нен асты және оның басым бөлігін Россия ғалымда- рының жұмыстары болып шықты. Бұл кезеңді жүзеге асыру үшін библиографиялық және сараптамалық әдістер қолданылды.
Жұмыстың 2-ші кезеңінде жергілікті аумақтағы еңбек ету жасындағы тұрғындар ауру- шаңдығының деңгейі мен құрамы, динамикасы және аурушаңдық көрсеткішінің даму бағыты анықталды. Зерттеу барысынла аурушаңдық көрсеткішінің 2010-2016 жылдардағы динамикасы қарастырылды. Оның барысында емдеу профилактика мекемелерінің жүргізетін ресми аурушаң- дық туралы есебі зерттелді. Зерттелген көрсеткіштің жастық және жыныстық ерекшеліктері де сарапталды.
Зерттеудің 3-ші кезеңінде Байдыбек әкімшілік ауданы еңбек ету жасындағы тұрғындары- ның аурушаңдығын туындататын қатерлі себептердің қалыптасу заңдылықтары анықталды. Бұл себептерді анықтау үшін медициналық-статитстикалық және социологиялық әдістер қолданылды.
Осының арқасында пациентердің ретроспективті статистикалық мәліметтері алынып, олардың арасында таралған әлеуметтік маңызды аурулардың нозологиялық құрамы анықталды. Аурулардың әлеуметтік гигиеналық сипатын бағалау және өмір сүру сапасын анықтау үшін олардың арасында социологиялық зерттеу жүргізілді. Оны арнай құрастырылған сұрақнаманың көмегімен жүзеге асырылды.
Оның ішінде, медициналық белсенділік, спирттік ішімдіктерді қабылдау, темекі шегу, норкотик қабылдау сияқты сұрақтар қарастырылған. Зерттеу жұмысы ОҚО - ның Байдібек ауданында жүзеге асырылды. Бұл ауданның құрамына 18 ауылдық елді мекендер кіреді. Тұрғындардың орналасу жиілігі 1 шаршы км балап есептегенде 7,2 адамды құрайды. Соңғы 20102016 жылдардағы деректерге қарағанда аудан тұрғындарының саны 1,7 пайызға өскен. Тұрғындардың жыныстық құрамында әйелдердің саны ер кісілердің санынан анағұрлым артық. Мысалы, олардың 2010 жылдағы үлес салмағы 52,7 пайызды құраса, 2016 жылы 52,9 пайызға жеткен. Бұл аудандағы тұрғындардың жастық құрамы да үлкен өзгерістерге ұшырау үстінде.
Тұрғындардың денсаулығын қорғау еліміздің ұлттық қауіпсіздігін сақтаудық ең маңызды жолы болып табылыды. Егер осы мәселені дұрыс жүзеге асырмасақ, ол өте ауыр әлеуметтік- медициналық, демогрфиялық және экономикалық өзгерістерге алып келеді. Тұрғындардың денсаулығы әртүрлі медициналық-биологиялық, әлеуметтік-гигиеналық, тұрмыстық-экономика- лық және өмір сүру сапасы себептерінен тікелей байланыста қалыптасады. Олардың өзгерістері міндетті түрде денсаулық көрсеткіштерінің динамикалық өзгерістерін туындатады. Тұрғындардың денсаулығын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге жалпы аурушаңдық, жеке және үлкен топтағы аурулардың көрсеткіші, мүгедектік, өлім және тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығы сияқты көрсеткіштерінен сипатталады. Қазіргі таңда тұрғындардың амбулаторлық-емханалық, стационарлық мекемелерде қаралу көрсеткіштері жылдан-жылға өзгеріске ұшырауда.
Зерттеу нәтижелері және талқылау:
Біздің зерттеулер барысында тұрғындардың денсаулығын нақты көрсететін индикатор ретінде аурушаңдық көрсекрткіші алынды. Оны біз 100000 адамға балап есептедік. Оның бары- сында еңбек ету жасынддағы тұрғындардың арасындағы аурушаңдықтың негізгі құрамын құрайтын патологиялардың ішінде 1-ші рангалық тыныс алу жүйесі органдарының аурулары орналасқан.
Оның 2010-2016 жылдардағы орташа деңгейі 9253,7 ^00 ді құрады. Оның ең жоғары деңгейі 2010 жылы 11271,0%00 болып қалыптасқан. Ал оның ең төменгі деңгейі 8699,1%о00 ге дейін болып, 2011 жылы түзелген. Бұл аурудың динамикасында 2012 жылдан бастап динамикалық өсім байқалады.
2 рангалық орында ас қорыту органдарының аурулары орналасқан. Оның зерттелген жылдардағы орташа деңгейі 61.3.42%»,0 болып шықты. Көрсеткіштің ең жоғары деңгейі 2014 жылы қалыптасқан. (7309%о00), ал оның ең төменгі деңгейі 2010 жылы түзелген (.3986.9%о00).
3 рангалық орында қан және қан түзу ағзаларының аурулдары орналасқан. Оның орта деңгейі 3697,1%00. Көрсеткіштің ең жоғары деңгейі 4202,6%00 тең болып, 2013 жылы түзелген. Аурушаңдықтың динамикасы үнемі жоғарлау үстінде. Оның ең төмеңгі деңгейі 3493,5%00 болып, 2010 жылы түзелген болып шықты. Аурушаңдық көрсеткішінің 4 рангалық орнында қан айналу жүйесінің аурулары орналасқан. бұл көрсеткіштің динамикасы үнемі өсу үстінде екендігі байқалады. Оның ең төменгі деңгейі 2472,9%00 болып шықты және зерттеудің алғашқы жылында тіркелген.
Көрсеткіштің 5 рангалық орында несеп жыныс жүйесі аурулары орналасқан. Бұл аурушаң- дықтың орта деңгейі 2094,6%00. Бұл көрсеткіштің даму динамикасы бірте-бірте төмендеумен анықталады. Ал нерв жүйесінің аурушаңдық көрсеткішінің 2064,3%00 болса, қалған патологиялар 1162,8 және 1861,5%00 дің арасында орналасқан. Сонымен, аурушаңдықтың динамикасын зертеу ересек тұрғындардың арасында негізгі бейэпидемиялық аурулардың барлығыда динамикалық өсім бергендігін көрсетіп отыр. Оның негізгі себептері өндірістік-кәсіби, әлеуметтік-гигиеналық, өмір сүру салты, экологиялық-гигиеналық қауіпті себептердің әсерінен туындаған деп есептеуге болады.
Байдыбек ауданының еңбек ету жасындағы тұрғындарының ерте өлімге ұшырау көрсет- кішінің 2010-2016 жылдардағы динамикасы мынаны көрсетті: ерлердің арасында өлімге ұшырау көрсеткішінің деңгейі 2010 жылы 586,9%00 болса, 2015 жылы 591,2%00 ді құрады. Көрсеткіштің ең төменгі деңгейі 2013 жылы қалыптасса (574,3%00), оның ең жоғары деңгейі 591,2 болып шықты. Әйелдердің арасында өлім көрсеткішінің орташа деңгейі 564,2%00 ден 566,1 %00 ге дейін жетті. Көрсеткіштің қалыптасуында шамалы өсім динамикасы бар екендігі анықталды. Әйелдер мен еркектердің өлім көрсеткіші жалпы осы әлеуметтік топтың өлімге ұшырау оқиғаларын сипаттайды. Осыған қарағанда, 2010-2015 жылдар аралығында бұл көрсеткіште біршама өсім анықталып отыр және оның деңгейі 573%00 578%00 ге дейін артқан.
Осы әлеуметтік топтағы өлімге алып келетін негізгі себептер нәтижесі көрсетілген. Тұрғын- дардың арасындағы өлімнің 34,9 пайызын жарақаттар мен уланулар және кездейсоқ жағдайлардан туындаған өлімдер құрады. Ал қан айналу жүйесінің аурулары осы көрсеткіштің 29,1 пайызына себеп болды. Қатерлі ісіктердің үлес салмағы өлім көрсеткішінің құрамында 11,4 пайызға жетсе, тыныс алу органдарының аурулары 6,2 пайызды, ас қорыту органдарының аурулары 5,9 пайызды түзеп отыр. Инфекциялық және паразитарлық аурулар мен өзге патологиялар бірдей шамада (4,9 пайыз), өзіндік үлестерін қосады. Несеп-жыныс жүйесі аурулары 2,7 пайызға дейінгі өлім себебі болып табылады екен.
Еңбек ету жасындағы тұрғындардың өлім көрсеткішінің ішіндегі ер кісілер мен әйелдердің үлес салмағы әртүрлі болып шықты. Зерттеу барысы көрсеткендей барлық патологиялардың қалыптасуында ер кісілердің үлес салмағы 66,2 пайыздан 82,9 пайызға дейін жетті. Ер кісілердің аурушаңдыққа қосатын ең төменгі үлес салмағы қатерлі ісіктерде байқалады (66,2 пайыз). Ал оның ең жоғары деңгейі жарақаттар мен улануларда кездеседі (82,9пайыз). Қан айналу жүйесі ауруларының құрамындағы ер кісілердің қосқан үлес салмағы 82,2 пайыз болса, тыныс алу органдары ауруларына қосатын үлес салмағы 82,4 пайыз. Ас қорту органдарының ауруларының қалыптасуына ер кісілердің үлес салмағы 75,6 пайыз болса, инфекциялық және паразитарлық аурулардың үлес салмағы 77,1 пайыз болып шықты. Еңбек ету жасындағы тұрғындардың өлім көрсеткішінің жалпы деңгейіндегі ең үлкен үлес салмағы қатерлі ісіктерде анықталды (33,8 пайыз). Ал инфекциялық және паразитарлық аурулардың қалыптасуындағы үлес салмағы 22,9 пайыз. Ас қорыту органдарының ауруларының қалыптасуында қосатын үлесі 24,4 пайыз болып шықты. Жарақаттар мен уланулардың, тыныс алу органдарының ауруларынның және қан айналу жүйесі патологияларының әсерінен өлім-жітім көрсеткішінің жалпы деңгейінің құрамында әйелдердің үлес салмағы 17,1 пайыздан 17,8 пайызға дейін жетеді. Медициналық көмектің тиімділігінің жоғарылауына әсерін тигізетін себептердің ішінде тұрғындардың өз денсаулығына қамқорлығы ерекше роль атқарады. Осы себепті профилактикалық және емдік шараларды жүзеге асырғанда міндетті түрде есепке алу қажет.
Сондықтан, Республиканың тәуелсіздік жылдарында жүзеге асырылған Қоғамдық денсау- лық сақтау саласының ғылыми еңбектерінде осы мәселеге жан-жақты көңіл бөлінген. Республика- ның ұлттық денсаулық бағдарламасында әрбір тұрғынның өз денсаулығына қамқорлығы жоғары болуы тиіс деп көрсетілген. Осы жағдайда тұрғын халықтың арасында жүргізілетін диспансериза- ция айтарлықтай сапалы тұрғыда жақсарып, аурулардың өз денсаулы-ғын қорғауға ынтасы арта түседі. Осы мәселені Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы ғалымдары кешенді түрде зерттеп, бұл көрсеткіштің диспансеризацияға тигізетін әсерін бағалады. Социологиялық зерттеуді арнайы құрастырылған сұрақнаманың көмегімен жүзе-ге асырды және оған 400 еңбек ету жасындағы Байдыбек ауданының тұрғындары тартылды. Олар-дың 42,3 пайызы ірі өндірістік орындарда жұмыс атқарған. 39,7 пайызы әкімшілікте, мектептерде қызметкер болып жұмыс атқаратын еңбек ету жасындағы тұрғындар болып шықты. Осыған қарағанда сұрақнамаға тартылғандардың басым бөлігін өндіріс еңбек ететін жұмысшыларының әртүрлі ұйымның қызметкерлері болып табылады.
Зерттеу барысында зерттелген респонденттерің еңбекпен айналысу дәрежесі қарас- тырылды. Оның барысында еңбекке жарамды жастарды тұрғындардың 52,9 пайызы толық ауы- сымдағы еңбекпен қамтылғандығы байқалды. Ал 40,6 пайызының еңбек ету уақтысы толық емес болып шықты. Олардың қатарындағы жұмыссыздардың үлес салмағы 1,3 тең болса, осы жастағы еңбекпен қамтылған мүгедектердің үлес салмағы 2,7 пайызды құрады. Алынған деректерге қарағанда Байдыбек ауданының осы жастық топтағы тұрғындарының 93,5 пайызы жұмыс атқарады. Алайда, жұмыссыздардың да саны аз емес. Сондықтан, жұмыссыздар мен мүгедектердің арасындағы профилактикалық шараларды қатаң және сапалы түрде ұйымдастыру көптеген соматикалық және психологиялық аурулардың алдын алуға көметеседі.
Зерттелген тұрғындардың арасында отбасылық жағдайдың ақуалы тексерілді. Осы аудандағы еңбек ету жасындағы тұрғындардың 81,7 пайызы ресми түрде үйленген болып шықты. Ал 13,9 пайызы үйленбегендер қатарын құрады. Жесір қалған тұрғындардың үлес салмағы 0,6 пайызды құраса, айырылысқандардың үлес салмағы 3,3 пайызға тең болып шықты. Сонымен, ресми түрде үйленбегендердің 95,7 пайызы 18 жастан 24 жасқа дейінгі аралықтағы жастар болып шықты. Сондықтан, олардың отбасылық жағдайы міндетті түрде жақсаратындығы белгілі. Зерттеу барысында респонденттердің білімділік деңгейі де анықталды. Зерттелгендердің 38,9 пайызы орташа арнайы білімі бар азаматтар болып шықты. Ал жалпы орташа білімі барлар 32,5 пайызды түзеп отыр. Сонымен, осы екі топ жалпы Байдыбек ауданы тұрғындарының еңбек ету жасындағыларының 70,0 пайызынан астамын құрап, олардың әлеуметтік-гигиеналық сипатын байқатып отыр. Тексерілгендердің арасында жоғары білімділердің үлес салмағы 9,3 пайызды құраса, жоғары білімдері толық аяқталмағандардың үлес салмағы 9,3 пайызды түзеді. Респонденттердің 8,8 пайызында аяқталмаған орташа білімі бар. Ал 7,7 пайызында төмен деңгейдегі білімі бар болып шықты.
Еңбекке жарамды жастағы тұрғындардың денсаулығы, олардың үймен қамтамасыз етілу деңгейіне тікелей байланысты (7 кесте). Олардың 34,0 пайызы жақсы ақуалдағы үйлермен қамтамасыз етілген. Ал 62,0 пайызының үй-жаймен қамтамасыз етіліуі қанағаттанарлық деп есептеген. Зерттелгендердің 8,0 пайызының үймен қамтамасыз етілуі нашар. Ал жеке тұрғындардың мүлдем үйі жоқ. Сондықтан, еңбек ету жасындағы Байдыбек ауданы тұрғындарының үймен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілмеген.
Әлеуметтік және отбасылық жағдайына қарай еңбек ету жасындағы тұрғындардың өз денсаулығына берген субъективтік бағасын зерттедік. Өз денсаулығыңызды қалай бағалайсыз? - деген сұраққа респонденттің көпшілігі (55,8 пайызы) денім толығынан сап-сау деп жауап берді. Олардың 17,4 пайызы өткір респираторлық аурулармен өте сирек сырқаттанамын деп жауап берді. Ал сұралғандардың 5,0 пайызы болса өткір респираторлық аурулармен жиі сырқаттанамын деп жауап берді. Респонденттердің 21,8 пайызы ауыр созылмалы бейэпидемиялық ауруларға шалдықтым деп жауап берді. Осы жерде айта кетеін мәселе, көрсеткіштердің деңгейі сұрақнамаға тартылғандардың әлеуметтік жағдайына тікелей байланысты болып шықты.
Жұмысшылардың арасында деніміз сау деп жауап бергендердің үлес салмағы 42,3 пайызды құрады және қызметкерлер (39,7 пайыз), жұмыссыздардың (28,4 пайыз) көрсеткіштерінен айтарлықтай жоғары болып шықты. Бұл көрсеткіштің деңгейі жоғары білімді адамдардың арасында (36,2 пайыз), орташа арнайы (53,7 пайыз) және орта (69,3 пайыз) білімділердің көрсеткіштеріне қарағанда анағұрлым төмен. Ең денсаулығы нашар деп есептеушілердің арасында педагогикалық жеке жұмысшыларының көрсеткіші болып шықты (31,7 пайыз). Басқаша айтқанда респонденттердің білімі жоғарлаған сайын және санитарлық мәдениетінің жоғары болуына байланысты өз денсаулығына беретін бағасы төмендей түседі. Олар өз денсаулығын өте қатаң бағалайды екен.
Зерттелгендердің ішінде денсаулығымыз жақсы деп есептейтіндердің өте төмен деңгейі білімдері төмен респонденттердің арасында байқалады (18,5 пайыз). Осы респонденттердің арасында жастары ұлғайған және зейнеткерлік жастағы тұрғындардың үлесіне тиеді. Олардың барлығы дерлік төмен деңгейдегі білімділер болып табылады. Зерттеу барысында біз респонденттердің ауруларға шалдығу сипатын зерттедік. Өздерінің дені сау деп атағандардың көпшілігі 55,1 пайызы бірнеше ауруларының бар екендігін атап өтті. Олардың арасында жүрек-қантамыры аурулармен науқастанғандардың үлес салмағы 23,1 пайызды құрады. 7,5 пайызы ас қорыту органдарының ауруларымен, 3,4 пайызы тыныс алу жүйесі ауруларымен, 3,0 пайызы сүйек-бұлшық ет жүйесі ауруларымен, 2,8 пайызы жүйке жүйесі ауруымен, ал қалғандары әртүрлі соматикалық аурулармен ауыратын болып шықты (5,1 пайзы). Айта кететін жағдай ер кісілердің бірнеше аурулармен ауыратындары 67,9 пайызға жетеді. Ал әйелдердің үлес салмағы 42,8 пайызды құрады. Ер кісілердің арасында жүрек-қан айналу жүйесі аурулары 13,1 пайызды құраса, әйелдердің арасында 32,7 пайызды құрап отыр.
Ер кісілердің арасында өзін аурумын деп есптегендердің үлес салмағы 50,6 пайызды құраса, әйелдердің арасында ондай тұлғалардың үлес салмағы 58,0 пайызды құрап отыр. Айта кетеін жағдай респонденттердің көпшлігі өз денсаулығына объективтік баға бере алмаған. Мысалы: өз денсаулығын жақсы деп есептеген респондеттердің 27,7 пайызы өз организмінде бірнеше аурудың бар екендігін атап өткен. Оның барысында 1,3 пайыз респондент қандай аурумен ауыратындығын жеткізе алмады. Пациенттердің өз денсаулығына дұрыс баға бере алмауы әсіресе объективтік және субъективтік деректерді салыстырғанда байқалады.
Объективтік деректердің қатарында медициналық көмек алуға бару деректері, профилактикалық тексеру нәтижелері бар. Осы материалдарды салыстыру барысында өз денсаулығын жақсы деп есптегендердің 10,8 пайызында созылмалы бейэпидемиялық аурулардың бар екендігі анықталып отыр. Өз денсаулығын бағалауына қарай респонденттердің өз денсаулығына деген қамқорлығы да қалыптасады. Сұрақнамаға тартылғандардың 59,8 пайызы өз денсаулығына мүлдем қамқорлық жасамаған. Ал олардың 48,7 пайызы денсаулығына қамқорлықтың қажеті жоқ деп атап өткен.
Респонденттердің 11,1 пайызы өз денсаулығына қамқорлық қажет болса да оған көңіл бөлмеген. Ал олардың 34,8 пайызы тек қана денсаулығы нашарлағанда өз денсаулығына қамқорлық жасай бастаған. Осыған қарағанда еңбек ету жасындағы тұрғындардың басым бөлігі профилактикалық шаралармен мүлдем айналыспайды. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайы, оның денсаулығына деген қамқорлығын өзгерістерге ұшыратады. Өз денсаулығына үнемі көңіл бөлетіндердің ішінде, қызметкерлердің үлес салмағы жұмысшыларға қарағанда жоғары. Осындай жағдай жоғары білімділер мен төмен дәрежедегі білімі бар арасында да қалыптасқан.
Айта кететін жағдай жоғары білімділердің арасында денсаулыққа үнемі қамқорлық жасау керектігі жақсы белгілі. Алайда, олардың сөз жүзіндегі профилактикалық шаралардың деңгейі тәжірбиелік тұрғыда дұрыс орындалмайды. Денсаулыққа қамқорлықтың дәрежесі отбасылық жағдайға да тікелей байланысты. Өз денсаулығына үнемі қамқорлық жасайтындардың арасында жесір қалғандардың үлес салмағы өте жоғары. Өз денсаулығына қамқорлық жасамайтындардың арасында дені сау адамдар мен қатар органимнінде бірнеше бейэпидемиялық аурулары барлар да жиі кездеседі. Ал олардың айтарлықтай бөлігі денсаулығымызға ешқандай да қамқорлықтың қажеті жоқ деп есептейді (9,1 ден 16,3 пайызға дейін). Тұрындардың санитарлық білімділігі және санитарлық ағарту жұмысының тиімділігі туралы олардың диспансерлік бақылауға көзқарасынан байқауға болады. Сұрақнамаға тартылғандардың 62,2 пайзы диспансеризация өте денсаулыққа қажетті шара деп есептейді. Алайда, олардың 12,1 пайызы диспансеризацияға не үшін қажет екендігін білмейді. Респонденттердің 11,2 пайызы диспансеризацияның еш қажеті жоқ деп есептейді. Ал қалғандары диспансеризацияны мүлдем естімеген болып шықты. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда диспансеризациялық бақылаумен өз денсаулығына деген қамқорлығы арасында тығыз корреляциялық байланыс бар екендігі анықталды. Профилактикалық-медициналық тексеруді жүргізу барысында сұрақнамаға тартылғандардың 64,8 пайызы бұл шараға қатыспады. Себебі, олар профилактикалық тексеруді қажет емес деп есептейді.
Сонымен, еңбек ету жасындағы тұрғындардың өз денсаулығы туралы көз-қарасын бағалау және диспансеризацияның денсаулықты сақтауға көмегін зерттеу, әртүрлі әлеуметтік топтарда түрлі дәрежеде қалыптасқандығын көрсетті. Осы жерде айта кететін мәселе, білімі өте төмен еңбек ету жасындағы тұрғындардың арасында өз денсаулығына деген қамқорлық деңгейі айтарлықтай төмен болып шықты. Ал олардың диспансеризация туралы түсінігі бұл шаралардың міндеті мен мақсаты туралы білімділігі мүлдем жоқтың қасы болып шықты. Сондықтан, еңбек ету жасындағы тұрғындардың санитарлық білімділігін арттыру және санитарлық ағарту жұмысының сапасын жоғарлату диспансеризацияны өте жоғары деңгейде көтерудің бір жолы деп есептеуге болады. Сонымен тұрғындардың диспансеризация жұмысына даярлығы бұл шараларды дұрыс түсінумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, олар өз денсаулығына деген қамқорлығн арттыру қажеттігін мойындауы тиіс.
Қорытынды
- Байдыбек ауданының еңбек ету жасындағы тұрғындарының аурушаңдығы мен мүгедектігі динамикалық тұрғыда өсі беруде. Оның негоізгі себептеріне онкологогиялық патологиялардың және жүрек-қан айналу жүйесі аурулары деңгейінің соңғы жылдардағы одан ары жоғарлауы деп қарастыруға болады.
- Еңбек ету жасындағы тұрғындардың денсаулығының нашарлауына олардың өз денсаулығына қамқорлығының төмендігі және диспансеризация шараларына немқұрайлы қарауы да айтарлықтай кері әсерін тигізуде.
- Өз денсаулығына көңіл бөлмеу оқиғалары әсіресе білімі төмен тұрғындардың арасында жиі таралған. Олардың санитарлық білімі нашар болумен қатар медицина қызметкерлерінің емдеу профилактикалық шараларын орындауы да жеткіліксіз.
ӘДЕБИЕТТЕР
- .Баев В.В. Основные демографические показатели заболеваемости и смертности населения в Республике Хакассия // Клиническая геронтология.- 2006. - № 4. - С. 44 - 46.
- .Нечаева О.Б., Кожекина Н.В., Подымова А.С. Заболеваемость и смертность от туберкулеза женщин в Свердловской области // Проблемы туберкулеза и болезней легких . - 2008. - № 6. - С. 24 - 28.
- .Тишук Е.А., Новиков А.В. Смертность трудоспособного населения Саратовской области и меры по ее снижению // Проблемы социальной гигиены, здравоохранения и истории медицины. - 2005. - № 3. - С. 17 - 20.