Өзектілігі. Қазаустанның Республикасының заманауи жағдайларда дамуында хадықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету тетіктері фармацевтикалық мекемелердің нарықтық қызметтернің халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған мемлекеттік реттеу шараларының уштасуымен сипатталадвы/1, 2, 3/.
Зерттеу жұмысының мақсаты - ҚР дәрілік затпен қамтамасыз етудің даму ерекшелітерін зерттеп талдау.
Материалдар мен әдістер -контент-анализ әдістері, әлеуметтік-маркетингтік зерттеулер.
Нәтижелер мен талқылаулар. Сондықтан әлеуметтік маңызды аурулармен ауыратын науқастарды кепілдемелі көлемдегі дәрілік заттармен қамтамасыз ету қиын шешімді.
Қазіргі таңда ҚР фармацевтикалық нарықтың әлеуметтік институтының қүрылуы мен дамуындағы келесі маңызды кезеңдер айқындалды.
Қазақстан Республикасында әлеметтік маңызды аурулармен ауыратын науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз етумен байланыста ауыртпалықтарды қазіргі таңда шектеулі бюджеттік қаржыландыру шарттарында, дәрілік заттарға баға орнату жүйесінің болмау жағдайларында, фармацевтикалық нарықта саны көп әрі бағасы қымбат дәрілік заттардың болуында шешуге тура келеді.
Ондағы маңызды орынды денсаулықтары түрақты немесе курстық медикаментозды емді қажет ететін, бірақ материалдық жағдайлары өмірлік маңызды және қажетті дәрілік затты алуға мүмкіндік бермейтін науқастар алады.
Дәрілік заттармен қамтамасыз ету ауырпалықтарын шешуде ДДҰ ресурстары шектеулі елдерге фармацевтикалық секторды («Ұлттық Дәрілік Саясатты») өндіруді және енгізуді үсынады. Ұлттық Дәрілік саясаттың маңызды бөлшегі болып негізгі дәрілік препараттар тізімі болып табылады.
Бүндай тізімге дәрілік препараттарды таңдау көрсеткіштеріне маңызды ауруларды емдеу және алдын алуда қолданылуы, дәлелденген тиімділік пен қауіпсіздігі, бүл препараттардың бағасы мен тиімділігі арасындағы арақатынастың ескерілуі жатады.
Негізгі дәрілік заттар тізімі емдеусызбасының бағасын анықтаудың, дәрілік заттарға мүқтаждықтың, сонымен қатар оған енген препараттарды бақылайтын қүжаттар мен ақпараттарды дайындаудың негізі болып табылады.
ҚР ең жоғары деңгейде аурушаңдық көрсеткіші артып жатқан аурулар қатарына туберкулез, вирусты гепатит жатады. Бүл тенденция бірнеше жылдың барысында сақталып түр.
Жүргізілген зерттеу барысында әлеуметтік маңызды аурулармен ауыратын науқастар ақы төлей алу қабілеті бар сүраныстар мен тұгынушылық артықшылықтарымен сипатталатынын ескердік. Ақы төлеуге қабілетті сүранысты анықтауда түтынуға қажетті кіріс деңгеі маңызды.
Қазіргі таңда ҚР төмендегі сипаттамалр тән кезеңдерөткерілмеді:
1. Фармацнвтикалық нарықтың әлеуметтік тетік ретіндегі нормалары және қағидаларымен байланысты үрдістерді қүру мен беіту;
2. Айтылып отырған әлеуметтік институттың мүшелерін қамтитын жүйенің қүрылуы, себебі осы тетікті қүраушылардың барлығы өзара тығыз байланыста деп айтуға әлі ерте.
Қорытынды
1. Дәрілік заттармен қамту үрдісін зерттеу нарықтық жағдайларда дәрілік заттармен қамту үрдісі толықтай коммерцияланғанын көрсетті, ол өз кезегінде әлеуметтк маңызды аурулармен ауыратын науқастарға көрсетілетін дәрілік көмектің сапасына кері әсерін тигізеді.
2. ҚР бөліп сатушы дәріханалық үйымдар мен дистрибьюторлық жүйелердің біркелкі дамып таралмауы дәрілік заттармен қамтамасыз етуге теріс әсер етеді.
Республикада денсаулық сақтау үйымдарының фармацевтикалық тармағында жүргізілген реформалардың нәтижесінде мемлекеттік дәріханалық үйымдар аздаған көлемде қалды. Дистрибьюторлар отандық дәрілік заттарды таратуға экономикалық қызығушылық танытпайды, яғни бүл осы аурумен ауыратын науқастардың дәрілік заттарға қол жетімділігін төмендетеді.
Әдебиеттер
- Health Sectors Reforms: Key issues in less developed countries. - WHO. - 2005. - 32 p.
- Antezana F.S., Velasques G. Health economics and health sectors reforms // WHO. - 2006. - 18 P.
- Тельнова Е.А. Международный опыт организации лекарственного обеспечения льготной категории населения Фармация, - 2005. - №5 - с.45-47