Өзектілігі.Өзіндік дәрілік препараттар өндіру мен шығару маңыздылығы даусыз /1, 2/.
Мақсаты - ҚР фармацевтикалық кәсіпорындарындағы инновациялық дәрілік заттарды өндіруді зерттеп талдау.
Материалдар мен әдістер - контент-анализ.
Зерттеу нәтижелері. Біз жасаған талдау жүмыстары көрсеткендей, бүгінгі таңда қазақстандық фитохимия Институтымен 20 аса түпнүсқалық фитопрепараттар дайындалған.
Олардың алтауы өмірлік маңызы бар дәрілік заттар мен дезинфекциялық заттар қатарына енген. Қазақстандық химиктер мен фармакологтар жоғары ғылыми дәрежеге ие, ол өз кезегінде оларға жан-жақты, сапасы мен тиімділігі жағынан жергілікті және халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілетті препараттар шығаруға мүмкіндік береді. Қазақстанда Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық «Медицинада, ауыл шаруашылығында және өндіріс орындарында биотехнология және гендік инденерия әдістерін қолдану» бағдарламасының барысында биотехнологиялық бағыттағы кәсіпорындарменен розеофунгин антибиотиктерін, ферментті препарат имозимді, дисбактериоз еміндегі бифидумбактерияларды өндіру қүрылып, үйымдастырылды. Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясында мия шөбінің тамыры негізінде жаңа кешенді препарат «Биаскин» өндірілді. Капсула түрінде үсынылып отырған түрінің қүрамы келесідей: биосластин, аскорбин қышқылы, крахмал. Бүл кешеннің бірегейлігі оның екі белсенді заттан түратындығында - биосластин және аскорбин қышқылы, бүлар өз кезегінде антиоксидантты және гепатопротекторлық белсенділікті күшейтеді.
Кейбір қазақстандық зерттеушілер барлық қатерлі ісік жасушаларына тән маркер-ақуыздарға тән иммуноглобулиндер ала алды. Соның негізінде Нормоген препараты өндірілген. Ол клиникаға дейінгі тәжірибелермен расталған басқа да онкологиялық иммундық биологиялық заттармен барынша артықшылығымен ерекшеленеді. Оңтүстік Қазақстандық фармацевтикалық Академия негізінде, сонымен қатар, Глицирразид В6 препараты шығарылған, ол макрофагтармен даралап үсталатын, лизосоматропты, макрофагтардың қызметттік әрекеттерін іске асыратын қасиетке ие декстрандық матрицадағы изониазидтің пролонгирленген түрінде рөл атқарады. Айтылып отырған препараттар алдыңғы қатарлы қазақстандық және ресейлік медицина орталықтарында клиникалық тәжірибелерден өткен.
Қорытынды. Сонымен, біз жүргізген зерттеу жүмыстары әлеуметтік маңызды ауруларды емдеуге қажетті препараттарды өндіруге барынша болашағы зор іс шараларды айқындауға мүмкіндік берді. Оларға өзіндік түп нүсқалық фармацевтикалық өнім өндірумен айналысатын кәсіпорындар жатады: ҚР ҒБ¥ Фитохимия Институты, Алматы қаласының «Фирма Қызыл-Май» ПК, Шымкент қаласының «Химфарм» АҚ, Алматы қаласының «Экафарм» СП ЖШС, Алматы қаласының «Глобалфарм» СП ЖШС, Павлодарлық ХФЗ, «Тес» ЖШС.
Әдебиеттер
- Адекенов С.М. Современное состояние и перспективы производства отечественных фитопрепаратов и биотехнологической продукции для медицины // Фармация Казахстана. - 2003. - №2. - С.21-25.
- . Адекенов С.М. Салсоколлин - отечественный гепатопротектор с доказанной эффективностью // Казахстанский фармацевтический вестник. - 2004. - № 17.