Кіріспе: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытуға, профилактикалық іс-шараларды, мақсатты зерттеп-қарауды күшейтуге, диагностиканы жетілдіруге, негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу мен оңалтуға арналған маңызды бағдарлама.
Мақсаты: «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаты - елдің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін азаматтардың денсаулығын жақсарту болып табылады. 2015 жылға дейін денсаулық сақтау саласында негізгі басымдық медицинаның профилактикалық және әлеуметтік бағдарды күшейту болады.
Әдісі: «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының негізгі әдісі - Халық денсаулығын көтеріп, аурушаңдықты, өлім-жітімдікті төмендетуге бағытталған және еліміздегі денсаулық саласына қатысты шешімдерге арналған негізгі әдістер болып табылады.
Нәтижесі: Қазақстанға алғашқы денсаулық сақтауды дамытуға, мемлекеттік дәрігерлік үйымдардың тиімділігін, ашықтығын және есеп беретін менеджментке басымдық беруді, қоғамдық денсаулық сақтау қызметін қүру және дамытуды, жүйеге қатысушылардың бәріне ортақ жауаптылықты дамыту арқылы денсаулық сақтау жүйесін қайта қүруды қамтамасыз ету барысындағы мәселелер нәтижелі болмақ. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жолдарының бірі адам ресурстарының сапасын жетілдіру болып табылады. Сол желілдірудің арқасында денсаулық саласындағы іс - әрекеттер нәтижесін беруде.
Қорытынды: Бірыңғай үлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмекті қаржыландыру және басқару, үйымдарды жетілдіру бағытында стационар алмастырушы және жоғарғы технологиялар көлемін арттыру есебінен стационарлық көмекке қолжетімділік қамтамасыз етілді. Медициналық үйымдарды медициналық техникамен жабдықтауды жақсарту, халық үшін дәрілік заттардың сапасын және қолжетімділігін арттыру сияқты мәселелер де өз шешімін тапты.
Қорыта айтқанда, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының алғашқы нәтижелері жаман емес. Денсаулық сақтау саласының барлық саласында ілгерілеушілік басым екендігі байқалады.Сонымен қатар бағдарлама мақсаты мен міндетіне қарай, қорытындысы өз нәтижелерін көрсетуде.