Кіріспе. Фармацевтика саласы пайдаланылатын ресурстардың ауқымы мен жүмыспен қамтылған қызметкерлердің саны бойынша ірі салалардың бірі болып табылады. Осыған байланысты кадрлық потенциалды кешенді және обьективті зерттеу персоналды басқару мен реттеудің маңызды элементіне айналып отырғаны белгілі. Мысалы, АҚШ-та фармация мамандығы қажетті мамандар болып есептелінеді. Егерде 1-ші және 2-ші орындағы қажетті мамандар программистер мен медбикелер болатын болса, 3-ші орындағы қажетті мамандар - фармацевтика саласының мамандары болып отыр.
Зерттеудің мақсаты. Фармацевтикалық кадрлардың қажеттілігін ғылыми түрғыда анықтау.
Зерттеудің әдістері мен материалдары. Фармацевтикалық қызметпен шүғылданатын обьектілер жөніндегі мәліметтер. Халық санының табиғи өсімі мен өлімі, көші-қон саны жөніндегі мәліметтер және т.б.
Нәтижелер мен талдаулар. 2015-2020 жж фармацевтикалық кадрлардың қажеттілігін анықтау үшін ҚР Денсаулық Сақтау және Әлеуметтік Даму министрлігінің 2015 жылғы статистикалық мәліметтерге сүйендік.
Керекті мәліметтер:
Халық санының табиғи өсімі 5 жылға орташа 381828.
100 000 адамға шаққандағы фармацевттердің саны 43.
Анықтау үшін: 381828х43 = 16 418 604
16 418 604 : 100 000 = 164
Яғни, 1 жылға 164 кадр қажет. Кадрлар санының азаю қарқынын біле отырып, келесі жылдарға осы жолмен анықтауға болады.
2014 жылдан 2015 жылға кадрлардың азаю қарқыны 2% болғанда, 2016 жылға фармацевтикалық
кадрлардың қажеттілігі төмендегідей болады:
164 - 100%
х - 2
164 х 2 = 328
328 : 100 = 3,28 ~ 3,3
164 + 3 = 167 ~ 170
Қорытынды. Фармацевтикалық кадрларға болашақтағы кажеттілікті анықтау - тек қана сандық болжам емес. Кадр жөніндегі саясатты қалыптастыратын лауазымды қызметкерлерге кадрларды қолдану мәселесіне, олардың біліміне, жүмысқа орналастыруға, мотивациялау мен басқаруға ерекше назар аудару қажет. Фармацевтика саласындағы кадрлардың жеткіліктігіне қармастан, осы салада мамандарды оқытып, олардың отандық еңбек нарығында кажетсіз екенін үғынып. немесе жүмыстың жағдайы мен жалақының төмендігінен басқа мемлекеттерден жүмыс іздетудің ешқандай мағынасы жоқ.
Әдебиеттер
- Турумбетова Т.Б.. Мусина Г.А.. Кабдуллина М.М.. Жашкенова Н.С. // Методы планирования. прогнозирования кадровых ресурсов здравоохранения // Астана 2015ж.
- G.Dussault, J. Buchan, W.Sermeus, Z. Padaiga // Оценка будущих потребностей в кадровых ресурсах здравоохранения// Ла-Юльп 2010 г.
- Статистикалық мәліметтер ҚР Денсаулық Сақтау және Әлеуметтік Даму Министрлігінің ресми сайтынан алынды