Кіріспе. Мемлекет халықының өмір сүру үзақтығының жоғары болуы, мыңжылдық даму мақсаттары көрсеткіштерінің бірі ретінде елдің әлеуметтік және экономикалық дамуының аса маңызды қырын көрсетеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы елдің өркениеттілігінің негізгі көрсеткішінің бірі болып халықтың денсаулық деңгейі мен оның өмір үзақтыгы болып табылады деп санайды. Осы саладағы зерттеулерге заманауи дамыған елдердің барлығыда дерлігі, сондай-ақ көптеген дамушы мемлекеттерде, басқа салалардағы шығындардан асып түсетін, мемлекеттік және жеке қаржыларды жүмсайды.
Зерттеу мақсаты. Осыған байланысты елдің демографиялық даму деңгейін өлшейтін басты көрсеткіш ретінде өмір сүру үзақтығына өлімнің әрбір әсері мен себебін анықтау.
Нәтижелер мен талқылаулар. Орташа өмір сүру үзақгағы мен салты туралы алғашқы ақпараттарды археологтар мен антропологтар архелогиялық қазба жүмыстары барысында үсынды. Нәтижесінде, неолит, тас, темір, қола, дәуірлерінде орташа өмір сүру үзақтығы(ары қарай - ОӨСҰ) бар-жоғы 20 мен 30 жас болған.
Ал орта ғасырда адамдар орташа 28-29 жасқа дейін өмір сүрген, оның ішінде еркектерге қарағанда әйелдер өлімі көптеп тіркелген.
ХІХ ғасырда Еуропада ОӨСҰ 40 жас, Ресейде 32 жас, ал Африка елдерінде 28 жас болған. Осындай едуір төмен ОӨСҰ себебі, ол кезде түрмыстық техникалар мен шаруашылық заттар (сабын, ыдыс жуу ерітінділері және т.б.) жоқтың қасы, ал медицинаның әлсіз түсы еді, сондықтан адамдар күрделі емес, жәй инфекциялық аурулардан, атап айтқанда туберкулез, пневмония, грипп, диарея, энтериттен де өлімге үшыраған.
ХХ ғасырда ғылыми-техникалық революция салдары ОӨСҰ оң әсерін тигізді. Бүл жағдай барлық мемлекет үшін тиімді болып есептелді, себебі мемлекеттің басты капиталы адамның өмір салты өзгеріп, өмір сүру жеңілдеді және жемісі ОӨСҰ өсті. Ауа тамшылы жолдармен берілетен аурулардың және басқа да инфекциялық аурулардың емі табылып, медицина алға ілгерледі.
ХХ ғасырдың 3 ерекшелігі бар, 1) ауылдағы адамдар, қаладағылардан үзақ өмір сүрді, өйткені қалада жылдам даму, өнеркәсіп орындарының көптігі, халықтың әлеуметтік жағдайының төмендігі де өз әсерін тигізді; 2) түрмысқа қажетті және ауылшаруашылық техникалар (телевизор, телефон, холодилник, жасанды жарық, газ плиталары және т.б.) ойлап табылды, бірақ адамдар жоғарыдағы техникалармен тоқтамай, әскери үрыс-керіс техникалырында жасауды үйғарды. 3) медицина да дамып қана қоймай, зерттеулерді өз шеңберінен шығарып алып, әлеуметтік маңызды ауруларды да ( СПИД, ВИЧ және т.б.) дүниеге әкелді.
Сондықтан ОӨСҮ шкаласы 40-50 жасты көрсетті. Жоғары да аталған ерекшеліктерге сипаттама берсек, дүниежүзілік соғыс пен жаппай ашаршылық және атом бомбалары жарылыстарының зардаптары, ауыр түрдегі жүқпалы аурулар, адамдардың физикалық ерекшеліктеріне (жасына, жынысына және т.б.) назар аудармау, еңбек жүктемелерді дүрыс бөлмеу.
ХХ ғасырдың ІІ жартысында жоғарыда көрсетілген факторлардың басым көпшілігі жойылып, ОӨСҮ 60 жасты көрсетті.
ХХІ ғасырдың жетістіктері мол, оған дәлел геронтолгия ғылымының жетекші ғалымдары қарттықты созылмалы ауру деп санап, Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымына, аурулар және созылмалы аурулар тізіміне енгізуді сүрып хат жолдаған. Өйткені күрделі жүрек-қан тамыр, жүйке жүйесі және басқа да аурулардың емі бар, жақында ісік ауруын да жеңеміз деп уәде беруде. Қазірдің өзінде апта сайын қарттықпен күресудің тиімді әдістері пайда болуда.
Қорытынды. Бүгінде өлімнің негізгі себептерінің 55 пайызы анықталған, олардың қатарына темекі тарту, қалыпты дене салмағын үстамау, қимыл жеткіліксіздігі, дене шынықтырумен айналыспау, алкогольді пайдалану, салауатты тамақтанбау, яғни тиімсіз өмір салтын үстану.
Геронтологтардың болжамы бойынша қазіргі кезде ОӨСҮ 120-140 жасқа жететін шамада екенбіз, және сондай адамдар да бар екен, өйткені салауатты өмір салтының маңыздылығын дамыған мемлекеттегі халық сезініп, жасауда.
Әдебиеттер
- Бөлешов М.Ә. Қоғамдық денсаулық және денсаулықты сақтау. Оқулық. Алматы, 2012. 24 б., 95 б., 236 б.
- Сәрсенбаева Г.Ж. Қоғамдық денсаулықты сақтау. Оқулық. Қарағанды, 2013. 9 б., 18-35 б.
- Кенесариев Ү.И. Гигиена. Оқулық. Алматы, 2010. 4-30 б.
- Торгаутов Б.К. Жалпы гигиена. Оқулық. Шымкент, 2011. 4-15 б., 307 б.
- Борисов В.А. Демография. Оқу қүралы. М., 2001
- Народонаселение. Энциклопедический словарь. М.,1994
- Харченко Л.П. Демография. Оқу қүралы. М., Омега-Л, 2006