Оқушылардың сабақ кестесінің қүрастыруына гигиеналық баға беру

Кіріспе. Сабақ кестесін қүру барысында негізгі гигиеналық талаптар ескерілуі тиіс. Қазіргі ғылыми зерттеу жүмыстары бойынша оқушылардың биоритмді жалықпауы - жүмысқа қүштарлығы И.Г. Сивков кестесіне сай, сабақтың тек қиындығына қарап қоймай, оқушы денсаулығына қанша күш түсіріп, оның шаршамауына әсер ететінін ескеру керек. Бүгінгі күні ғалымдардың зерттеулері бойынша сабақ кестесін қүрған кезде, оқушының денсаулығы ескерілуі тиіс. Сабақ кестесін жасауға бірнеше талаптар қойылуы тиіс.

  1. Мектеп бітірушілер мен бірінші сынып оқушыларының оқу жүмысы қиындығын есептей отырып, жас ерекшеліктерін аңғарып, сыныптарды ауысым бойынша дүрыс бөлу;
  2. Күн тәртібі бойынша, оқу апталығының ішінде, барлық оқу жылы бойынша, оқушылардың, мүғалімдердің еңбек қабілеттілігінің биік деңгейін сақтау;
  3. Қиын пәндерді сабақ кесте бойынша бірінші және соңғы сабақ ретінде қоймауға тырысу керек: ең жемісті сабақтар - екінші, үшінші, төртінші;
  4. Үй тапсырмасы көлемді, көп дайындық пен уақытты талап ететін сабақтарды аптаның әр күндеріне бөлу қажеттілігі туады.

Зерттеу мақсаты. Сабақ кестесінің оқушылардың денсаулығына кері әсерінің тимеуіне көз жеткізіп отырып қүру. Сабақ кестесінде жасқа байланысты ауырлықтың болмауы.

Материалдар мен әдістер. Зерттеу барысында сипаттамалы, салыстырмалы әдістер, сондай-ақ түрлі компоненттік , талдау және жүйелеу, салыстыру әдістері қолданылады. Сабақ кестесінің дүрыс қүрастыруы оқушы денсаулығына көп әсерін тигізеді. Оқушылар арасындағы көп кездесетін аурулардың түрлері бірінші орында тыныс алу жолдары, екінші асқорыту, үшінші көру қабілеттері мен есту жолдары, осының бәрі оқу процесінде ақыл - ойға әсер етеді. Осының бәрін ескере отырып сабақ кестесі салыстырмалы түрде қүрылуы тиіс. Зерттеу жүргізу арқылы сабақ кестесінің жас ерекшелігі мен қүрылуына баға беру.

Нәтижелер мен талқылаулар. Мектептерде сабақтың үзақтығы 45 минут. Бастауыш сыныптарға оқу процесін жүйелі әрі сапалы жүргізуде сабақ кестесінің дүрыс жасалауының айтарлықтай маңызы зор, сондықтан сабақ кестесін жасау кезінде оқушылардың психологиялық- физиологиялық, гигиеналық ерекшеліктері ескерілуі керек. Дүйсенбі мен сенбі аптаның бірінші және соңғы күндері болғандықтан, кімге де болса ауырлығы ескеріліп, дене тәрбиесі пәні негізге алынуы тиіс. Сонымен қатар үзіліс арасында жасалатын дене жаттығулары баланың дамуы мен денсаулығына білім алуына, дағдыларды қалыптастыруда, оқушылардың денсаулығын, ақыл-ойын дамытуда, оқыту мазмүны мен оқу жүмысын дүрыс жолға қою арқылы жүзеге асады. Когнитивті үлгідегі сабақтар: тәжірибе сабақ; бақылау сабақ; ізденіс сабағы; зертханалық — практикалық сабақ: проблема қою және оны шешу сабағы; жаңалық ашу сабағы. Үйымдастыру қызметтік үлгідегі сабақтар: мақсатты есептеу сабағы; нормативті-шығармашылық сабақ; топтық жүмыс сабағы. Коммуникативтік үлгідегі сабақтар: Конференция сабағы; жарыс сабағы; спектакль сабағы; дөңгелек үстел; сабағы; балдық көрсеткіш бойынша норма мен қүрылуы қажет.

Қорытынды. Салыстыру әдісі арқылы дүрыс үйымдастырылған сабақ кестесі жақсы білім алумен қатар оқушылардың дамуы мен сана сезімінің ерікті түрде өсуіне оңтайлы жағдай жасайтынына көз жеткізілді. Сабақ кестесінің баллдық жіктемемен қүрылуына баға берілді. Есептік көрсеткіштің талдау нәтижесінде 6-7 жастағы балалар үшін үзіліссіз уақыт (диктант) 8 минут, 10-12 жастағы балдар үшін 14 минут 45 секунд, 14-15 жастағылар үшін 20-22 минуттан аспау керек екені анықталды. Ең көп шалдығу әсерін көрсететін пәндерге 2- ші сыныпқа табиғаттану,4-ші сыныпқа тарих, 5-ші сыныпқа ботаника, география, әдебиет, 6 сыныпқа- физика,7-ші сыныпқа-химия пәні екені көрсетілді

Әдебиеттер

Неменко Б.А. Оспанова Г.К . Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Оқулық- Алматы Ғылым 2002

Тег: Талдау
Жыл: 2016
Қала: Шымкент
Категория: Медицина