Өзектілігі: Мия медицинада ең белгілі өсімдік, сондықтан ол ауруларды емдеуде үлкен қолданысқа ие және дәрілік өсімдіктердің «патшайымы» болып саналады. Қазіргі таңда ТМД аймағында 100 000 га жалаң мияның қоры анықталған. Биіктігі 50-70 см қүрғақ мия тамырының қоры 300 000 т қүрайды. Мия тамырының қоры біркелкі таралмаған және де көбіне Орта Азияның, Қазақстанның, Қүра- Арақсы ойпаттарының ірі өзендерінің алқаптарында өседі [1]. Халық медицинасында мияның тамырын жөтелді, шығу тегі әр түрлі ауруларды, қызбаны емдеуге пайдаланылады. Өсімдікті бронхит, туберкулез, тыныс демікпесінде қолданады [2, 3]. Соңғы кездері өсімдік текті дәрілердің майда еритін дәрілік түрлеріне көп көңіл бөлінуде, себебі липофильдік биологиялық белсенді заттар түрақты, мембрана клеткаларына жақсы еніп, үзақ уақытқа дейін өзіне тән белсенділікті сақтайды [4]. М.Оспанов атындағы БҚММУ фармакология кафедрасында арзан, ерекше технологиямен Ақтөбе облысының жабайы өсімдіктерінен - мия, түйежапырақ, рауғаш, қалақай, бақбақтың және т.б. қүрамында гидро- және липофильді бөліктері бар сығындылары алынды.
Мақсаты: «Мия майы» отандық фитопрепаратының фармакологиялық қасиеттері мен клиникалық тәжірибеде қолданылуы туралы соңғы 10 жылдықтағы ғылыми мәліметті дереккөздерден талдау.
Материалдар және әдістер: ҚР БҒМ «Ғылым Ордасы» Орталық ғылыми кітапханасының және РИНЦ (e.library.ru) электрондық каталогтары, РГП, Ресей мемлекеттік электрондық кітапханасының диссертациялары (disserCat), «PubMed», «Сеченов атындағы электрондық кітапхананың абонементі» БД, А.С. Пушкин атындағы Шығыс - Қазақстан облыстық кітапханасының іздеу жүйесі (WebHPSHC), Марат Оспанов атындағы БҚММУ ресурстары.
Нәтижелері және талдаулар: «Мия» және «лакрица» негізгі кілт сөздері арқылы іздеу жүргізілді. 2006-2016 жж аралығында отандық мия тамырының майлы сығындысы - «Мия майының» арнайы фармакологиялық белсенділігін зерттеу жүмыстарына арналған 347 ғылыми мақала, тезистер (ағылшын тілінде 334, орыс тілінде 13), сонымен бірге 10 аса диссертация авторефераттары табылды. «Мия майы» препараты (тіркеу куәлігі РК-ЛС-3-5-№008663, 2008 ж қайта тіркелген РК- ЛС-3-5 № 011042) - қүрамында токоферол, каротиндер, аскорбин қышқылы және көптеген қанықпаған май қышқылдары тәрізді антиоксиданттары бар фитопрепарат. «Мия майының» улылығы төмен, антиоксидантты, иммуномодуляторлық, гепатопротекторлық, антигипер- гликемиялық және т.б. кең спектрлі фармакологиялық белсенділігі бар [6]. Солтүстік Аралдың экологиялық қолайсыз аймағындағы балаларды, онкологиялық және гинекологиялық аурулары бар науқастарды, тыныс алу ағзаларының және АИВ- жүқтырылган психоактивті заттарды түтынатын науқастардың асқазан-ішек жолдарының ауруларын, темір жетіспеушілік анемияны, энтеробиоз, шигеллез, бруцеллезді кешенді емдеуде тиімділігі туралы мәліметтер бар [7,8,9,10,11 және т.б.]. «Мия майы» препаратының ағзаны хром және формальдегидтердің улы әсерінен қорғаушы дәрі ретінде қолдануға болатыны дәлелденді [12].
Қорытынды: қолжетімді ғылыми әдебиетті талдау отандық фитопрепарат - «Мия майының» аз мөлшердегі жанама әсерлері болғанымен, бағалы емдік-профилактикалық ерекшеліктері бар және ҚР балалары мен ересектерін сауықтыру мақсатында кеңінен пайдалануға үсынылатынын көрсетті.
Список литературы
- Маматханова М.А, Абдурахманов Б.А., Нигматуллаев Б.А., Сотимов Г.Б., Халилов Р.М., Маматханов А.У. Изучение надземной части Glycyrrhiza glabra в качестве перспективного сырья для производства препаратов на основе флавоноидов. Химия растительного сырья. 2016. №1. С. 171-176.
- Dastagir G, Rizvi M.A., Park j Pharm Sci. Glycyrrhiza glabra L.(Liquorice). 2016 Sep; 29(5): 1727 - 1733.
- Кароматов И.Д. Солодка, лакричник, лакрица -применение в медицине (обзор литературы). Актуальные проблемы гуманитарных и естественных наук. 2013. № 11-2. С. 230-235.
- Sharma H, Yunus G.Y., Mohapatra A.K., Kulshresth R., Agrawal R., Kalra M. Antimicrobial efficacy of three medicinal plants Glycyrrhiza glabra. Ficus religiosa. And Plantago major on inhibiting primary plaque colonizers and periodontal pathogens: An in vitro study. Indian J Dent Res. 2016 Mar-Apr; 27(2): 200-4
- Ж.С.Умарова, Г.Д. Жумагалиева, Р.С. Кузденбаева, Н.М. Мамлюдова Влияние препарата «Солодки масло» на перекисное окисление липидов и антиоксидантную защиту при шигеллезе у детей. Медицинский журнал Западного Казахстана №1(21) 2009г.
- Алдиярова Н.Т Фармокологическое обоснование применения масляных экстрактов лекарственных растений при бронхолегочной патологии (экспериментальное исследование). Автореф. докт. мед. наук. 04.05.06. -Астана. -2006. -44с.
- Айдарханов К.А. Влияние масляных экстрактов крапивы и корня солодки на состояние перекисного окисления липидов и антиоксидантной системы организма. Авторефю канд. мед. наук. - Москва. -2002. -24с
- Рыжкова С.Н. Репродуктивные потери и их профилактика в группе риска. Автореф. докт. мед. наук. - Алматы. -2007. -39с.
- Баспаева М.Б. Влияние масляных экстрактов из корней солодки и лопуха на иммунный статус больных раком желудка. Автореф. канд. мед. наук. -Актобе. -2006.24 с.
- Старикова С.Ю. Влияние масляных экстрактов солодки и крапивы на показатели иммунной системы у ВИЧ-инфицированных потрибителей психоактивных веществ. Автореф. канд. мед. наук.- Караганда. -2002. -25с.
- Байкадамов Л.И. Клинико-экономическая оценка сочетанного применения масляных экстрактов крапивы и солодки при железлдефицитной анемии легкой степени у студентов. Автореф. Канд. Мед. наук.-Актобе, -2009. -24 с.
- Журабекова Г.А Морфофункциональная характеристика структур коры надпочечников при длительном воздействии формальдегида и при применение фитопрепарата «Масло солодки». Автореф. канд. мед. наук. -Актобе. -2007. -24с.