Кіріспе.Клиникалық тәжрибеде ауырсыну синдромы патологияда ең көп кездесетін жағдайдың бірі. Ауырсыну синдромы сырқаттарды ауыр күйзелістерге, мүгедектікке, өмір сапасының төмендеуіне және көлемдік экономикалық шығындарға алып келеді, осыған байланысты ауырсынуды дер езінде емдеу және реттеу бүгінгі медицинаның өзекті мәселесі. Медициналық жедел жәрдемге шағымданған аурулардың (14,5 млн) негізгі себебі ауырсыну синдромы ,соның ішінде шамалы ауырсынуы 2 млн. сырқаттарда (14%), айқын ауырсынуы-2,9 млн (20%) кісілерде орын алған[1]. Ауырсыну синдромын ауыруханаға дейін ауырсыздандыру үшін дәрілерді таңдау өте күрделі мәселе. Ауырсыну синдромын басу үшін қолданатын дәрілердің белсенділігін, қауіпсіздігін, медициналық қызметкерлердің қатысуы, экономикалық шығындарды есепке алу қажет.
Зертеу мақсаты;Кетоналдың ауырсыну синдромында оңтайлы қолдануына талдау жасау.
Зерттеу әдістері.Кеторолак,кетонолдың ауырсыну синдромына әсер туралы деректерді іздестіріп, топтастырып талдау жасау үшін. әдебиеттік шолу жасау.
Зерттеу нәтижелері: Ауырсыну синдромын басу немесе жою үшін наркотикалық және бейнаркотикалық анальгетиктер қолданады. Наркотикалық анальгетикер жоғары белсенділікке ие, бірақ опиатты рецепторларға әсер етіп физикалық және психикалық тәуелділікке ,наркоманияға, түбегейлі жағымсыз әсерге ие болуына байланысты ,олар қатаң шектеуліге ие және шамалы жағдайда қолданады Бейнаркотикалық анальгетиктер (анальгетиктер-антипиретиктер және бейстероидті қабынуға қарсы дәрілер) шамалы ауырсыздандыратын белсенділікті, дағдылану шақырмайтын, қолдану аймағы тарлау, бірақ кейбір аурусынудың түрлерінде (ревматикалық, тіс, бас ауру) жоғары белсенділікке ие дәрілер, бірақ олар жүйелі түрде қолданғанда ішкі ағзаларда жанама серпілістер шақырады (асқазан-ішек жарасы, гепатит, нефрит, инфаркт,инсульт ж/е т.б.) [2]. Анальгетикалық қасиеті жоғары, әсері етуі жылдам, жанама және асқыну серпілістері шамалы ,опиоидты препараттардың орын басатын,келешектік дәрі-кеторолак.
Тамкаева М. А. ж/е т.б. [3].зертеулері бойынша жарақатты ауырсынуды емдеу кезінде диклофенака қарағанда кеторолактың фармакоэкомикалық көрсеткіштері позитивті жағдайда орын алған. Шығын-белсенділік бірлігіндеге шығын кеторолакта 0,46 сомға тең болса, метамизолды, диклофенакты және лорниксамды қолданғанда бүл көрсеткіш 1,58, 1,19 сомға және 1,44 сомға тең болды.
Верткин А.Л., ж/е т.б. [4] мәліметтері бойынша БСҚҚ дәрілерді етке енгізгенде қанқа- етті ауырсынуын ККСАДАС (Көзбен көрінетін (визуальды) сәйкестендірілген ауытқу дәрежесін анықтайтын сызбанүсқа (ККСАДАС, орысша-ВАШ :Визуально-аналогоговой шкала) арқылы ауырсынудың қарқынды дәрежесін әдісімен анықтағанда ,қарқынының төмендеуі 20 минуттан соң орын алып, ауырсынудың емге дейін және кейінгі орта айырмашылығы қарқындылығы метамизолда 52,7±1,8, диклофенакта - 57,7±4,6, кеторолакта - 69,3±1,9, лорноксикамда - 70,8±4,7 мм тең болды, кеторолактың ауырсыздандыру қабілетті бойынша метамизолдан, диклофенактан жоғары, ал лорноксикамнан төмендеу болды. Кеторолактың ауырсыздандырудың қарқынының төмендеуі метамизолға және диклофенакқа салыстырғанда кеторолакта 16,6 (31,4%) және 11,6 (20,1%) мм жоғары болды.
Жарақатты ауырсынудың орта айырмашылығының қарқындылығынККСАДАС әдісімен анықтағанда метамизолда 58,9±3,0, диклофенакта - 60,0±4,6, кеторолакта - 77,8±1,9, лорноксикамда - 68,0±4,7 мм тең болды кеторолак ауырсыздандыру қабілетті бойынша метамизолдан, диклофенактан жоғары, ал лорноксикамнан төмендеу болды. Метамизол ауырсынудың төмендеуі 26,9±0,47 мин. кейін орын алса, диклофенак - 20,0±0,5 мин., кеторолак - 12,4±0,33 мин, лорноксикам - 12,3±0,6 мин тең болды. Кеторолактың ауырсыздандыруды басатын уақыты метамизолға және диклофенак қарағанда 14,5 және 7,6 мин бүрын орын алған. Бүндай мәліметтер кетоналға қатысты әдебиеттерде кездеспеді.
Қорытынды.Кеторолакты ауырсыну синдромын басу немесе жою үшін ауруханаға дейінгі сатысында қолдану лайықты, жарақатты ,қанқа-етті ауырсынуда оның белсенділігі басқа БСҚҚ дәрілермен салыстырғанда жоғары.Белсенділік/қауіпсіздік қалыпы бойынша жарақатты ,қанқа-етті ауырсынуда метамизолды қолдану ақталмаған.
Әдебиеттер
- .Каннер Р. Секреты лечения боли / Каннер Р.; пер. с анг. - Москва: Издательство «БИНОМ», 2006. - 400 с.
- . Орманов Н.Ж.,Орманова Л.Н. Фармакотерапия, 1-том, Алматы ,2012, ЖШС «Эверо», с. 190-210 3. Эффективность кеторолака для купирования острых болевых синдромов / Тамкаева М. А., Коцелапова Э. Ю., Сугаипов А. А., Шамуилова М. М. // Неотложная помощь.-2009.Электронный ресурс. (http://urgent.com.ua/article/476.html)
- .Место кеторолака в терапии острых болевых синдромов на догоспитальном этапе / Верткин А. Л., Тополянский А. В., Вовк Е. И., Наумов А. В. // Врач Скорой помощи. - 2006. - № 6. - С. 1-6. 5.Ряженов В. В. Фармакоэкономические аспекты купирования острого болевого синдрома диклофенаком и декскетопрофена трометамолом / Ряженов В. В., Горохова С. Г. // Трудный пациент. - 2012. - Т. 10, № 6. - С. 30-33.
- 6.Буров Н.Е. Нестероидные противовоспалительные препараты как компонент комплексной терапии боли. Фокус на нимесулид / Н.Е. Буров // РМЖ. Хирургия. Урология. - 2012. - № 36. Режим доступа: http://www.rmj.ru/numbers_616.htm.