Кез келген мемлекеттің денсаулық сақтау саласының басты міндеті - жоғары деңгейде медициналық көмек көрсету болып табылады. Бүл бағыттағы мемлекеттік бағдарламалардың отандық фармацевтикалық өндірісті дамытудың басты бағыттарының бірі - дәрілік өсімдік шикізатына негізделген түп нүсқадағы отандық субстанцияны жасап шығару және соның негізінде дәрілік заттардың өндірісін дамыту болып табылады. ҚР заңнамасына сәйкес дәрілік қүралдарды таңдау шеңберінде отандық дәрілік қүралдардың айналымы үшін мемлекет тарапынан іс шаралар жүргізілуде. [1,2]. Осы саладаға атқарылатын жүмыстар жекеленген дәрежедегі науқастардың дәрілік заттарға деген қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Өсімдіктекті дәрілік заттарды қолдану олардың синтетикалық аналогтарына қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие. Өсімдіктекті дәрілік препараттар адамның ағзасына әсер ететін поливалентті әсерімен, жанама әсерлердің минималды санымен сипатталады және оларды созылмалы ауруларды емдеу кезінде үзақ уақыт бойы қолдануға мүмкіндік береді. Синтетикалық дәрілерден ажырататын оңтайлы әсерлерінің болуына қарамастан, ғылыми медицинада өсімдіктердің қолданылуы жиі жағдайда өткеннің белестерімен бірлеседі [3].
Қазіргі таңда ғылым мен техниканың, фармакологияда синтетикалық химияның дамуы көптеген ауруларды емдеуге пайдалануға болатын жасанды препараттарды өмірге әкелді. Осының салдарынан көптеген елдерде сол синтетикалық препараттарды пайдаланудың нәтижесінде дәрілік өсімдіктерге деген көзқарас өзгеріп, оған деген қызығушылық төмендеді. Алайда соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерге деген көзқарас өзгеріп, оларды кеңінен пайдалана бастады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда зертханада ғалымдардың дәрілік өсімдіктерден алатын биологиялық белсенді қоспалар түрғындар арасында кеңінен қолдануға ие. Қазіргі уақытта отандық флораны зерттеушілердің алдында өте ахуалды тапсырма медицинаның қажеттілігі үшін жабайөсуші өсімдіктерден препаратарды алу түр. Қазақстанның кең байтақ жерге иелігі, ыңғайлы географиялық орналасуы, дәрілік өсімдіктерге байлығы және салыстырмалы түрде түрақгы, экономикалық сәтті ел болуы, еліміздің фармацевтикалық өндірістің дамуына зор мүмкіндіктер береді. Бүған әлемдік фармацевтика саласында дәрілік өсімдіктерден алынатын фармацевти- калық дәрілік заттар үлесінің артуы және ДДСҰ болжамы бойынша, алдағы он жылдықта дәрілік заттардың 60% дан астам бөлігі осы дәрілік өсімдіктерден алынатын дәрілік препараттарға тиесілі болады деген болжам ықпал етіп отыр[4,5].
Соңғы онжылдықтарда табиғи тектес емдік профилактикалық дәрілік заттарға деген қызығушылық артып, жедел қарқынмен дамып келеді. Ресейдегі дәрілік өсімдіктерді қолдануға негізделген уақытылы ғылыми негізделген ауруларды емдеу әдістері, зерттеушілер тарапынан да, тәжірибедегі қызметкерлер тарапынан да заманауи емдік диагностикалық технологияларды қолдану кезіндегі дәрілік өсімдік заттарының маңыздылығын анықтайтын жалпы әлемдік ғылым мен тәжірибенің даму қарқынымен ортақ мәмілеге келген.
В.Н. Решетниковтың [6] мәліметерінен алдағы уақытта өсімдік препараттарының фармацевтикалық нарығының дамуы үшін бірқатар маңызды келешектерге ие екендігі, оның ішінде түрғындармен өсімдік текті дәрілік қүралдарды түтыну көрсеткішінің жоғары болатын- дығы мен түтынушылардың қалауы жалпылай табиғи өнімдерге бағытталғаны анықталған. Әде- би мәліметтерді талдау [7,8,9] қазіргі уақытта отандық нарықтағы тіркелген дәрілік қүралдардың ішінде өсімдіктекті дәрілік препараттар жалпы есептің 10% қүрайтындығын көрсетті. Сонымен қатар өсімдіктекті дәрілік препараттардың нарығындағы жағдайды қиындататын бірқатар мәселелер бар, жекелей алғанда, дәрілік өсімдіктердің табиғи қорларының азаюы, табиғи қорларды зерттейтін зерттеулердің қысқаруы, радиация мен техногенді ластанудың кесірінен шикізаттың сапасының төмендеуі, қазақстанның нарығында дәрілік өсімдіктер мен өсімдіктекті дәрілік препараттардың официналды емес түрлерінің бірқатар көбеюі, әрі, дәстүрлі түрдегі өсімдіктекті дәрілік препараттарға биологиялық белсенді қоспалардың бәсекелес болуы жатады. Алайда, әлемдік тәжірибені негізге ала отырып, фармацевтикалық өнеркәсіпте өсімдік текті дәрілік қүралдарды өндіру келешегі бар бағыттың болуын, әрі өнімді өткізетін нарыққтың бар екендігін айта аламыз.
Қазақстанның дәрілік қүралдар мен жинақ нарығының кіші көлеміне қарамастан, сарапшылар [10], заманауи даму қарқынын бағалай отырып, оны фармацевтикалық нарықтың келешекті буыны деп түжырымдады. Қазіргі уақытта өсімдіктекті дәрілік препараттарға бірқатар компания қызығушылық танытып отыр. Әлеуетті өндірушілердің жағынан, дәрілік өсімдіктерге деген қызығушылық көп жағдайда инвестиция көлемінінң салыстырмалы түрде шағын мөлшерімен түсіндіріледі.
Демек медицинаға отандық өсімдіктекті дәрілік препараттарды ендіру түрғындарды дәрі- дәрмектермен қамтамасыз етуді мінсіз етуге, денсаулық сақтау саласындағы түрлі дерттердің алдын-алуы мен емдеудің өзекті мәселелерін шешуге және сол арқылы елдің демографиялық ахуалының жақсаруына мүмкіндік береді.
Сонымен дәрілік өсімдіктерге қатысты биологиялық белсенді қоспаларды қамтитын кең шеңбердегі сүрақгар, біздің зерттеуіміздің мәселесі болды.
Литература
- Государственная программа развития здравоохранения Республики Казахстан «Денсаулық» на 2016-2020 годы
- Программа по развитию фармацевтической промышленности на 2010-2014 годы.
- Васнецова О.А. Фармакоэкономические аспекты маркетинга в здравоохранении. - М.: Книжный мир, 2001. - 350 с.].
- Маркетинговое исследование. Рынок растительных экстрактов. Октябрь 2013. - Электрон.дан. - Режим доступа:http://www.indexbox.ru/reports/marketingovoeissledovanie-rynokrastitelnyh- ekstraktov, свободный.- Загл. с экрана.- Яз. рус.
- Богоявленский А.П., Алексюк П.Г., Турмагамбетова А.С., Березин В.Э. Актуальные проблемы стандартизации фитопрепаратов и растительного сырья для их производства // Фундаментальные исследования. - 2013. - № 6. - С. 1184-1187.
- Решетникова В.Н. Производство фитопрепаратов - важная задача науки и производства//Труды БГУ 2010. Т.5 Часть2. С.7-9
- 4.Белоусов Ю.Б., Гуревич К.Г. Фармакологический надзор за лекарственными средствами растительного происхождения. // Фарматека. — 2004. — №3/4.
- 5 Atwater J., Montgomery J., Roll D. The USP dietary supplement verification program: helping pharmacists and consumers select dietary supplement. // U.S. Pharmacist. — 2005. — Vol. 30. — P. 61—64.
- 6.Coppens P., da Silva M.F., Pettman S. European regulations on nutraceuticals, dietary supplements and functional foods: a framework based on safety. // Toxicology. — 2006. — Vol. 221. — P. 59— 74.
- http://www.narmedia.spb.ru/fito.htm.