Өзектілігі:Қазіргі таңда гастродуоденальды ойық жарадан қан кетулер өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Гастродуоденальды ойық жарадан қат кету науқастарда соңғы жылдары біршама артқан.[1], [2]
Зерттеу мақсаты: Асқазан ішек ойық жарасынан қан кеткен науқастардың жиілігін және емдеу нәтіжелерін талдау.
Материалдар және әдістер: Зерттеу тобының қүрамына асқазан және 12 елі ішек ойық жарасы бар қан кетумен асқынған науқастар алынды. Топ қүрамына 2014-2015 жылдар аралығында емделген 123-науқас кіреді, оның 82(66,6%) ерлер, 41(33,3%) әйелдер. 20-30 жас аралығындағы науқастар саны 17(13,8%), 31-40 жастағы науқастар 26(21,1%), 41-50 жас аралығындағы науқастар 50(40,6%), 51-60 жас аралығындағы науқастар 24(16,5%) 61 жастағы және одан жоғары жастағы науқастар саны 6(4,8%). Қан кету дәрежесі бойынша Forrest 1Б- 22(17,8%), 2А-34(27,4%) науқас, 2Б 51(41,4%) науқас, 3-16(13,0%) науқас.
Нәтижиесі: 2014-2015 жылдар аралығында Қарағанды қаласындағы Облыстық Клиникалық Ауруханасында асқазан және 12 елі ішек ойық жарасы бар қан кетумен асқынған аурулары диагнозымен 123-науқас стационарда ем қабылдады, соның: 24(19,5%) ,консервативті ем; 22(8,9%) ойық жара дефектісін тігу; 9(7,3%) асқазанның қанталаған жарасын тігу; 11(9,1%) Бильрот-2 бойынша асқазанның резекциясы; 9(7,3%) Бильрот -1 бойынша асқазанның резекциясы; 42(34,1%) эндоскопиялық қысу(клипированиу), 4(3,2%) эндоскопиялық байлау (лигирование). Эндоскопия- лық қысу(клипирование) жасалған 2-науқаста (1,6%) алғашқы 2-тәулікте қан кету рецидиві байқалды, алайда қайта қысудан кейін оң нәтиже берген және тек бір науқаста қан кету рецидивінен кейін Бильрот-1 бойынша асқазан резекциясы жасалған.
Талқылаулар: Асқазан және 12 елі ішектен қан кеткенде алғашқы көмек ретінде осы тәсіл қолданылады және ол кезде қан кетудің қайталану қаупі және науқастың жалпы жағдайы есепке алынады.Орташа және төмен қарқынмен қан кеткенде ең алдымен консервативті емнен бастайды, консервативті терапияның негізгі әдісі болып гемостатикалық препараттар мен ойық жараға қарсы дәрілер сонымен қатар эндоскопиялық гемостаз яғни тамырларды қысу арқылы бүл комплексті терапия әдісінде өте тиімді болып табылады.
Жедел операциялар қан кетудің қайталану қауіпі жоғары науқастарға жасалынады: консервативті емнің нәтежесіз болуы, стационарда қайталамалы геморагия ойық жараның көлемі 1,0см аса, қан кету қарқындылығы Forest дәрежесі бойынша 1Б және 2А дәрежелерінде. Консервативті терапия жүргізу кезінде рецидивтер дамиды, ал олар бүл ем түрінің жеткіліксіз екенін көрсетті, эндоскопиялық қысу(клипирование) жасаған соң науқастардың жағдайы түрақтанып.оң динамика байқалды. Бір науқаста эндоскопиялық қысу(клипирование) қысқыштар- дың шығып кету себебіне нәтежесіз болды, Бильрот -1 бойынша асқазан резекциясы жасалды.
Қорытынды: Қан кетумен асқынған асқазан және 12 елі ішек ойық жара ауруының комплексті терапиясында эндоскопиялық қысу(клипирование) қолдану берілген. асқынуларды емдеу нәтежелерін жақсартуға және рецидивті төмендетуге мүмкіндік береді. ал қысудан (клипирование) кейінгі науқастардың жалпы жағдайы мен қалыпына келу кезеңі сапасы жағынан басқа оперативті ем қабылдаған науқастарғанда әлде қайда тимді екеніне көз жеткіздік.
Әдебиеттер
- Лопатников А.В. Активная эндоскопическая тактика при кровотечениях из верхних отделов желудочно-кишечного тракта //Сб. Тез. Первого Конгресса Московских Хирургов «Неотложная и специализированная хирургическая помощь» Москва 2005. С. 22.
- Сотников В.Н.. Дубинская Т.К.. Разживина А.А. Эндоскопическая диагностика и эндоскопические методы лечения кровотечений из верхних отделов пищеварительного тракта: Учебное пособие. М.: РМАПО. 2000. 48 с.
- Федоров Е.Д.. Михалев А.И.. Орлов С.Ю.. Тимофеев М.Е.. Чернякевич П.Л.. Плахов Р.В. Эндоскопическая диагностика и остановка острых гастродуоденалъных кровотечений и прогнозирование риска их рецидивов. // Российский журнал гастроэнтерологии. гепатологии. колопроктологии.. - 2009. - №4. - С. 46.
- Ступин В.А.. Силуянов С.В.. Смирнова Г.О.. Собиров М.А. Современные подходы к лечению кровотечений из острых язв желудка и двенадцатиперстной кишки. // Хирургия.. - 2010. - №8. - C. 51-98.
- Садыков У.С.. Кыжыров Ж.Н.. Капанова Г.Ж. Роль эндоскопии в диагностике и лечении кровотечении из острых гастродуоденальных язв в клинической практике. // Вестник Казахского Национального медицинского университета.. - 2012. - №1. - С. 283 - 287.