Еліміздегі IT саласы қарқынды даму үстінде. Бүл саланың дамуына өскелең жас үрпақтың үлесі зор болмақ. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет.[1] Мына мақалада қарастырылған мәселелердің барлығы ақпараттық технологияға байланысты болғандық- тан, жастарды осы салаға көптеп тартып, ақпараттық технология саласын тез меңгеру мақсатында ақпараттық технологиямен көп жүмыс жасау керек. Электронды үкіметті әлдеде жетілдіре түсу қажет.
Қазақстанды әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына енгізудің негізгі тұжырымы ретінде ұсынылған «Қазақстан-2050» Стратегиясының бірінші кезектегі міндеттерінің бірі - қазір- гі заманғы және тиімділігі жоғары денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру болып табылады. [2]
Мұнда денсаулық сақтау саласында бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізу үшін қоғамдық денсаулық сақтаудың барлық деңгейіне тиімді менеджмент енгізу, соның ішінде жаңа медициналық техноло-гияларды жасау мен практикаға ендіру талап етіледі. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының кепілдемесіне сәйкес, денсаулық сақтау саласына тап осындай жоғары сапалы ғылыми-зерттеулер мен инновацияларды енгізу түрғындардың үлттық деңгейдегі де, ғаламдық ауқымдағы да денсаулық жағдайларын жақсартуға бағытталуы тиіс.
Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесіне сондай-ақ мемлекет меншігіндегі және мемле- кеттік денсаулық сақтау жүйесінің басқару органдарына бағынышты амбулаториялық-емхана, аурухана ұйымдары, медициналық-санитариялық бөлімдер, ана мен баланы қорғау, медициналық жедел жәрдем, сот-медициналық сараптама ұйымдары, диспансерлер, оқу орындары, ғылыми- зерттеу, санитариялық-эпидемиологиялық, санаторий-курорттық, фармацевти-калық ұйымдар, материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметтері және өзге де үйымдар жатады.[3]
Электрондық қызметтер. 1.Дәрігердің қабылдауына жазылу. 2.Дәрігерді үйге шақыру. 3. Композиттік қызмет.4.Алғашқы медециналық санитариялық көмек көрсететін үйымдарға тіркелу. 5.Психонервологиялық ұйымнан анықтама беру. б.Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үщін оларға қүжаттарды рәсімдеу. 7.Наркологиялық ұйымнан анықтама беру. 8.Қозғауға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының өызметтерін үсыну үшін мүгедектерге қүжаттарды рәсімдеу.9.Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медециналық-педагогикалық тексеру және оларға консультацимялық көмек көрсету.10.Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға қүжаттарды рәсімдеу.[3]
Елбасы Жолдауында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша берілген тап- сырмаларды орындау мақсатында, бүгінгі таңда әділет органдарымен көрсетілетін қызметтердің басым бөлігі онлайндық жүйеге көшті. Онлайндық жүйе, яғни электронды тіркеудің тиімділігі- біріншіден ашықтық, қоғамдағы әкімшілік кедергілер, сөзбүйдалылық, сыбайлас жемқорлық сияқты келеңсіз жағдайларды болдырмау, (1 сурет) Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып кезек күтпей, еліміздің кез-келген аумағында интернетке қолжетімді жерден өтініш бере алуы және ең бастысы тіркеу мерзімінің қысқаруы.[1]
Кез-келген мемлекет үшін денсаулық сақтау мәселесі әрқашан өзекті болып табылады.[4] Электронды денсаулық сақтау аралас және денсаулық сақтау облыстарын дамыту, сондай-ақ мемлекет азаматтарының (пациент) қажеттіліктерін, денсаулық сақтау саласын және медициналық қызметкерлердің өздерін қанағаттандыру үшін заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалануды білдіреді. Электронды денсаулық сақтау деректерді беру кезінде азаматтар, пациенттер және медициналық мекемелер арасында өзара әрекетті қамтамасыз етеді.[5]
Қазіргі дамыған заманда АКТ-ны денсаулық сақтау саласына енгізу медициналық жәрдем көрсетудің сапасын жаңа бір деңгейге көтереуге мүмкіндік береді. АКТ дәрігерлік санитария көмек көрсетуіне қамтамасыз етуге маңызды рөлге ие болды. Электрондық денсаулық сақтау технологиялары емдеушілерді қашықтықтан мрниторингілеуді жүргізу,емдеушілер арасында ақпаратты жақсы тарату, әсіресе алыс жерлерде,мүгедектер мен егде тартқан адамдар үшін мүмкіндік береді.