Жол-көлік жарақаттанушылықтың әлеуметтік-гигиеналық мәселелері және себептері

Жол-көлік жарақаттанушылық - қоғамдық денсаулық сақтаудың ең маңызды мәселелерінің бірі. Сонымен қатар дүние жүзі бойынша өлімнің және жарақаттанушылықтың негізгі себебі болып табылады. Жол-көлік оқиғаларында жыл сайын 1,2 миллион адам қайтыс болады, ал 50 миллион зақым алады немесе мүгедек болып қалады. Осының нәтижесінде жол-көлік оқиғалары балалар және жастардың өлімдерінің негізгі себебі болып отыр. Жарақаттанушылық тек қана Қазақсанда емес, бүкіл дүниежүзі бойынша маңызды медициналық-әлеуметтік мәселелердің бірі. Қазіргі таңда әлем елдерінде жол-көлік оқиғасы жарақаттану мен халықтың өлімі себептерінің ішінде үшінші орынды алып отыр.

Жүмыстың мақсаты: Қазақстандағы жол-көлік апатының салдарынан болған сырқаттылық пен жарақаттылықты зерттеп, оның негізгі себептерін анықтау.

Әдісі: Әдебиетпен шолу және әдебиеттің материалын саралау. Статистикалық ақпараттарды өңдеу.

Зерттеу бөлімі. Қарағанды қаласындағы 2015 жылғы жол-көлік оқиғасының статистикасын саралай келе негізгі себептері анықтадық. Олар: жылдамдық тәртібін сақтамау (2530), жол қиылысынан өту ережелерін бүзу (1147), қарсы жүріс жолына шығу (1132), орағыту ережелерін бүзу (1009). Осы себептердің ішіндегі ең жоғарғы көрсетікіш жылдамдық тәртібін сақтамау, оның нәтижесінде қаза тапқан адамдар саны 813, жарақат алғандар саны 2895 және барлық жол көлік оқиғасының 21,1%-н қүрап отыр.

2012-2015 жж. аралығында Қарағанды облысында 3708 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Осы жылдардың ішінде 2014 жылы ең көп жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 100000 адамға шаққанда зардап шеккендер саны 110,7 қүрайды. Жарақат алғандардың жалпы саны 4513 адам, оның ішінде 2663 (59%) ер адам, 1850 (41%) әйел адам.

2013 жылы Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендердің саны 1265 адамды қүрады, оның ішінде ер адамдар саны 791 (62%), ал әйел адамдар саны 474 (38%) .

Қорытынды: Зерттеу нәтижелері және әдебиеттер көздерін талдау, жол-көлік жарақаттанушылықтың, соның ішінде өлім жітімнің, біздің еліміз үшін әлі өзекті екенін көрсетті. Жол-көлік оқиғасы біздің мемлекетте жол-көлік оқиғасын басқа да елдердермен салыстырғанда жылдан-жылға көбейіп келе жатыр. 2015 жылы жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар саны 2014 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге азайды. Дегенмен, осы көрсеткіштерді Еуропалық көрсеткіштермен салыстырсақ, тіпті осы жылдардың көрсеткіші әлде қайда жоғары. Мысалы: Ұлыбританияда 100 000 адамға шаққанда 6,8 адамды қүраса, ал Қарағанды облысы бойынша 100 000 адамға шаққанда 12,6 адамды қүрайды. Тек Қарағанды облысы бойынша жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандардың саны барлық Ұлыбританияда жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандардың санынан екі есе көп.

Үсыныстар: Жылы ескірген автокөліктерді қолданыстан шығару. Техникалық байқауды жылына екі рет өткізу: көктем, күз айлары. Автокөлік жүргізушісі куәлігін 24-25 жасқа үзарту. Жол ережесін бүзғаны үшін салынатын айыппүл көлемін үлғайту.

Әдебиеттер

  1. Абдуразаков У.А. Қазақстан Республикасында политравма кезінді травматологиялық көмекті үйымдастыру мәселелері. Матер. Казахстан -Германиялық симпозиум.- Астана, 2000. - С. 6-17
  2. Батпенов Н.Д., Джаксыбекова Г.К. Қазақстан Республикасындағы жарақаттанушылықтың медициналық-әлеуметтік аспектілері және оны азайту бойынша шаралар // Травматология және ортопедия.- 2009.- № 2. - С. 7-15.
  3. Гриб М.Н. Жол-көлік жарақаттанушылықты комплексті әлеуметтік-гигиеналық зерттеу (Нижегородская облысы үлгісінде) мед.ғыл.канд.дис..- Рязань, 2009. - С.171
  4. Европада жарақаттанушылықтың алдын алу. Орындарда халықаралық ынтымақтастықты орындау. Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымы.- 2010.
  5. Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының жол-көлік жарақаттанушылық жайындағы баяндамасы. - 2014.
  6. Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 4 шілдесі бойыншы 55-IV заңы. «Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету сүрақгары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық акттерінің кебіреуіне өзгеріс және толықтыру енгізу турады».
Жыл: 2016
Қала: Шымкент
Категория: Медицина