Түрғындардың мезгілсіз өлім-жітім себептерін зерттеу және олардың алдын алу, өмір сүру үзақтығын жоғарылату қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе болып табылады. Көптеген авторлардың зерттеулеріне сәйкес, жалпы халықтың, соның ішінде ауылдық жерлерде түратын жалпы өлім-жітімнің 80,0% негізгі төрт себепте: жүрек-қан тамырлары аурулары, жарақат, ісік аурулары мен тыныс жолдарының ауруларынан болып отыр [1].
Қазіргі уақытта, өлім-жітім түрлі ғалымдардың мәліметтері бойынша, тек өсу үрдісін көрсетіп отыр және халықтың жасы мен жыныстық қүрылымына тәуелді болып табылады [1.2].
Зерттеу мақсаты: Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) өлім-жітім қүрылымының ерекшеліктерін анықтау және оны төмендету негізгі жолдарын айқындау.
Зерттеу материалдары мен әдістері: 2013 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі кезеңге арналған ҚР ДСӘД министрлігінің статистикалық жинағы, ҚР ҮЭМ Статистика комитетінің ресми мәліметтері, Medinfo деректері қолданылып, статистикалық зерттеу жүргізіліп, талдау жасалынды.
Кесте 1 - ОҚО бойынша 1000 тұрғынға шаққандағы демографиялық көрсеткіштер
Туу көрсеткіші |
Өлім-жітім |
Табиғи өсім |
Нәресте өлімі (1000 тірі туғанға шаққанда) |
|||||
2013 |
2014 |
2013 |
2014 |
2013 |
2014 |
2013 |
2014 |
|
ОҚО |
29,59 |
29,73 |
5,55 |
5,34 |
24,04 |
24,39 |
13,27 |
11,31 |
ОҚО (қала) |
29,54 |
30,41 |
6,15 |
5,66 |
23,39 |
24,75 |
14,38 |
13,10 |
ОҚО (ауыл) |
29,62 |
29,18 |
5,17 |
5,09 |
24,45 |
24,09 |
12,57 |
9,94 |
Зерттеу нәтижелері мен талқылау. Қойылған мақсаты бойынша ОҚО 1000 түрғынға шаққанда демографиялық жағдай талқыланды. Осы 2 жылдық зерттеу жылында даму ағымы оң жаққа қарай жылжыған. 1 кестеде келтірілген деректерге сай туу көрсеткіші республика бойынша (2014ж - 23.13) салыстырмалы түрде алғанда ең жоғарғы көрсеткішке ие болып отыр. Туу көрсеткішінің қала түрғындарынан ауылдық жерлерде төмендеуі (4%) облыс аумағындағы жас отбасылардың жоғары қарқынды урбанизациялық үрдісімен байланысты. Табиғии өсім
сәйкесінше қала түрғындарында 2.6% жоғары деңгейді көрсетті. Алайда нәрестелер өлімі қала түрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің жоғары мамандандырылуына қарамастан (облыстық перинеталдық орталықтар) ауылдық аймақпен салыстырғанда 24,1% жоғары. Ауылдық елді мекендерде нәрестелер өлімі бір жылдың ішінде 20,9% төмендеген.
ОҚО аумағында өлім көрсеткіші 2014 жылы 3,7% (2013ж - 5.55; 2014ж - 5,34) төмендеген, бірақ дамыған елу елдің және Еуроодақ мемлекеттері көрсеткіштерімен салыстырғанда бүл өте жоғары болып отыр. Қайтыс болу себептерінің негізгі топтары бойынша 100 000 адамға шаққандағы өлім-жітім көрсеткіштерін талдайтын болсақ бірінші орында жүрек қан тамыр ауруларынан, соның ішінде жүрек ишемиясы мен инсульттен қайтыс болу саны артқан (1 диаграмма).
Ауыл мен қала түрғындарын алып зерттейтін болсақ өлім қүрылымы бойынша обылстық көрсеткіштермен сай келеді, бірінші орында ЖҚА (2014 ж: ауыл-94,17; қала-114,96 ); екінші орында жазайтайым жағдайлар, улану мен жарақат (2014ж: ауыл-61,21; қала-62,84); ал үшінші орында қатерлі және қатерсіз ісіктен келген өлім себептері (2014ж: ауыл-41,46; қала-59,18) алып отыр (2 кесте).
Кесте 2 - ОҚО бойынша қала және ауыл тұрғындарының 100 000 тұрғынға шаққандағы демографиялық көрсеткіштері
Онкологиялық аурулар |
ЖҚА |
Жарақат, жазайым жағд |
Тыныс алу жүйесі ауру |
Асқазан ішек жолы аурулары |
|||||
2013 |
2014 |
2013 |
2014 |
2013 |
2014 |
2013 |
2014 |
20 13 |
20 14 |
Қала түрғындары |
|||||||||
66,76 |
59,18 |
130,6 |
114,96 |
68,27 |
62,84 |
41,36 |
39,86 |
54,29 |
54,31 |
Ауыл түрғындары |
|||||||||
44,93 |
41,46 |
99,09 |
94,17 |
63,81 |
61,21 |
32,06 |
30,15 |
44,93 |
41,66 |
Талдау қорытындыларына сай қала түрғындары арасында өлімнің деңгейі жоғары екендігі анықталды. Негізгі факторлардың ішінде қалалық экология, жарақаттың көп болуы, көптеген жол-көлік апаттарының орын алуы, стресстік жағдайлардың жиі кездесуін белгіледік.
Қорытынды: Соңғы жылдары ОҚО халқының жалпы өлім-жітім көрсеткіші (2013-2014) жағымды көрініс беруде. Бүл бастапқы медициналық және санитарлық көмек көрсету жүйесінің жүмысының негізгі көрсеткіші ретінде бағаланады. Қалалық жерлерде өлімнің неғүрлым жоғары екендігі, көрсетілетін медициналық көмектің жоғары мамандандырылғанына қарамастан көрініп отыр.
Әдебиеттер
- Зиязетдинов Н.С., Евсюков А.А., Борисова М.В. Медико-социальные аспекты смертности сельского населения (на примере муниципального района) //Проблемы управления здравоохранением. - 2009.- № 1. -С. 45-48.
- Дубровина Е.В.Социальные аспекты преждевременной смертности от травм и отравлений в современной России//Профессиональные заболевания и укрепление здоровья.- 2007.-№ 5.-С. 18-20.