Зерттеу мақсаты. Шымкент қаласы №3 емханада тіркелген 5 жасқа дейінгі балалардың тыныс алу жолдары ауруларының кездесу жиілігі мен жасына байланысты ерекшелігін анықтау.
Зерттеу материалдары мен әдістері. Зерттеу материалдары ретінде емханаға тыныс алу жолдарының ауруларына шағымданып келген және сәйкес диагнозбен тіркеліп, диспансерлік бақылауда болған науқас балалардың даму тарихын(ф 112/у) қарау және талдау жүргізу. 2016 ж. тамыз айы бойынша -716 бала, қыркүйек айы бойынша -825 бала, қазан айы бойынша- 657 баланың даму тарихы қаралды.барлығы -2198 науқас.
Нәтижесі. Жоғарыда аталған жүргізілген жұмыстарға байланысты тексерілген науқас балалардың тыныс алу жүйесінің аурулары бойынша пневмония, вазомоторлы және аллергиялық ринит ,фарингит, синусит, бадамша бездері және аденоидтарының созылмалы аурулары, нақтыланбаған созылмалы бронхит және эмфизема, бронх демікпесі, басқа созылмалы обструктивті өкпе аурулары жиілігі есептеліп, жас ерекшеліктеріне байланысты талдау жасалынды[1,2,3]. Нәтижесінде 2016 ж. тамыз айы бойынша 1 жасқа дейін 133, 1-2 жас аралығында 109 бала,оның ішінде алғашқы рет анықталғаны-107, 2-5 жас аралығында 258 бала, оның ішінде алғашқы рет анықталғаны-257 бала тыныс жолдары ауруларымен ауырған. Қыркүйек айы бойынша 1жасқа дейін- 116 бала, 1-2 жас аралығында 170 бала,оның ішінде алғаш рет анықталғаны-165, 2-5 жас аралығында-301 бала, оның ішінде алғаш рет анықталғаны-294 науқас, қазан айы бойынша 1 айға дейін-1 бала, 1 жасқа дейін-120 бала, 1-2 жас аралығында 124 бала, оның ішінде алғаш рет анықталғаны-123, 2-5 жас аралығында 209 бала- алғаш рет тыныс алу жолдарының ауруларымен ауырған. Жыныстық ерекшеліктеріне байланысты үл балаларда қыздарға қарағанда 7-15% жиірек кездескен.
Қорытынды. 2016 жылдың тамыз, қыркүйек, қазан айлары бойынша тыныс алу жүйесінің ауруларымен ауырған балалар арасында 2-5 жас аралығындағы балаларда тыныс жолдарының ауруларының кездесу жиілігі 1-2 жастағы балаларға қарағанда 2 есе жиі екендігі анықталды, дегенмен тіркелген науқастардың басым бөлігі алғашқы рет диагностикаланған. Бүл балалардың мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне баруына, қарым-қатынас ортасының кеңеюіне байланысты, сондықтан ата-аналар мен балалар арасында санитарлық-ағарту жүмыстарын жүргізу,алдын алу шараларын түсіндіру өте маңызды.
Әдебиеттер
- .Детская пульмонология .А.Н.Зосимов, В.К.Ходзицкая, С.А.Черкасов, М.ЭКСМО.2008
- .Детские болезни В2-х томах Н.П.Шабалов,Спб,2010г.
- .Педиатрия. Национальное руководство:в 2-х томах. Под ред. А.А. Баранова.-М: ГЭОТАР-медиа 2009 Мәлімет көздері: мәліметтер №3 Шымкент қалалық емханасының тіркелген науқас балалардың даму тарихын зерттеу және статистикалық мәліметтерді салыстыру арқылы алынды.