Тақырыбтың өзектілігі:
Түрғындарға медициналық көмек көрсетудің жақсаруы тек материалдық және денсаулық сақтаудың кадрлық негізінің өсуін ғана емес, сонымен қатар, өткізіліп отырған іс-шаралардың экономикалық тиімділігін ескере отырып үйымдастырушылық іс-әрекеттің барлық деңгейінде жүмыс әдістерінің және стильдерінің жақсаруын талап етеді. Амбулаторлық-емханалық мекемелердің қызметін бағалауда қызметкерлердің жүмыс жүктемелерінің статистикалық көрсеткіштер анализі және есебі маңызды орын алады. Бір жағынан, амбулаторлық-емханалық қабылдаудағы дәрігер жүктемесі медициналық көмек алуға келген түрғындардың жастық-жыныстық қүрылымына, аурашаңдықтың деңгейі мен қүрылымына, түрғындардың медико-санитарлық белсенділігіне байланысты. Басқа жағынан қарасақ, дәрігердің (орта медициналық қызметкер) жеке жүктемесі медициналық қызмет нарығының сигменттелу деңгейіне, медициналық қызметкердің кәсіби имиджінің қалыптасуына байланысты. Қызметкерлердің жүктемесін үнемі зерттеу атқарылған жүмыстың көлемі мен сапасын ескере отырып, дифференцирленген еңбек ақысының прогрессивті түрін әзірлеуде өте маңызды.
Зерттеу мақсаты: Акушер-гинеколог дәрігерлердің жүмыс уақыты жүктемелерінің нормативтерін ғылыми жүзінде негіздеу.
Зерттеу әдістері: Хронометраж әдісі, статистикалық өндеу әдісі. Осы жылдың 4 қазанынан бастап ДСДРО (РЦРЗ) тапсырысы бойынша акушер-гинеколог дәрігерлерінің жүмыс уақытын хронометражды зерттеу әдісін жүргіздім. Зерттеу мерзімі - 3 апта. Зерттеуді Семей қаласы, Консультативті-диагностикалық орталық және Семей қаласы, аралас титі №1-ші емханасында өткіздім. Осы зерттеу жүргізу кезінде келесідей мәліметтер алынды: Консультативті-диагностикалық орталықта: - Акушер-гинеколог күніне кем дегенде 23 науқас қабылдайды; -Дәрігердің науқастарды орташа қабылдау уақыты - 10-25 минут; -Дәрігердің
науқастың картасын толтыруға кететін уақыты - орташа есеппен 5-10 мин; -Дәрігер жүмысының ең үзақ уақыт алатын манипуляциялары : Биопсия, жатырішілік қүрылғыны орнату және алып тастау - орташа есеппен 15-20 минут.
№1-ші емханасында:- Акушер-гинеколог күніне кем дегенде 25 науқас қабылдайды; - Дәрігердің науқастарды орташа қабылдау уақыты - 15-30 минут; -Дәрігердің науқастың
картасын толтыруға кететін уақыты - орташа есеппен 10-15 мин; -Тіркеуге түруға келген жүкті әйелдерді қабылдау уақыты - 40-50 минутты қүрайды. -Дәрігер жүмысының ең үзақ уақыт алатын манипуляциялары: Биопсия, жатырішілік қүрылғыны орнату және алып тастау - орташа есеппен 10-15 минут.
Нәтижесі: Нормативтік бүйрық бойынша акушер -гинекологтың үсынылған орташа сағаттық қабылдау жүктемесі - 4 науқасты қабылдауға тең, ал мен өткізген зерттеуде клиникалық- диагностикалық қызмет көрсетуі орташа есеппен Консультативті-диагностикалық орталықта 20 минутқа тең болды,бүл дегеніміз 1 сағат ішінде дәрігер үш науқасты қабылдап үлгереді. Ал, №1-ші емханада 30 минутқа тең болды, бүл дегеніміз 1 сағат ішінде дәрігер екі науқасты ғана қабылдап үлгереді.
Қорытынды: Жүктеме нормативімен салыстырғанда, №1-ші емханада дәрігердің науқастарды қабылдауы 2 есеге төмен екені анықталды. Себебі, №1-ші емханада тек әйел адамдарды ғана емес, сонымен қатар жүкті әйелдерді қабылдайды және көптеген манипуляциялар жасалады.
Әдебиетттер
Государственная программа развития здравоохранения Республики Казахстан «Денсаулық» на 20162020 годы;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі №238 Бүйрығы; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігінің 2012 жылғы 3 шілдедегі №452 Бүйрығы;