Тақырыптың өзектілігі: Дүние жүзілік Денсаулық сақтау үйымының соңғы мәліметтері бойынша (ДДҰ) адам денсаулығы жағдаятының тек 15% ғана медициналық қызмет үйымдарынан және соншалықтысы генетикалық ерекшеліктерге байланысты, ал 70% тамақтану сипаты мен өмір сүру қалпынан анықталынады. Қазіргі заманғы денсаулық сақтау саласының маңызды мәселелерінде темір тапшылықты анемия(ТТА) алғашқы орындардың бірін иеленеді. Барлық анемияның ішінен ТТА 80% қүрайды. Әлемде темір тапшылықты анемияға шалдыққан адамдардың саны 2 миллиардтың үстінде. Темір тапшылықты анемия жасөспірімдер арасында кездесу жиілігі 17,5%, балалар арасында 40-50% қүрайды.
Зерттеу жүмысының мақсаты:
Студенттердің арасында анемияның кездесу жиілігін анықтау. Анемия жайлы ақпараттану деңгейін жоғарылату. Зерттеу әдістері: Сауалнама жүргізу.Статистикалық өңдеу. Жалпы қан анализін талдау. Зерттеулер С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы медицина факультетінің 3 курс студенттер арасында өткізілді. Сауалнамаға 50 студент қатысты.
Зерттеу нәтижелері: Сауалнама нәтижесі бойынша студенттердің 58% тез шаршағыштық; 56% жоғары қабаттарға көтерілгенде ентігіп, жүрек соғысының жиілейтіндігі; 50% әрдайым әлсіздікті сезінетіндігі; 28% көзінің қарауытып, қүлағының шулап, басының айналатындығы; 98% шай мен кофені тағаммен қоса қабылдайтындығы анықталды. Қазіргі таңда шай мен кофенің қүрамында фитат және танин деп аталатын заттардың темірмен байланысып, темірдің сіңімділігін төмендету арқылы анемияны туындатуда негізгі себептердің бірі екендігі анықталған. Анемия жиілігі бойынша жоғары дәрежеде кездеседі. Қыздарда үлдарға қарағанда 3 есе жоғары кездесуі мүмкін екендігі анықталды.
Қорытынды: Анемия студенттер арасында жиі кездесетін патологияның қатарына жатады. Сауалнама қорытындылары бойынша студенттер арасында анемияның кездесу жиілігі жоғары екеніне көз жеткіздік. Анемияның жасөспірімдер арасында жоғары дәрежеде кездесуінің себептеріне темірдің сіңімділігін төмендететін тағамдарды тұгынуы және ақпараттану деңгейінің төмен екендігі белгілі болды. Анемияның жастар арасында жиі кездесуінің себебі - темір тапшылығына байланысты. Студенттердің үлгерімінің нашарлауының негізгі себебі - анемия.
Әдебиеттер
- Зинчук В.В. Нормальная физиология. Краткий курс. М.: Медицина, 2009. - 405 бет.
- Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. (Оқулық). - Алматы. Издательство «Дәуір», 2005. - 663 бет.
- Шарманов Т.Ш., Тәжібаев Ш.С., Цой И.Г. Маңызды микронутриенттердің рөлі және микронутриенттер тапшылығының алдын алу шаралары туралы: Дәрігерлерге арналған қүрал. - Алматы: Раритет, 2009. - 360 б.
- Спиричев В.Б. Дефицит микронутриентов и отечественные продукты лечебнопрофилактического питания для его коррекции. М.,1998.
- Worldwide prevalence of anaemia 1993-2005 : WHO global database on anaemia / Edited by Bruno de Benoist, Erin McLean, Ines Egli and Mary Cogswell.