Туран жусан шөбінің биологиялық белсенді заттарының сапалық қүрамын талдау

ТҮЙІН

Мақалада Оңтүстік Қазақстан облысында өсетін Artemisia Turanica өсімдігінің биологиялық белсенді заттарының сапалық қүрамын талдау нәтижелері көрсетілген. Талдау нәтижесінде эфир майлары, флавоноидтар, иілік заттар, кумариндер, сесквитерпеноидтар бар екендігі анықталды.

Кілт сөздер: Artemisia Turanica, сапалық талдау, эфир майлары, флавоноид, кумарин, хроматография.

Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтаудың ең маңызды тапсырмаларының бірі халықты жаңа, эффективті, зиянсыз, әрі арзан дәрілік препараттармен қамтамасыз ету [1].

Химиялық қосылыстарды синтездеу жолымен алынатын препараттардың жақсы әсер ететінін және олардың кең спектрлі әсері бар екендігі белгілі. Бірақ соңғы кездегі түрлі тәжірибелерден көріп отырғанымыздай адам ағзасының табиғатына жат нәрсе болғандықтан олар адам ағзасында түрлі аллергиялық, концерогендік және басқа жанама реакциялар туғызып отырады [2].

Сондықтан да қазіргі заманғы медицинада дәрілік өсімдік шикізатынан алынатын дәрі дәрмектерді қолдану кең жолға қойылып отыр.

Біздің елімізде туран жусанының химиялық қүрамы туралы әдеби деректер жоқ болғандықтан, оның химиялық қүрамын тереңірек зерттеуді үйғардық.

Жүмыстың мақсаты: туран жусанның жер үсті бөлігінің химиялық қүрамын, сонымен қатар өзіне тән бөлініп алынған биологиялық белсенді заттарының медицина мен фармациядағы тәжірибелік маңыздылығын зерттеу болып табылады.

Материалдар мен әдістер: Зерттеу барысында Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Қожатоғай елді мекенінде гүлдену кезеңінде, табиғи фитоценозда жиналған, Artemisia turanica жер үсті бөлігінің сапалық қүрамы қарастырылды.

Жаңа дәрілік өсімдіктерді фитохимиялық зерттеу кезінде, өсімдік қүрамынан табиғи қосылыстардың максималды бөлінуі және ББЗ қүрамын алдын ала бағалау жүргізу үшін, эксперименталды түрде оптимальды экстрагент таңдау қажет. Бөліп алуды тамшылай немесе экспресс - хроматографиялық әдіспен табиғи қосылыстарының негізгі топтарына тән реакция жүргізу үшін пайдаланады.

Сығынды алу үшін, өлшемі 1мм електен өткен, 10,0 г туран жусан шөбінің үсақталған салмағын өлшеп алып полярлы 1:10 қатынастағы экстрагенттерді қүяды (су, 10 %, 30%, 50%, 70%, 96% спирт, ацетон және 50% сулы ацетон, этилацетат, хлороформ, бензол, гексан) қосып, бөлме температурасында 2-3 күнге, мерзімді түрде араластырып, түндыруға қалдырады. Полярлығы әртүрлі экстрагенттерді пайдалану, ДӨШ алынатын қосылыстардың мүмкін болатын топтарын анықтау үшін оптималды шарт болады (гликозидтер, агликондар, күрделi эфирлер, қүрамында ОН, C=O, COOH, NH ((NH2) майлы және хош иісті топтары бар қосылыстар полярлы және жоғары молекулалы қосылыстар). Бөлме температурасында алынған сығындылар тамшы әдісімен ББЗ тобының сапалық қүрамы бойынша және экстрактивті заттар сандық қүрамы 32

бойынша анықталды [3]. Ол үшін әрбір сығындыдан фильтрлі қағазға сығынды дақтарын енгізді (әрбір сығындыдан 10 нүктеден кем емес, ара қашықтығы 1-1,5 см d= 0,5 см). Әрбір дақ бетіне әрбір ББЗ үшін тән айқындағышты енгізіп, барлық сығындылардың сапалық қүрамы анықталды.

Ары қарай, алдын ала өлшенген және түрақты салмаққа жеткізілген фарфор табақшаға, әрбір сығындыдан аликвота алып, су моншасында буландырып, кептіргіш шкафында 100-105°С температурасында түрақты массаға дейін кептіріп, температуралық әсер етусіз әртүрлі еріткіштер арқылы алынатын экстративті заттардың санын есептейміз.

Содан кейін барлық сынымаларды су моншасында 1 сағат қыздырып, қыздырғаннан кейінгі дақтардың боялу интенсивтілігінің өзгерістерін және экстративті заттар санын бағалай отырып, сығындыдан- бөлініп алынған экстративті заттарды анықтау үшін, сапалық талдауын қайталайды [4].

Тиімді экстрагентті таңдау бойынша эксперименталды зерттеу нәтижелері, шикізатты экстракциялаудың ең жақсы шарттары: экстрагент - 70 % этил спирті, шикізат - экстрагент қатынасы - 1:50, экстракция уақыты - 60-70 минут болатынын дәлелдейді. Экстрагирлеудің тиімді нәтижелерін этилацетат және бутанол көрсетті (1-кесте).

Кесте 1 - Туран жусан шөбінің экстрагирлеу мен экстрагент шарттарына байланысты экстрактивті заттар құрамы

Экстрагент, концентрациясы

Шикізаттың арақа-

тынасы:экстрагент

Экстракция уақыты, мин

Экстрактивтік зат- тардың құрамы, %

1

40% этил спирті

1:50

60

9,45±0,01

2

70% этил спирті

1:50

45

18,64±0,03

3

96% этил спирті

1:50

60

4,32±0,01

4

70% этил спирті

1:50

30

20,62±0,04

5

70% этил спирті

1:50

60

24,12±0,03

6

70% этил спирті

1:50

90

27,59±0,03

7

70% этил спирті

1:50

120

28,73±0,04

8

70% этил спирті

1:30

45

17,46±0,03

9

Ацетон

1:50

60

4,92±0,04

10

Ацетон

1:50

30

3,69±0,02

11

50 % сулы ацетон

1:50

60

2,28±0,02

12

50 % сулы ацетон

1:50

30

1,34±0,02

13

Этилацетат

1:50

60

19,42±0,01

14

Этилацетат

1:50

30

14,11±0,04

15

Хлороформ

1:50

60

1,92±0,03

16

Хлороформ

1:50

30

1,25±0,04

17

Бензол

1:50

60

9,67±0,03

18

Бензол

1:50

30

5,34±0,04

19

Гексан

1:50

60

4,46±0,01

20

Бутанол

1:50

60

17,85±0,02

Негізгі ББЗ пен ББЗ топтық қүрамын бағалаудың міндетті реакцияларын жүргізгеннен кейін, алынған сығындылардың компонентті қүрамын, жүқа қабатты хроматография әдісімен, ББЗ топтарын анықтайтын стандарт - заттармен бірге, спецификалық айқындағыштар әсерінен дақтар түсі мен Rf көрсеткіштері бойынша УК - жарығында салыстыра отырып зерттелінді.

Биологиялық белсенді заттардың кез келген тобы үшін сулы-спиртті немесе басқада бөлінділерді 1-5 мл көлемінде қолданылады. Бөліндінің қүрамы күрделі болғандықтан жеке спецификалық реакцияларды бөліп қарай алмаймыз, ал көзге көрінетін реакция белгілері әрдайым тек қана бір затты білдіре бермейді. Бүл жағдайларда бірнеше реакцияларды қатар жүргізу үсынылады (2-кесте) .

Кесте 2 - Туран жусанның биологиялық белсенді заттарын сапалық талдау

Сапалық реакциялар

Сапалық талдау нәтижесі

Туран жусан шөбі

Флавоноидтар

Цианидинді сынама

Әлсіз қызғылт бояу

Кумариндер

Г.А.Кузнецова үсынған кумариндерді анықтаудың экспресс әдісі

5 % NaOH ерітіндісі

диазореактив (диазот-

талған п-нитроаналин)

Сары

шие-қызыл

Иілік заттар

Түсті және түнбаға түсіру реакциялары

Түсті реакция

Түнбаға түсіру реакция

1 % железоаммонилы

квасц реактиві

10% сірке қышқылы

қатысындағы қорғасын

ацетатының түзы

қара-көк

Түнба

Сесквитерпенді лактондар

Г идроксамдысынама

Гидроксиламиннің спиртті ерітіндісі

Темір хлоридінің спиртті ерітіндісі

 

жасыл түс

қызыл-күлгін

Эфир майлары

Альфа жағдайдағы қаңқаның ароматты альдегидпен конденсация реакциясы

Концентрлі күкірт қышқылы қатысындағы ванилин ерітіндісімен

малина түске боялуы

Сулы - этанолды сығындыны дайындау үшін, туран жусан шөбінің үсақталған ауа - қүрғақ, тесігінің өлшемі бір миллиметр болатын електен өткен, нақты салмағына шикізатының нақты аспасына, 1:50 қатынасындағы су - спирт ерітіндісін (70 %) қүяды. Түндыру үшін қараңғы жерде 2 тәулік уақытта бөлме температурасында үстады. Кейін түнбаны фильтрлеп (бірінші фильтрат) қайтадан бірінші реттегідей сол қүрам мен сол мөлшерде су - спирт ерітіндісін қүяды. Екінші рет сол шартта 5 күн түндырады (екінші фильтрат). Түндырғаннан кейін екі фильтратты бір - біріне қосады.

Қүрамындағы қоспалар мен ақуыздарды түндыру үшін 5 мл үлгінің халықаралық стандарттағы қатынасын (ҮХСҚ) 100 мл экстрактқа шаққандағы 5% үлгінің халықаралық стандарты (ҮХС) қышқылын алып, нәтижесінде алынған фильтратты қағаз фильтр арқылы фильтрлеп, қараңғы бөлмеге бір тәулікке қояды. Қайтадан пайда болған түнбаны, вакуумды роторлы булағышты пайдалана отырып фильтрледі [5].

Туран жусан өсімдігінің қүрамындағы биологиялық белсенді заттарын сапалық талдау үшін біз еріткіштер жүйесіндегі жүқа қабатты хроматографияны (ЖҚХ) пайдаландық. Хроматографиялық зерттеулер үшін алдымен жылжымайтын фаза, камераның қанығу уақытын, хроматографиялық пластинкалардың белсену уақытын, сынама енгізу әдістеріне өңдеу жүргізілді (кесте 3).

Хроматографиялық зерттеулер «Сорбфил» (10х10, 10х15 Ресей) пластинкаларында

жүргізілді. Пластинкаларға сынамалар микрошприцтер (МШ Ресей) мен көлемі 2 мкл микро- капиллярлар (Ресей) арқылы енгізілді. Енгізілген сынаманың оптималды көлемі 5 мкл қүрады. Флавоноидты қосылыстарды анықтау үшін хроматограммада хлорлы алюминийдің 10% спиртті ерітіндісін, аммиак буын, натрий гидроксидінің спиртті ерітіндісін, ары қарай УК - жарығында 2 % цирконий хлор тотығының метанолды ерітіндісін қолданды. Хроматограммаларды УК - жарығында хромогенді реактивпен өңдеуге дейін және өңдегеннен кейін қарадық (сурет 1) [6].

Кесте 3 - Туран жусанның жер үсті бөлігінен кумариндер мен флавоноидтарды ЖҚХ әдісімен 70 % спирттегі сулы-спиртті сығындысының нәтижесі

Еріткіштің системасы

70 % спирттегі сулы- спиртті сығындысы

Стандартты үлгі

Rf мәні, сіңіру

аймағының түсі

Аталуы

Rf мәні

Сіңіру айма- ғының түсі

Кумарин

1. Бензол: ацетон - 9:1

0,02

көк

-

-

-

0,26

көк

умбеллиферон

0,27

көк

0,66

қызыл

изоприминеоин

0,70

қызыл

0,80

сары

императорин

0,82

Сары

2. Бензол: этилацетат- 9:1

0,02

көк

-

-

-

0,26

көк

-

-

-

0,48

Қызғылт

-

-

-

0,56

Қызыл

-

-

-

0,60

қызғылт- қызыл

императорин

0,60

әлсіз қызыл

0,82

Ашық-сары

-

-

-

0,88

әлсіз қызыл

-

-

-

3. Толуол:

этилформиат :

қүмырсқа қышқылы - 5:4:1

0,51

көк

эскулетин

0,46

көк

0,61

Қызыл

ксантотоксол

0,63

Қызыл

0,73

сары -жасыл

кумарин

0.73

сары-жасыл

0,77

Күлгін

императорин

0,78

Күлгін

4. Эфир: бензол: сірке қышқылы- 5:5:1

0,05

көк

умбеллиферон

0,07

көк

0,39

көк

скополетин

0,35

көк

0,61

сары-жасыл

кумарин

0.62

сары-жасыл

Флавоноидтар хлороформ : метанол :су - 61:32:71

0,05

көк

     

0,23

көк

     

0,32

Сары

     

0,93

сары-жасыл

кверцетин

0,97

сары жасыл

3,5

3

2,5

2

♦ ♦

1,5

1

0,5

0

 

   

 

 
 

0,5

 

1

1,5

 

2

2,5

3

Сурет 1 - Туран жусанның жер үсті бөлігінің сулы-спиртті сығындысының

хроматограммасы

Жүргізілген зерттеу нәтижелерін қорытындылай келе, бір түқымдасқа жататын өсімдіктер, біркелкі химиялық қүрамды болады және үқсас фармакологиялық әсер көрсететіні ғылыми түрде дәлелденген. Филогенетикалық үқсастықтың осы қағидасын және жусан түқымдасын зерттеу бойынша алынған нәтижелерді ескере отырып, туран жусан өсімдігінде әртүрлі бағытта әсер ететін биологиялық белсенді заттардың болуын болжауға болады.

Өнделген әдебиет деректеріне сәйкес, туран жусанында және оған үқсас түрлерінде эфир майлары, флавоноидтар, кумариндер, терпеноидтар бар. Жусанның жер үсті бөлігіне фитохимия- лық зерттеу кезінде осы биологиялық белсенді заттар топтарының болуы анықталды. Алынған нәтижелер экстракттар мен фракцияларды ары қарай стоматологияда қолдану мүмкіндігін анықтау мақсатында фармакологиялық зерттеу жүргізу болып табылады. Зерттеу жастары 2-3 айлық зертханалық ақ тышқандарға салмағы 35-40 г, салмағы 200-350 г қояндарға жүргізіледі. Болашақта алынатын нәтижелер стоматологияда ауыз қуысының қабыну ауруларын кешенді емдеу және алдын алу мақсатында қолданылу мүмкіндігі бар.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Кодекс Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения» № 193- IVot 18.09.2009 г.
  2. Аканов А.Д., Камалиев М.Д. Система здравоохранения Республики Казахстан: современное состояние, проблемы, перспективы. / В книге: Реформы финансирования здравоохранения: Опыт стран с переходной экономикой / Под ред. Kutzin., Cashin С, JakabM.- Европейское региональное бюро ВОЗ/Европейская Обсерватория по системам и политике здравоохранения, 2011. - 442 с.
  3. Государственная фармакопея Республики Казахстан. -Алматы: Издательский дом «Жибек жолы». -2008.-Том 1.-С. 208 -220.
  4. Биологически активные вещества растительного происхождения / Б. Головкин [и др.]. М.: Наука, 2001. - Т.1. - 350 с.
  5. Кузнецова Г.А. Природные кумарины и фурокумарины/Г.А.Кузнецова.-Ленинград: издательство «Наука», Ленинградское отделение, 1967.
  6. Бандюкова В.А. Качественный анализ флавоноидов в растительном материале при помощи хроматографии на бумаге.Методические рекомендации/В.А.Бандюкова, А.А.Шинкаренко.- Пятигорск,1972.
Тег: Талдау
Жыл: 2016
Қала: Шымкент
Категория: Медицина