ТҮЙІН
Жыл сайын Қазақстандағы жаңа туылған нәрестелердің 60-80%-да сарғаю клиникалық көрінісі орын алады. Нәрестелік кезеңнің осындай күйінің себептерін анықтау мақсатымен көпте- ген зерттеулердің жүргізілуіне қарамастан, аталған мәселенің өзектілігі жойыла қойған жоқ.
Кілт сөздер: нәресте, физиологялық гипербилирубинемия, сарғаю, ана сүтімен емізу
Сарғаю синдромының қүрылымында жетекші орынды барлық сары аурулардың 60-70%- ын түзетін, нәрестелік кезеңнің шекаралық түрлеріне жататын физиологиялық гипербилирубинемия (ФГ) алады, одан кейінгі кезекте неонатальдық гипербилирубинемия (НГ), қүрсақ ішілік инфекциялар (ҚІИ), нәрестелердің гемолитикалық ауруы (НГА), шала туылғандардың сарыауруы, гепатобилиарлық жүйе ақаулықтарының тума және түқым қуалайтын науқастардың сарыаурулары жүреді.
Әдебиетте ФГ нәресте қоректенуімен байланысы туралы мәлімет көтеріліп отырады . 2000 жылдан бастап ОҚО-да ДСҮ/ЮНИСЕФ бастамасымен және ҚР ДСҮ-ның қолдауымен емшекпен емізуді сақтау және қорғау бойынша ауқымды жүмыс жүргізілуде. Барлық босандыру мекемелерінде «Ана мен баланың бірге болуы» жобасы енгізілген.
Дегенмен, емізу сипатының жетіліп туылған балалардағы билирубин деңгейімен байланысы туралы жүмыстар өте аз. Гипербилирубинемия клиникасының қан сарысуындағы билирубин деңгейіне тәуелдігін зерттеу және емшекпен еркін емізу жағдайында қатерлі факторларды тереңдетіп зерделеу маңызды және тәжірбиелік мәні бар өзекті ғылыми проблема болғандықтан осы ғылыми жүмыс жүргізілді.
Зерттеудің мақсаты. Неонатальды және физиологиялық сарғаюдың қалыпты ағымда өтуіне бейім медициналық көмекті үйымдастыру шараларын жүйелеу.
Зерттеудің міндеттері. 1. Нәрестелердегі физиологиялық және неонатальды гипербилирубине-мияның таралу жиілігін анықтау және сарғаюдың ана мен бала денсаулығына байланысты қаупті факторларын зерттеу.
2. Физиологиялық және неонатальды сарғаюдың клиникалық көрінісінің ағымына ана сүтімен емізу жағдайындағы ерекшеліктерін талдау .
3. Қан сарысуындағы билирубин деңгейінің өсуін емшекпен алғашқы емізу уақытымен, лактацияның түзелуімен, нәрестенің ему белсенділігі және бейімделуімен байланысын негіздеу.
Зерттелген балалардың жалпы сипаттамасы. Жүмыстың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес, перзентхананың фіизиологиялық бөлімінде «Ана мен баланың бірге болуы» жобасы бойынша 181 жүп зерттелді.
Зерттеу төмендегі зерттеулер бойынша орындалды:перинатальдық анамнезді жинау; босану кезеңін талдау; жаңа туылған нәрестелерді клиникалық зерттеу: жаңа туылған нәрестені алғашқы қарау, күнделікті қараулар; зертханалық және аспапты әдістер; алынған деректердің салыстырмалы сипаттамасын жасау. Түжырысмдау, қорытынды шығару, практикалық үсыныстарды әзірлеу
Барлық жаңа туылған нәрестелер бөлімшеде аналарымен бірге болып, ана уызымен және сүтімен «талап» бойынша емізілді. Перзентханада материалды жинау кездейсоқ іріктеу әдісімен жүргізілді. Жүмысқа қосылмаған нәрестелер: шала туылған нәрестелер, нәрестелердің гемолитикалық ауруы бар балалар, қарқынды терапия бөлімшесінде ем қабылдап жатқан жаңа туылған нәрестелер, қүрсақ іші инфекциясының қатері жоғары жаңа туылған нәрестелер, туа біткен және түқым қуалайтын патологиясы бар нәрестелер.
Зерттеуге жүктілік кезінде толық тексеруден өткен атап айтсақ үсыныс етілетін зерттеулері жеткілікті (қан және зәр талдамалары, қанның биохимиялық талдамасы, АҚТҚ зерттеуі, В және С гепатиттеріне, мерезге зерттеулер, жүктілік бойында төрт және одан артық қарауда болған, TORCH- синдромға тексерілген және үрық пен плацентаның ультрадыбыстық зерттеулері жургізілген) аналардың балалары алынды.
Барлық балалар 3 топқа бөлінді:
І топ - физиологиялық гипербилирубинемиясы бар жаңа туылған нәрестелер (ФГ), п = 84
ІІ топ - неонатальдық гипербилирубинемиясы бар жаңа туылған нәрестелер (НГ), п = 17 ІІІ топ - салыстыру, сарғыштық синдромы жоқ жаңа туылған нәрестелер,
Зерттеу әдістері. Ерттеу барысында аналар өмірінің анамнезі, перинатальдық анамнез, жүктілік және босану ағымының, отбасылық және әлеуметтік мәртебесінің, түқым қуалаушы- лығын, соның ішінде гепатобилиарлық және зат алмасу жүйелернің патологиясының ерекшелік- терін айқындау жүргізілді. Зерттеулер сүхбаттасу, сауалнама алу және арнайы әзірленген сызба бойынша объективті зерттеу негізінде, босану тарихы, жаңа туылған нәресте тарихы, нәрестенің даму тарихы секілді есептік формалар қолданысымен орындалды. «Ана мен баланың бірге болуы» жобасы бойынша жүптарды қарау бағдарламасы келесілерді көздеді:
Анасының жүкті болғанға дейінгі аурушаңдығын, соның ішінде түқым қуалайтын патологиясын және гепатобилиарлық жүйесінің ауруларын бағалау.
Перинатальдық кезең ерекшеліктерін, созылмалы генитальдық патологияны, теміртап- шылығы анемиясын, гестозды, созылмалы фетаплацентарлық тапшылықты (ФПТ) және үрықтың созылмалы қүрсақ іші гипоксиасын (¥ЖІГ-¥СҚІГ), босандыру ерекшеліктерін есепке ала отырып, ана анамнезін талдаумен жалпы клиникалық зерттеу әдістері.
Жаңа туылған нәрестелерді объективті қарау (Апгар шкаласы бойынша бағалау, туылудағы антропометриялық параметрлер, жаңа туылған нәрестенің жетілуін және бейімделу сипатын, транзиторлық күйінің және ағзалар мен жүйелер тарапынан өзгерістердің орын алуын бағалау).
Зерттеудің зертханалық және аспапты амалдары (қанның жалпы талдамасы, кіндік қанындағы жалпы билирубин және оның тәуліктік динамикасын, билирубин фракцияларын, жалпы ақуызды, СРП, холестеринді анықтау нәресте өмірінің 3-6 тәулігіне ультрадыбыстық диагностика жүргізу
Қүрсақ ішілік дамуының бағалауын сырттай объективті белгілер мен туылған сәттегі дене салмағы мен гестация мерзімін, есепке алған центильді кестелер, Н.Г.Шабалов кестелері мен Э.Н.Ахмадееваның әдістемелік үсыныстары бойынша салмақ-бой еселігі негізінде қойылды [8].
Ірі деп туылу сәтінде дене салмағы 4000 г. және одан артық болған нәрестелер саналды. «Тежелген бейімделу синдромы» диагнозы алғашқы 24 сағаттағы жаңа туылған нәрестеге бір немесе бірнеше айқын симтом болғанында қойылды, олар: зорығу, «әлсіз ему», немес емшектен бас тарту, қүсу, кардиореспираторлық бейімделу (түрақсыз систола шуы, фетальды сүйықтықтың кідірісінің синдромы). жаңа туылған нәресте өмірінің алғашқы 24-48 сағатында оларға «дезадаптация сондромы» диагнозы келесі патологиялық күйлері орын алғанында қойылды: бүлшықет дистониясысы; зорығу немесе гиперқозғыштық синдромы; әлсіз немесе сирек емуі, қүсу синдромы.Дененің бастапқы салмағын транзиторлық шығындау деп 6-8% шегіндегі шығын саналды, ал патологиялық деп 9% және одан артығы алынды.
Анемия деп капиллярлық қандағы гемоглобин деңгейі өмірінің 3-5 тәулігіне 150 г/л кем болып төмендегенінде есептелді.Қосымша саралап диагностика жасау үшін механикалық сарғыш- тықпен стеркобилинге копрологиялық зерттеулер жүргізілді (Шмидт реакциясы). Гипербилируби- немиясы бар балаларға (бірінші және екінші топ) өмірінің 4-5 тәулігіне ішкі ағзаларының қосым- ша ультрадыбыстық зерттеуі (бауырдың, өт шығару жолдарының, көкбауырдың, асқазанның, ішектің), зәр шығару жолдарының ультрадыбыстық зерттеуі (УДЗ) және жүрегінің зерттеуі (ЭХО- КГ) көрсеткіштеріне қарай жүргізілді.
Жалпы сарғаю деңгейі Крамер шкаласы бойынша бағаланды:
- дәрежесі - бет пен мойын сарғаюы (қан сарысуындағы билирубин деңгейі шамамен 80 мкмоль/л);
- дәрежесі - сарғыштық кіндікке дейін (қан сарысуындағы билирубин деңгейі шамамен 150 мкмоль/л);
- дәрежесі - сарғыштық тізе деңгейіне дейін (қан сарысуындағы билирубин деңгейі шамамен 200мкмоль/л);
- дәрежесі - беттің, дененің, алақан мен табан басқа аяқ-қолдарының сарғыштығы (қан сарысуындағы билирубин деңгейі шамамен 300 мкмоль/л);
- дәрежесі - тері жабындының толық сарғыштығы (қан сарысуындағы билирубин деңгейі шамамен 400 мкмоль/л).
Жүмыс барысында сарғаю синдромының динамикасы зерттелді. Физиологиялық гиперби- лирубинемиясы бар балалардың тері жабындыларындағы көзбен көрінетін сарғыштық жиі өмірі- нің 3-4 тәулігіне көрінген: 36,1% - үшінші, 42,5% — төртінші. 9,9% жаңа туылған нәрестелерде сарғыштықтың пайда болуы өмірінің екінші күніне байқалған, 10,3% - өмірінің бесінші, 1,2% - алтыншы күніне.
Неонатальдық гипербилирубинемиясы бар жаңа туылған нәрестелерде көзбен көрінетін субиктериялылық реңкі екінші күні физиологиялық гипербилирубинемиясы бар балаларға (9,9%) қарағанда, екі есе жиі (20,1%) байқалған, бірақ нақты деректер статистикалық сенімді емес Сарғыштықтың 3-6 тәулікке көзге көрінетіндей білінуінде де айтарлықтай айырмашылық болмады . Қорытынды: 1. Физиологиялық және неонатальдық гипербилирубинемияның Шымкент
қаласында жетіліп туылған нәрестелерде таралуы соңғы жылдары толқын тәрізді сипатқа ие болып 58,4%-бен 75,8%-дың аралығында ауытқуда. «Ана мен баланың бірге болу» жобасы бойынша босану бөліміндегі жүмыс нәтижесінде емшекпен еркін емізу тәртібінде жүрген балаларда бүл көрсеткіш 56,5%-ды қүрайды.
- Физиологиялық гипербилирубинемияда елеулі қатер факторы ретінде анасының жасы 35-тен жоғары, перинатальді кезеңнің қолайсыз жағдайлары, бауыр - өт жолдары және зәр шығару жүйесінің созылмалы патологиясы, ІІ дәрежелік семіздік, фотоплацентарлық тапшылық болса, нәресте тарапынан олардың морфологиялық-функциональдық жетілмеуі, дезадаптация синдромы болып табылады.
- Неонатальды гипербилирубинемияда елеулі қатер факторы ретінде ана тарапынан жедел респираторлы вирусты инфекцияның зардабы, үрықтың қүрсақішілік гипоксиясы мен гестоз, босану ауырлығы түрса, нәресте жағынан қүрсақішілік дамуының тежелуі, дене салмағының 4000 г., асуы, босану кезіндегі жарақаттану негізгі рөль атқарады.
- Нәрестелерді туылған сәттен бастап еркін емізу тәртібімен қамтамасыз ету мен олардың қанағаттанбай қалуын болдырмай алдын алу гипербилирубинемия жиілігін 28,8%-ға төмендетеді. Бүл мәселеде физиологиялық сарғаю үлесі -82,6%, неонатальды сарғаю -17,4% балада болады.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Абдуллаева М.Э., Тимбаев О.С. Оценка степени зрелости доношенных новорожденных // Педиатрия. - 2002. - №5. - С.106-108.
- ФедяеваГ.А., Гусева Т.И., Бимбасова Т.А. Физическое и нервно- психическое развитие детей первого года жизни // Педиатрия.- 2001. - №5. - С.110-113.
- ТурдыеваТ.Ш., Курбанов Д.Д., Исраилов А.Р. Некоторые показатели антиоксидантной системы при физиологической желтухе у новорожденных // Педиатрия. - 2001. - №5. - С.109-111.
- Ю.Баринов C.B., Машнин Ю.В., Блауман С.И., Рогова Е.В., Пшеничная Е.В., Безнощенко А.Б. Экстрагенитальная патология и репродуктивное здоровье / Материалы IV Международной научно-образовательной конференции «Проблемы здоровья семьи - 2009.г - С. 184-185.
- ВолодинН.Н., Дегтярева A.B., Дегтярев Д.Н. Основные причины желтух у новорожденных и принципы дифференциальной диагностики Российский вестник перинатологии и педиатрии. — 2012. - №5. - С. 18-23.
- ВолодинН.Н., Коршокин М:А., Медведева Горбунов A.B. Желтухи- новорожденных // Российский вестник перйнатологии и педиатрии. -2000. - №4-0.13-16с
- Бондарь O.E.,. Ванько JI.B., Логинова. Н.С. Влияние инфекционной патологии матерей; на здоровье их. новорожденных .Вопросы гинекологии, акушерства и перинатологиии: 2004г 31 - №3с 62
-
- КузнецоваМ.А. Лавренчук Л.Р, Сигаева А.Е. Современные аспекты вскармливания, детей первого года жизни // Материалы IV конгресса педиатров России. - 2007. - С.357-358.
-