ТҮЙІН
Мақалада ОҚО халықтары арасында 2011-2015 жылдарда Конго-Қырым геморагиялық қызбасы ауруы орын алуымен, оның алдын алумен байланысты жүргізілген іс-шаралардың эпидемиологиялық тұрғыда бағалауы баяндалады.
Кілт сөздер: Конго-Қырым геморагиялық қызбасы, эпидемиологиялық қадағалау, санитариялық-қорғау аумағы.
Өзектілігі: Республикамыздың Оңтүстік Қазақстан облысы Конго-Қырым геморагиялық қызбасы ауруының эпидемиологиялық қолайсыз аумағына жатады [1, 2]. Бүгінге қалыптасып отырған эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға, Конго-Қырым геморагиялық қызбасын эпидемиологиялық қадағалау және оның алдын алу жүйесін жетілдіру жобасы енгізілген, жобаға сәйкес аурудың зерттеу жүргізу хаттамасы, әр бір ауруға күдікті жағдайлардың зерделеуіне арналған сауалнама қолданылады [3].
Мақсаты: Оңтүстік Қазақстан облысы халықтары арасында Конго-Қырым геморагиялық қызбасы ауруының орын алу жағдайын зерттеу және оның алдын алу іс-шараларын жетілдіру.
Нысаны мен зерттеу әдістері: 2011-2015 жылдарда Оңтүстік Қазақстан облысы халықтарының Конго- Қырым геморагиялық қызбасымен ауруына ретроспективті талдау жүргізу.
Зерттеу нәтижелері мен талдау: 2011-2015 жылдарда халықтың Конго-Қырым геморагиялық қызбасымен ауруы 100 мың халыққа шаққанда 0,36 - 0,21 деңгейінде төмендеуі байқалады (сурет 1). Халықтың ауруы 2011 жылы 10 жағдайда орын алып 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіші 0,36 құраса, 2012 жылы 3 жағдайда орын алып 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіші 0,11 құрап 3 есеге төмендеген. Ал 2013-2014 жылдарда 8 жағдайдан орын алып 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіші 2013 жылы 0,18 және 2014 жылы 0,29 құрады. 2015 жылдың 10 айында ауру 6 жағдайда тіркеліп 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіші 0,21 құрады.
Халықтар арасында Конго-Қырым геморагиялық қызбасы ауруымен өлім- жетім жағдайы 2011 және 2012 жылдыры орын алмаса, бұл көрсеткіш зерттеудегі 2013, 2014 және 2015 жылдың 10 ай аралығында 2 жағдайда орын алуда.
Жүргізілген талдау, Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің эпидемиологиялық қолайсыз аумағында кенеге қарсы дезинфекциялық, дезинсекциялық іс-шараларды және халықтың арасында санитариялық ағарту жұмыстарын жүргізуді жетілдіруді айқындайды.
Әдебиеттер
- Крымская гемморагическая лихорадка [Текст] / А.Е. Бейсетаева, Ш.Ж. Курманбекова, Г.С. Омарова // Вестник ЮКГФА. - 2012. - №4 . - С. 16-18.
- О лечении Конго-Крымской гемморагической лихорадки на современном этапе / Абуова Г.Н., Шшеничная Н.Ю., Нурмашева А.А. и др. // Вестник ЮКГФА. - 2013. - №2 (63). - С. 10-11.
- Конго-Қырым қанды қызбасын эпидемиологиялық қадағалау жүйесін жетілдіру / Есенбаева А.Н., Алиев Д.С., Акимханов Б.С. Медетов Ж.Б., Абуова Г.Н. / ОҚМФА хабаршысы. - 2013. - № 4(65). - Б. 200201.