Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Еңбекке қабілетті жастан асқан тұрғындардың денсаулығын сақтау және өмірін ұзартудың алғы шарттары

АННОТАЦИЯ

Қазіргі таңда қарт тұрғындар жөніндегі ғылыми деректер мен бақылау негізінде мол тәжірибе жинақтаған әлеуметтік нәтижелерден алынған теорияларға сүйенсек еңбекке қабілетті жастан асқан адамдардың денсаулығын сақтау мен өмір жасын ұзартуға жете мән берілмеген. Сондықтан, біздің өмір салтымыз бен қоғам талаптары егде тартқан тұрғындардың денсаулығы мен қуатын сақтауға бағытталған жұмыстарға барынша қолдау көрсету керектігін көрсетеді.

Кілт сөздер: еңбекке қабілетті жастан асқан тұрғындар, жастық кезең, қарттық кезең, қоршаған орта, заманауи медициналық технология.

Тақырыптың өзектілігі: Мемлекетіміздің Президенті «Назарбаев Университеті» студенттеріне оқыған дәрісінде ұзақ өмір сүруге және нәресте туылуын көбейтуге қатысты ғылыми зерттеулердің маңыздылығын атап айтты [1]. Халықтың қартаю мәселелері қоғамның назарын өзіне үнемі аударып отырады. Әсіресе тұрғындардың зейнеткерлік жастан асуы қарттардың санын көбейтеді, ол қоғамда медициналық, әлеуметтік, тұрмыстық мәселелер туындатады. Бұл мәселе әсіресе жалғыз тұратын зейнеткерлерде басымырақ кездеседі.

Бірқатар егде тартқан адамдар өздерін жас көрсеткісі келеді, себебі кәрі және әлсіз болғанша жас әрі дені сау болған жақсы емес пе? Әлемде осыған орай, кейінгі кезде егде және қарт жасқа келген тұрғындардың үлесінің өсуі жаңаша көзқарастың пайда болуын әкелді. Мысалы, қазіргі 70 жасқа келген кісілердің тән және психикалық саулығы өткен ғасырдың орта кезінде өмір сүрген 55 жастағылардың денсаулығымен шамалас. Бүгінде егде жасқа келгендердің көбінде қан қысымының артқаны, қант диабеті, асқазан аурулары секілді, бір-екі созылмалы ауруы бары анықталады, бірақ та ертедегі ұрпақпен салыстырғанда еңбек қабілетінен айырылғандары едәуір аз. Бұған медициналық көмектің тұрғындар арасында ауруларын ерте анықтау, аурудың алдын алу және емдеу бойынша заманауи технологияларды қолдануына байланысты жетті деуге болады. Ғылыми жетістіктерге сүйенсек, адамның қартаюы оның жасына емес, оның айналасындағы қоршаған ортаға, өмір сүру салтына, денінің және саулығының мүмкіндіктерін дұрыс пайдаланбауына байланысты екені анықталды.

Тексеру әдістері және материал: Қазіргі кезде мемлекетімізде 65 жас және одан жасы асқандардың саны 6,6% құрайды. Дүниежүзінің денсаулық сақтау ұйымының адам жасына сәйкес жіктеуі бойынша «65 жас және одан жоғары» жастағылардың құрамы 4% болмаса одан кем «жастық кезеңі» деп саналады. Ал 4- 7%-ға дейін қартаю кезеңінің шекара аралығы, ал 7%-дан жоғары «қартаю кезеңі» деп саналады.

Осы жіктеуге байланысты Қазақстан тұрғындары қартаю кезеңінің шекарасынан өтіп, қартаю кезеңіне жақындады деп айтуға болады.

Егер халықаралық статистикаға сүйенсек, бұл көрсеткіштер Алманияда 24%, Ұлыбританияда - 20%, АҚШ-та 16%, Ресейде - 16%. Ал Қазақстанда едәуір аз.

Әлемде орташа өмір сүру ұзақтығы үнемі өсуде: ол орта есеппен күніне 5 сағатқа ұзарады. 65 жасқа толған адамдарда бұл көрсеткіш айтарлықтай көбеюде. Ал 85 жасқа толғандардың жасы оданда жоғары көбее береді, басқаша айтқанда, адам баласы қанша ұзақ өмір сүрсе, оның одан көп өмір сүру мүмкіншілігі арта түседі.

Қазіргі таңда халықаралық қоғамдастық әлемдегі тұрғындардың қартаю мәселесіне тек денсаулық және әлеуметтік жағдайын қарастырмай, егде және қарт жастағы адамдардың көбінің еңбек етіп, мемлекеттерінің экономикасы, ғылымы мен білімінің гүлденуіне едәуір үлес қосып отырғанын мәлімдейді. Көпшілігі ақысыз ауылшаруашылықта, үйінде отбасына көмектесіп халықтың рухани құндылықтарымен жастарды тәрбиелеуге жұмсайды. Бірақта, көптеген егде және қарт тұрғындар өте ауыр емес, созылмалы сырқаттарға бейім және саламатты өмір салтын сақтамай өмірге қауіп-қатерлі факторлар туындатып, ұзақ өмір сүрушілердің қатарына қосыла алмай қалады.

Қартаю - көптеген аурулардың дамуындағы негізгі қауіпті фактор болып саналады. Бірақ қартаюдың қауіп-қатер факторларын шектеу арқылы көптеген сырқаттардан арылуға болатыны белгілі. Қарттық деген адамзатқа беріліп қатып қалған түсінік константа емес, ол «пластикалық» өзгермелі ұғым, мүлде басқа өлшем, жаңа парадигма [2].

Саламатты өмір сүру салтын сақтап дұрыс тамақтанып, жүйелі дене қызметінің белсенділігін төмендетпей, медициналық және әлеуметтік көмекті оңтайландырып, кәрілік жасты 8-20 жылға ұзартуға, адам өмірін қызықты, бақытты етуге болады.

Болашақта аталған қауіпті себептерді азайған жағдайда адамдар қосымша 50-60 жыл өмір сүруі мүмкін деген қағида бар.

Қорытынды:

Ғылыми деректерге жүгінсек адамдардың қартаюының 30 пайызы генге, яғни текке байланысты болса, қалған 70 пайызы өмір салтымызға, қоршаған ортамызға байланысты.

Заманауи түсінік бойынша жасты емес, әр адам өзін қанша жастағыдай сезінетіні маңызды.

Басты назарды адамдар өзін жасарту емес, егде тартқанда денсаулық пен қуатты сақтауға мән беруі керек.

Әр адам жасына жас қоса отырып, өткен жылдарға өкінішті болмауы өзіне байланысты.

Саламатты іс әрекеті адамды көп ауыртпай ауыр бейнетсіз өмір сүруге және өзін жас сезінуге көмектеседі.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. «Қазақстан на пути к обществу знании» выступление президента Казахстана Н.А.Назарбаева перед студентами «Назарбаев Университета», Газ. «Казахстанская правда» от 13.07.2013г.

2. Научные основы качественного долголетия и антистарения В кн. Назарбаев университет. Центр наук о жизни под. редакции А.Шарман и Ж.Жумадилова, Нью-Йорк, 2011г.