Тірек-қимыл ауруларының медициналық-әлеуметтік мәселелері

Осы зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында сүйек-қимыл аппараты жүйесінің аурулары және оның клиникалық түрлерінің таралуы анықталды.

Кілт сөздер: ревматоидты артрит, остеопороз, тірек-қимыл жүйесі аурулары, таралуы.

Өзектілігі: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметтері бойынша мәліметтері бойынша, тірек- қимыл аурулары әлемде инфекциялық емес аурулардың ішінде төртінші орында тұр [Г2].Ревматоидты

артрит бірлескен аурудың ең көп таралған түрі болып, барлық ревматикалық аурулардың 60-70% құрайды. Бұл ауру көптеген елдер үшін елеулі клиникалық проблема болып табылып, елдің экономикалық даму сатысына мүгедектіктің көбеюіне байланысты шектеу болып отыр. Тірек-қимыл ауруларының таралуы әлемдік халқының 20% құрайды[3].

Тірек-қимыл ауруларының таралу деңгейін анықтауға арналған ең үлкен зерттеу 1978-1984 жылдар аралығында кеңестік республикалар аймағында профессор Л.И.Беневоленский жетекшілігімен жүргізілді. Зерттеу қорытындысына сай тірек-қимыл аурулары кездесу жиілігі 6,43% екендігі анықталды. Әйел адамдар арасында ер адамдарға қарағанда екі есе көп табылған (әйел адамдарда - 6,53%, ал ер адамдарда - 3,42% кездескен). Ревматоидты артрит кезінде екі жынысты да алып зерттегенде үлкен буындар, соның ішінде тізе буындары көп зақымданатыны анықталды (әйел адамдарда - 68%, ер адамдарда - 76,8% ) [4].

Зерттеу мақсаты: Қазақстан Республикасы (ҚР) бойынша тірек-қимыл аппараты ауруларының эпидемиологиясы мен ревматоидты артрит кезіндегі остепорозды клиникалық сипаттау.

Зерттеу материалы және әдістері: Осы еңбекте «Денсаулық сақтауды дамыту орталығы» 2012-2013 жылдардағы мәліметтері мен ревматоидты артрит диагнозы қойылған сәттен бастап 2 ай аралығында периартрикулярлы остеопороз (ОП) диагнозы қойылған 3 науқас алынды. Зерттеу клиникалық хаттамалар мен ретроспективті талдауды қолдану арқылы жүргізілді.

Зерттеу нәтижелері мен талдау: ҚР «Денсаулық сақтауды дамыту орталығының» ресми деректеріне сәйкес елімізде жалпы тірек-қимыл жүйесі аурулары дәнекер тіні ауруларымен қоса есептегенде төмендеуге бет алған. 2012 жыл мен 2013 жылды салыстырғанда 3,7% төмендеу байқалағанымен, жасөспірімдер арасындағы аурушаңдық өте жоғары деңгейін сақтап отыр. 2012 жылы 100000 жасөсіпірімге есептегенде 2893,1 болса, 2013 жылы 1,7% төмендеп 2882,1 құрады. (1 диаграмма).

Біз алған 3 науқаста ревматоидты артрит диагнозы қойылған сәттен бастап 2 ай аралығында периартрикулярлы остеопороз (ОП) диагнозы қойылған. Осы үш науқастың жынысы әйел адам, сонымен қатар постменопауза кезіндегі науқастар, орташа жасы - 58 жас. Науқастарда физикалық белсенділік өте төмен, төсектік режимде ем қабылдауда.

Жалпы зерттеуге алынған 20 науқастардың 80% (16 науқас) әйел жынысты адамдар, ал 20% ер адамдар құрады. Жас аралығы 54 пен 72 жас. Орташа жас - 64-ке тең. Ең төменгі салмақ 69 кг, ең жоғары салмақ - 107 кг. Барлық әйел науқастардың ауру тарихында ерте менопауза, отбасылық бейімділік,

гипогонадизм, кальций мен Д дәруменін аз мөлшерде қабылдау кездескен. Ал ер адамдарда физикалық дене еңбегінің төмендегені, отбасылық бейімділік пен алкоголизм (қауіп факторы ретінде) тіркелген. 12 науқаста қабыну процесінің белсенділігі байқалды. 1 науқаста ОП ауруының ремиссия кезеңі тіркеліп, басты себеп ретінде РА емдік глюкокортикоидтар танылды. Науқастардың 67% остеопениялық синдром анықталды.

Науқастарды омыртқаның бел аймағын остеопениялық жиілік пен остеопаорозға тексергенде 12 және 26% болып, ал проксимальды бөлімнің сан сүйектерін зерттегенде 11және 32% құрады.

Қорытынды: Қорыта келе ревматологиялық аурулармен әйел адамдар көп зардап шегетінін анықтап отырмыз. Зерттеу объектісі бойынша 10 жылдан асқан ревматоидты артрит бар науқас міндетті түрде остеопарозға әкелетіні көрсетілді. Бұл мемлекет экономикасын дамуын шектейтін бірден-бір фактор. Алдын алу мақсатына ревматикалық ауруларды скринингтық бағдарламаға қосу мен халық арасында медициналық сауаттылықты арттыру жатады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Алексеева Л.И. Ревматология: национальное руководство / Под ред. Е.Л. Насонова, В.А Насоновой. - М.: ГЭОТАР- Медиа, 2008. - С.573-588.
  2. Зукова Н.В. Суставной синдром в популяции сельских жителей Красноярского края: клиникоэпидемиологическая характеристика: Автореф. дис. ... канд. мед. наук. - Красноярск, 2008. - 19 с.
  3. Калягин А.Н., Казанцева Н.Ю., Горяев Ю.А. Динамика заболеваемости остеоартрозом в Иркутске // Бюллетень Восточно-Сибирского научного центра СО РАМН. - 2005. - №7. - С.187-190.
  4. Бееволенская, М.М. Бржезовский Л.И. Эпидемиология ревматических болезней. - М.: Медицина, 1988. - 115 с.
Жыл: 2015
Қала: Шымкент
Категория: Медицина