Балалар мен жасөспірімдер өлімінің әлеуметтік- гигиеналық мәселелері

АННОТАЦИЯ

Жасөспірімдер туралы ғылымның ең өзекті мәселесінің бірі, осы жастық топтың арасында қалыптасқан өлім-жітімнің тоқтаусыз өсімі болып табылады. 2012 жылғы ресми деректерге қарағанда әлемде 1,3 миллион жасөспірім өлім-жітімге ұшыраған. ДДСҰ жинақтаған деректі материалдары жасөспірімдердің денсаулығына керіағар әсерін тигізіп, әлеуметтік мәселеге айналдырып отырған себептердің қатарына темекі шегу, алкогольдік ішімдікке салыну, наркотиктере құмарту, АҚТҚ, жарақаттану, психикалық денсаулықтың бұзылуы,тамақтанудың сапасыздығы,сексуалдық және репродуктивтік денсаулықтың нашарлауы, зорлық-зомбылық сияқты элементтер жатады.

Кілт сөз: балалар, жасөспірімдер, балалар мен жасөспірімдер өлімі.

Өзектілігі. Өскелең ұрпақтың денсаулығын қорғау қазіргі таңда аса өзекті мәселе болып табылады және жалпы қоғамдық денсаулық сақтауда үлкен әлеуметтік және медициналық маңызға ие. Бала денсаулығының бұзылыстарына оның денсаулығына кері әсерін тигізетін мектептік себептердің маңыздылығы жоғары. Оқыту үрдісін дұрыс ұйымдастырмау, демалу және еңбек ету ережелерін гигиеналық талаптарға сай сақтамау, мектеп жасындағы балалардың денсаулықтарына кері әсерін тигізеді. Жол-көлік апатына ер балалар қыздарға қарағанда үш есе жиі ұшырайды екен. Автокөліктерде жүру қауіпсіздігін арттыру жалпы адамдардың өмірін сақтап қалуға, оның ішінде әсіресе жасөспірімдер өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өте жақсы жағдай жасар еді. Дүниежүзі бойынша жыл сайын 1 миллион адам өз-өзін ажалға қиса, 10-20 миллиондай адам өзін өлтіруге әрекет жасайды. Соңғы бесжылдықта кәмелетке толмай өзіне қол жұмсағандар саны-14157 жасөспірімді құрады.

Зерттеу мақсаты: Жасөспірімдердің өлім-жітімі көрсеткіштерінің көпжылдық үдерісін және медициналық-әлеуметтік сипаттамасын анықтау арқылы олардың денсаулығын нығайтуға бағытталған тәжірибелік ұсыныстар жүйесін қалыптастыру.

Зерттеу материалдары: Жасөспірімдердің өлім-жітімі туралы қалалық емханалық ұйымдардың ресми есеп беру құжаттары, сұрақнама материалдары.Жасөспірімдердің өлім-жітімі туралы қалалық емханалық ұйымдардың ресми есеп беру құжаттары, сұрақнама материалдары.

Зерттеу әдістері: сараптамалық, медициналық-статистикалық, социологиялық. Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық, санитарлық-гигиеналық және экологиялық ахуалына объективті баға беру мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми статис- тикалық деректі материалдарын (құжаттарды) пайдаландық. Арнайы әзірленген зерттеу картасына қоршаған орта нысандарын әлеуметтік-гигиеналық және санитарлық-эпидемиологиялық тұрғыда тексерудің қорытындылары мен деректі мәліметтерін картограмма түрінде түсірдік. Зерттеудің келесі кезеңінде социологиялық әдісті қолдана отырып, тұрғын халықтың арасында сауалнама жолымен олардың денсаулығы мен қатерлі себептерін анықтауды кешенді түрде зерттеу қолға алынды. Бұл социологиялық зерттеу медицина қызметкерлері мен тұрғын халыктың (респонденттердің) «бетпе-бет» сұхбаттасуы түрінде жүзеге асырылды. Сауалнамада респонденттерге дайын жауаптардың жүйелі нұсқалары ұсынылса, сұрақнамаға тартылғандар олардың ішінен дұрыс деп танылған жауапты тандап алып белгіледі. Біздің сауалнамамыздың ерекшелігі сол, тұрғындарының арасындағы ауру-сырқауларды тереңдеп зерттеуге арналып әзірленген статистикалық картамен толық үйлеседі. Сұхбаттасу арқылы жүргізілген сұрақнама кешенді дәрігерлік тексеруден өтіп жатқан пациенттердің арасында да жүргізілді. Біздің әдістемелік тәсіліміздің ерекшілігі жасөспірімдер денсаулығына қалалық ортада әсер ететін кауіп-катерлер кешені жайлы ақпаратты біруакытта жинақтауда болып отыр. Сауалнама-картасының бұл бөліміне өздеріне қатысты жауап нұскалары берілген жабық түрдегі 15 сұрак кіреді. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбек ету ортасының қауіп-қатерлерінің тұрғындар патологиясының дамуына тигізетін жағымсыз әсерінің ерекшеліктерін ескеретін сұрақтардың үшеуін таңдап алдық. Зерттеу нысандарының қатарына жатқызылған емдеу-алдын алу ұйымдарының дәрігерлік-ұйымдастыру шараларына сипаттама беру үшін біз қажетті ақпаратты жинақтауға арналған арнайы статистикалық картаны әзірледік.

Қрлданылған әдістемелік тәсілдер аурушаңдықты тереңдеп зерттеу ісінде де қолданылды. Осының арқасында әрбір отбасы мүшесін дәрігерлік тексерулерден өткізу барысында ауру-сырқау туралы деректерді бір мезетте көшірмелеу; қол жеткізген деректерді кешенді дәрігерлік тексеру материалдарымен толықтыру; сондай-ақ алдыңғы 2-3 жылда тіркелген, бірақ шағымданулар болмаған созылмалы аурулардың қатарымен толықтыру. Соңғы жылдарда тұрғындардын тез картаюына байланысты созылмалы аурулардың қарқынды түрде өсуі байқалады. Тұрғындардың аурушаңдығы мен өлім-жітімі жайлы материалдарды статистикалық жинақтау мен өндеуден өткізу жұмыстары ДДҰ-ның 43-ші Халықаралық конференциясында оныншы рет кайта қаралып бекітілген «Ауру-сырқаулардың және денсаулықпен байланысты мәселелердің халықаралық статистикалық классификациясына» сәйкес жүзеге асырылды.

Негізгі нәтижелер: Жасөспірімдер өлімінің ең басты себебі жол-автокөлік апатынан туындайтын ауыр жарақаттар деуге болады. Соңғы он жылда (2004-2014 жылдары) жол-көлік апатынан туындаған өлім көрсеткіші ОҚО жасөспірімдері арасында айтарлықтай өсім берді.

Соңғы жылдардағы деректерге қарағанда жасөспірімдердің әрбір төртінші өлімінің себебі алкогольдік ішімдікке салынудан туындаған. Алкогольдік ішімдікті алғаш рет татып көргендер арасында 11 жасар балалардың үлес салмағы 2004 жылы 4,7% құраса, 2014 жылы оның деңгейі 8,2% жетіп отыр. Ал 15 жасында арақ ішіп мас болғандардың үлес салмағы ер балалардың арасында 65,8%, ал қыздардың арасында 42,1% түзеді. 17 жастағы жасөспірімдердің арасындағы алкогольдік ішімдікті қабылдағандардың үлес салмағы 76,8%-ға жетіп отыр. Жер беті тұрғындары арасында жыл сайын 1 миллионнан астам адам өз-өзін ажалға қиып, орта есеппен алғанда 15 миллиондай адам өзін өлтіруге әрекет жасайды. Өзіне-өзі қол жұмсайтын адамдардың арасында жастар өлімінің көбеюі аса алаңдатуда. Өз-өзіне қол жұмсаудың қазіргі таңда көптеген тәсілдері анықталып отыр. Ер балалар арасындағы 2004-2014 жылдары қалыптасқан деңгейі 4,2-5.1%оОо болып айтарлықтай динамикалық өсім берсе, қыздардың арасында 3,7-4,1%ооо деңгейі аралықта қалыптасқан болып шықты.

Біздің Республикада. оның ішінде Шымкент қаласы жасөспірімдерінің өлім-жітіміне себеп болатын аурулардың арасында жүрек-қан айналу жүйесінің патологиялары үшінші рангалық орынды қамтиды. Бұл аурулардан өлім-жітім динамикасы 2004-2014 жылдар аралығында тексерілді. Оның динамикасы (2004 жылы 3,64 %<оо болса, 2014 жылы 3.5()%ооо жеткен) бірте-бірте төмендеп жатқандығын көрсетеді. Осы жылдардағы динамиканың серпіні 3.9 %-ға төмендегенін көрсетеді. Дәл осы жағдай онкологиялық және неврологиялық ауруларға да қатысты. Айта кететін жағдай жасөспірімдерінің өлім-жітіміне себеп болатын аурулардың арасында онкологиялық аурулар төртінші рангалық орында тұр. Бұл патологиялардан туындаған өлім-жітімнің деңгейі 2004 жылы 1,12%ооо құраса, 2014 жылы 1,36%ооо түзеді.

Жасөспірімдерінің өлім-жітіміне себеп болатын аурулардың арасында неврологиялық патологиялар бесінші рангалық орында тұр. Осы патологиялардан туындаған өлім-жітімнің деңгейі 2004 жылы 0.59%оо құраса. 2014 жылы 0.63 %оо түзеді.

Қорытынды. Жасөспірімдер арасындағы өлім-жітімнің негізгі себептеріне жарақаттар (3.7- 5.5%оо). жүрек-қан айналу жүйесі аурулары (3.50%оо). онкологиялық патологиялар (3.50%оо) жатады. Осы аурулардың деңгейі соңғы 10 жыл ішінде тоқтаусыз өсім беруде.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Айдарбекова Д.Ж. Роль медико-социальных факторов в формировании здоровья детей подросткового возраста и пути совершенствования профилактической помощи// Диссертация на сойскание степени магистра -Шымкент,2012. с.61.
  2. Каграманов В.И. Комплексная оценка последствий болезней и причин инвалидности в детской популяции // Автореф дис. уанд. мед. наук/Моск. мед.акад. им.И.М.Сеченова. М. , 1996. 24с.
  3. Молодцов С.А. Заболеваемость школьников старшего возраста и пути ее снижения //Автореф. дис. канд. мед.наук /Каф. соц медицины, орг. и экономики здравоохранения Нижегор. гос. мед.акад. М. , 1997. - 26 с.
  4. Игнатова Л.Ф. Мониторинг состояния здоровья и факторов риска детского населения // Шк. здоровья, 1997, № 3 с.74-78 29. Карабалин Н.С. Репродуктивное здоровье и совершенствование медикосоциальной помощи девушкам-учащимся средних и высших учебных заведении (на примере г. Алматы) // Автореф. дис. канд. мед. наук. Алматы, 2007.- с.30.
Жыл: 2015
Қала: Шымкент
Категория: Медицина