АННОТАЦИЯ
Аталған жұмыста Бәйдібек және Отырар аудандары тұрғындары арасында артериалды гипертензиямен аурушаңдықтың таралуы және зерттеу қорытындылары келтіріледі. Зерттеуге аталған екі ауданнан 100 тұрғыннан қатысып олардың орташа қан-қысым көрсеткіштері есептелінді.
Кілт сөздер: гипертония, денсаулықты қорғау, халық денсаулығы, артериалды гипертензия
Өзектілігі: Артериялық гипертензия (АГ) асқынуларының ауырлығы мен оның кең таралуына байланысты денсаулық сақтауда негізгі проблема болып табылады. Уақыт өте келе жаһандық демографиялық үрдістерді ескере отырып, АГ адам денсаулығына әсері күшейіп, «әлемдік гипертензияның жайылуы» деген тұжырымға әкеле жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысы (ОҚО) аймағы кең, қатал да ылғалды климат және халық тығыз орналасқан өңір болып табылады. Алдын алу және емдеу тиімділігіне айтарлықтай әсер ететін факторлар, сондай-ақ медициналық қызметкерлердің және қазіргі заманғы медициналық жабдықтар жетіспеушілігі болып табылады[1]. Гипертония - жүрек-қан тамырлары жүйесінің ең көп тараған аурулардың бірі. АГ ересек тұрғындардың 20-30% ауыратындығы әлемдік статистикадан белгілі. Ал 65 жастан асқан тұрғындар арасында 50-65% -ға дейін жетеді [2]. Егде жастағы адамдар арасында қанайналым жүйесінің ауруларының (ҚЖА) артуы Республиканың Денсаулық сақтау жүйесінде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. ҚЖА аурушылдық көрсеткіші динамикада 2007-2009 жылдар ішінде 100000 ересек тұрғынға шаққанда 1,1 есе жоғарылаған. Қарттардың ҚЖА-нан негізгі өлім себебі 1,4 есе артқан артериалды гипертензия (АГ) болып табылады. Осыған байланысты тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмек, осының ішінде ауруханаға дейінгі кезеңдегі көмек сапасы маңызды болып табылады [3].
Зерттеудің мақсаты: ОҚО ауылдық және шалғай аудандарда жұмыс істейтін халық-тың арасында гипертензия қан қысымы мен таралуы деңгейін анықтау.
Зерттеу материалдары: ОҚО бойынша 2013-2014 ж. артериалды гипертензияны анықтауға арналған скрининг қорытындылары, «Мединфо» ақпараттық-статитикалық порталы мәліметтері.
Зерттеу нәтижесі және талдау: Оңтүстік Қазақстан облысында 12 аудан және 3 қалалық елді- мекен орналасқан. Біз негізгі зерттеуге алған Бәйдібек мен Отырар аудандарында 65 жастан асқан 100 тұрғын арасында қан-қысымды тексеру жүргізіліп 1 кестеге сай орташа қан қысым систолалық артериялық қысым (САҚ) 139,7 мм сын.бағ тең болып, ал диастолалық артериялық қысым (ДАҚ) 84,2 мм сын.бағ деңгейінде анықталды.
1 кесте - Бәйдібек және Отырар аудандары тұрғындарының САҚ және ДАҚ көрсеткіштері
№ |
Аудан |
N |
САҚ |
ДАҚ |
1 |
Бәйдібек |
100 |
138,5 |
83,2 |
2 |
Отырар |
100 |
140,9 |
86,1 |
Бұл екі ауданда табиғи-климаттық және тұрғындардың өмір сүру ерекшеліктеріне байланысты факторларды анықтадық. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 20112015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағдарламасы аясында жүргізілген тұрғындар арасында АГ анықтауға арналған скрининг бойынша ОҚО аудандар арасында ең көп науқастар анықталған Бәйдібек ауданында 5047 науқас тексеріліп диспансерлік есепке 579 науқас алынған 10,7% қамтып отыр (2013 жылы 6582 тұрғын тексерілсе, «Д» есепке 639 науқас алынған 9,95%). Отырар ауданы бойынша 2014 жылы 5142 науқас скринингтік тексеруден өтіп 506 науқас «Диспансерлік науқастарды электронды тіркеу» ақпараттық порталына тіркелген (2013 жылы 4699 түрғын тексеріліп 475 науқас табылып 10,5% құрады). Жалпы жүрек-қантамыр аурулары бойынша аурушаңдық аталған Бәйдібек ауданында 2 кестеге сай 2013 жылы 1000 халыққа шаққанда өсім 14,8% тең болса, Отырар ауданында 15,5% құрады.
2 кесте - Бәйдібек және Отырар аудандары бойынша жүрек-қантамыр ауруларымен аурушаңдық көрсеткіші
№ |
Аудан мен емханалар |
Жүрек-қантамыр аурулары |
|||
2013 ж. |
2014 ж. |
||||
Абс |
1000 шаққ. |
абс |
1000 шаққ. |
||
1 |
Бәйдібек |
728 |
1345,7 |
839 |
1545,1 |
6 |
Отырар |
891 |
1591,1 |
1039 |
1838,9 |
Жүргізіліп жатқан денсаулық сақтау саласындағы рефомалар мен бағдарламалардың аясында жүрек-қантамыр жүйесі ауруларынан өлімнің азаюы байқалады. Оның басты себебі диспансерлік есепте тұрған науқастарды толықтай тегін дәрілермен қамтамасыз ету мен әр алты ай сайын асқану күші бар және жоғарғы қауіп тобы науқастарын дер уақытында стационарлы ем жүргізілуімен байланысты, алайда жүрек қантамыр жүйесінен өлім әлде де өлім себептерінің ішінде бірінші орында тұр. 1 диаграммаға сай Бәйдібек ауданында өлім 12,9 азайса, Отырар ауданында 2,9 төмендеген.
Қорытынды: Қорыта келе осы екі ауданның барлық гипертонияның 90% эссенциалды гипертензия құрайтыны анықталып, қалған үлесі нефротикалық, неврологиялық және т.б. себептермен пайда болған АГ алды. Бәйдібек пен Отырар аудандарында өлім себебі ретінде ҚЖА азаюы болғанымен, тұрғындар арасында осы аурудың кең таралуы белгілі болды (10%). Осы аурумен күресу мақсатында әр емханада ұйымдастырылған денсаулық сақтау мектептерінің жұмысын жандандыру, тұрғындарға АГ әкелетін қауіп факторларымен жұмыс істеу үлкен орын алады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Глезер М.Г., Бойко Н.В., Абилъдинова А.Ж., Соболев К.Э. Факторы риска у московской популяции больных с артериальной гипертонией. // Российский кардиологический журнал. —2002. — №6.
2. Диагностика и лечение артериальной гипертензии: Рекомендации Российского медицинского общества по артериальной гипертонии и Всероссийского научного обществакардиологов. — М., 2008. 3. Lenfant C. Гипертензия и ее последствия: состояние проблемы в мире. // Артериальная гипертензия. — 2005. — №2.