Түйін
Мейірбикелердің әлеуметік,экономикалық, материалдық, кәсіби жағдайларына әсер ететін факторлар нәтижесінде әлеуметтік портрет қалыптастыруда өзекті мәселеге айналып отыр. Медицина саласында мейірбике қызметінің дамуымен қосса, әлеуметтік жағдайын көтермелеуге атап көрсетті. Қоғамдық
денсаулық сақтау жүйесінің дамуы мейірбикенің әлеуметтік, материалдық жағдайының жақсаруына тікелей негіз тапты.
Кілт сөздер: мейірбике, денсаулық жағдайы, әлеуметтік факторлар.
Қоғамда медициналық көмектің қолжетімділігі, тұлғааралық қарым- қатынасы, тиімділігі, нәтижелігі, ыңғайлылығы, қауіпсіздігі мейірбикелік көмектің сапасы мен тиімділігіне байланысты. Қазіргі кезде мейірбикелік медициналық көмектің жетімділігі мен сапасы медицина әлеуметтік ортада ең негізгі рөл атқарады. Мейірбикенің денсаулық сақтау жүйесіне қосар тиімділігі - денсаулық сақтау саласының модернизациясы болып табылады. Медицина қызметкерлері қоғамдық денсаулық негізгі бір бөлімі, онымен қосса, денсаулықты нығайту, аурулардың алдын алу, психоәлеуметтік күтім, физикалық және әлеуметтік аурулары бар науқастарға көмек көрсету сапасын арттыруға ықпал тигізеді.
Мейірбикелер үшін денсаулық жағдайы бірінші орыуда тұр. Денсаулық жағдайын бағалау және дер кезінде емделіп тұру өте маңызды рөл атқарады. Себебі денсаулық жағдайы төмен деңгейде болса науқаспен жұмыс жасай алмайсын, жұмыс пен еңбек жағдайына әсер етеді. Денсаулық жағдайын талдау мейірбикенің әлеуметтік портретін қалыптастырудың бір бөлігі ретінде қаралатын факторлер: денсаулығы,жұмысқа жарамсыздық парағы, демалысы, жаман әдеттері.
Жұмыстың мақсаты: Мейірбикенің медико-әлеуметтік жағдайын зерттеп, денсаулыққа әсер ететін факторларды анықтау.
Бұл мақсатты орындау мақсатында 40 мейірбикеге анкета түрінде сауалнама жүргізілді. Мейірбикелердің денсаулығына әсер ететін факторларды анықтау негізінде төмендегідей сауалнама құрылды: Өз денсаулығыңызды қалай бағалайсыз? Өзіңіз ауырғанда не істейсіз? Егерде сіз жұмысқа жарамсыздық парағын пайдаланбасаңыз, себебін көрсетіңіз? Сіздің денсаулығыңызға қарсы әсер етеін факторларды көрсетіңіз?
Медбикелердің денсаулығын бағалайтын болсақ, денім сау деп жауап берген саны 49 пайызды құрады, 31 пайызы жиі ауырамын деп жауап берсе, ал созылмалы ауруларым бар деуші пайызы бойынша 16% құрап отыр, диспансерлік бақылауда тұратындардың пайызы 4 құрағанын мына суретте бейнеленілді.
Ауырып қалған жағдайдағы респонденттер әрекетін талдап қарастырсақ, әрқашанда дәрігерге жүгінушілердың пайызы 64% құрап отыр, дәрігерге тек қажет кезде ғана жүгінетіндердің абсолюттік саны 23-ке тең, пайыздық көрсеткіші бойынша 28 % құраса,8% дәрігерге жүгінбей өзі емделеді, ал 0% басқалары болып табылатынын мына суретте бейнелінілді.Сонда мейірбикелердің көбісі әрқашан ауырып қалған кезде дәрігерге жүгінетіні мәлім болды .
Қорытындылай келе, мейірбикелердің денсаулық жағдайына әсер ететін факторлар нәтижесінде әлеуметтік портретін қалыптастыруға негізделіп отыр.
Әдебиеттер
Сейдуманов С.Т «О проблемах перспективах сестринского дела в Казахстане». Главный врач №3 (5) 2013 ж, журнал. стр 13-14
Засыпкина Е.В.. Социальный статус и профессиональная роль медицинской сестры в процессе реформы отечественнего здравоохранения: автореф канд,мед,наук:14.02.05. Волград.-2013
Развитие сестринского дела в Казахстане. Главный врач.-2013.-№3.-С.17-21.
Аяпов К.А. Стратегия развития Сестринского дела в Казахстана.Алматы,-2001.-165с