Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұлттық туберкулезге қарсы күрес бағдарламасының 9 айы ішіндегі жетістіктері

ТҮЙІН

Қазақстанда азаматтардың денсаулығын қорғау, соның ішінде туберкулез ауруына шалдыққан науқастарды тиімді емдеу маңызды мемлекеттік мәселе болып табылады. Қорытынды: Қазақстан Республикасындағы туберкулезге қарсы күрес жүргізу стратегиясы Президентіміздің 2014 жылдың 11- қарашасындағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауы; Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 31-мамырындағы № 597 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы күрес жүргізудің 2014-2020 жылдарға арналған Кешендік жоспары»; осы Кешендік жоспарды іске асыру шараларының 2014-2016 жылдарға арналған Жол картасы; туберкулез (ТБ), көптеген дәрілерге төзімді туберкулез (КДТ ТБ) және дәрілерге ауқымды төзімді туберкулез (ДАТ ТБ) ауыртпашылығын төмендетуге бағытталған нормативті актілерге негізделген. Бұл құжаттарда қойылған басты мақсат - туберкулез ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайды жақсарту, яғни туберкулезбен сырқаттану және өлім-жітім көрсеткіштерін төмендету.

Кілт сөздер: Жол картасы, Кешендік жоспары, көптеген дәрілерге төзімді туберкулез, сырқаттану көрсеткіші, өлім-жітім көрсеткіші.

Туберкулез ауруымен күресуге бағытталған кешенді шараларды іске асыру бойынша барлық сабақтас құрылымдардың қарқынды және бағытты жұмысының нәтижесінде соңғы 5 жыл ішінде туберкулез ауруымен сырқаттану көрсеткіші 1,4 есе, ал өлім-жітім көрсеткіші - 2,2 есе азайды. 2014-2015 жылдардың 9 айы ішіндегі мәліметтерді салыстыратын болсақ, елімізде туберкулез ауруымен сырқаттану көрсеткішінің 11,3%-ға, яғни 100 мың тұрғын халыққа шаққанда 67,3-тен 59,7-ге дейін, ал туберкулез салдарынан өлім-жітім көрсеткішінің4,4-тен 3,5-ға дейін (21,2%) төмендегіні анықталып отыр (көрсеткіштер жылдық экстраполяция әдісімен есептелген).

Материал және тәсілдер: көрсеткіштер жылдық экстраполяция әдісімен есептелген. 2015 жылдың 9 айлық көрсеткіштер сарапталынған. Оңтүстік Қазақстан облысы басқа облыстармен салыстырғанда үздіктер қатарында: 2014 жылы сырқаттану көрсеткіші республикалық көрсеткіштен төмен және 100 мың тұрғын халыққа шаққанда 56,5 болса, өлім-жітім көрсеткіші 3,8 болды, ал 2015 жылдың 9 айының нәтижесі бойынша осы көрсеткіштер 47,7 және 2,7 тең болды. Туберкулез бойынша ең маңызды көрсеткіштердің бірі - туберкулез ауруы алғаш рет анықталған науқастар арасындағы көптеген дәрілерге төзімді туберкулездің жиілігі облыс бойынша 2014 жылы 10,6% құрады және бұл көрсеткіш республика бойынша ең төмен деңгейде. Қызылорда (75,9), Ақмола (75,7), Солтүстік Қазақстан (75,6), Атырау (74,9), Қостанай (68,7), Қарағанды (68,3), Ақтөбе (65,7),Манғыстау (62,4), Шығыс Қазақстан (60,8), Павлодар (60,3) облыстарында сырқаттану көрсеткіші республикалық деңгейден жоғары (59,7) болып қалуда.

Елімізде 2015 жылдың өткен үш тоқсаны ішінде 2014 жылмен салыстырғанда балалардың туберкулезбен науқастану көрсеткіші 11,7%-ға, яғни 7,7-ден 6,8-ге дейін, ал жасөспірімдер арасында 6,2%- ға, 58,0-ден 54,4-ке дейін төмендеді (100 мың балалар/жасөспірімдерге шаққанда).

Балалардың туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші Манғыстау (10,9), Қарағанды (10,8), Алматы (9,9), Қызылорда (9,8), Ақмола (9,0), Ақтөбе (8,6) облыстары мен Астана қаласында (10,6) республикалық деңгейден жоғары болса, Атырау (152,6), Ақтөбе (127,3), Манғыстау (110,3), Қызылорда (97,8), Батыс Қазақстан (63,3) облыстары мен Астана қаласында (88,6) жасөспірімдер туберкулез ауруына жиі шалдығады.

2015 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстарында балалардың, ал Актөбе, Атырау, Манғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласында жасөспірімдердің туберкулезбен сырқаттану көрсеткішінің жоғарлағаны анықталды.

Елімізде туберкулез ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын аурудың кеш анықталған түрлерінің азаюы (2014 жылдың 9 айы ішінде 22 науқаста туберкулез кеш анықталса, 2015 жылы - 15 жағдай), балалардың туберкулезді менингитке шалдығу жағдайының тіркелмеуі (былтыр - 1, биыл - 0), сонымен қатар 1 жасқа дейінгі балалар арасында туберкулездің сирегірек анықталуы (2014 жылы - 9, 2015 жылы - 5 жағдай) айғақтайды.

Қарағанды (6,9), Қостанай (5,2), Шығыс Қазақстан (4,8), Қызылорда (4,5), Павлодар (4,4), Ақмола (4,0) облыстарында өлім-жітім көрсеткіші республикалық деңгейден жоғары (100 мың тұрғын халыққа шаққанда 3,5).

2014-2015 жылдардың алғашқы 9 айының ішінде туберкулез ауруы алғаш рет анықталған науқастар санын салыстыратын болсақ, олардың 8708-ден 7835-ке дейін, ал туберкулезге қарсы күрес мекемелерінде диспансерлік есепте тұрған белсенді туберкулезі бар науқастар санының 23103-тен 20655-ке дейін азайғанын көреміз.

Эпидемиологиялық көрсеткіштердің нақтылығы ресми түрде дәлелденген және де туберкулезге шалдыққан науқастардың Ұлттық электрондық регистрінің мәліметтеріне негізделген. Бұл регистр еліміздегі туберкулез ауруының барлық жағдайларының (алғаш рет анықталған және қайталанған) дәлме- дәл дерекқоры болып саналады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму Министрлігінің бастамасы бойынша 2015 жылдың ақпан айының 17- 19 жұлдыздары аралығында

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) сарапшыларының Қазақстанда туберкулез ауруын эпидемиологиялық қадағалауды бағалау бойынша Миссиясы жүргізілді. Осы Миссия барысында Қазақстандағы туберкулез ауруын анықтау, емдеу және тіркеу әдістерінің қол жетімділігі мен сапасы бағаланды. ДДҰ сарапшылары еліміздегі туберкулез ауруын есепке алу және есеп беру бойынша ақпараттық жүйесінің жұмысын шынайы және сапалы деп бағалады.

«Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы күрес жүргізудің 2014-2020 жылдарға арналған Кешендік жоспары» іс-шаралары іске асырылып, ҚР ТПҰО мен облыстардың, Астана, Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармасы арасындағы туберкулезге қарсы күрес саласында халыққа көмек көрсету туралы Меморандум индикаторларының орындалуы бақылануда.

2015 жылдың 9 айы ішінде туберкулезбен сырқаттануды төмендету бойынша Республикалық штабтың 9 мәжілісінде туберкулез ауруының өзекті мәселелері қарастырылып, нақты шешімдер қабылданды. Кешендік жоспар шараларын іске асыру аясында және 2015 жылдың мамыр айының 19- жұлдызындағы Республикалық штаб мәжілісінің шешімін орындау мақсатында 2015 жылдың 15-16- маусымында халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен аймақтардың туберкулезге қарсы күресу қызметі және бастапқы медициналық санитарлық көмек (БМСК) саласының туберкулезге қарсы шараларды іске асыруға қатысы бар 100 маманы үшін семинар-кеңес өткізіліп, 2014-2015 жылдары бекітілген ҚР ДСӘДМ туберкулезге қатысты бұйрықтарының негізгі қағидалары түсіндірілді.

Сонымен қатар, туберкулез мәселелері туралы дұрыс ақпарат таратып, халықтың туберкулезге деген қате көзқарасын өзгерту мақсатында журналисттер арасында кеңес өткізіліп, «БАҚ-дағы туберкулез мәселелері» атты тренинг, Қазақстандық пресс-клубта пресс-конференция жүргізілді.

Туберкулез ауруын ерте анықтау, алдын алу сұрақтары бойынша Алматы қаласының босанатын әйелдерге дәрігерлік жәрдем беретін мекемелері мамандарына арнап «Босанатын әйелдерге дәрігерлік жәрдем беретін мекемелердің туберкулезге қарсы күрес Бағдарламасындағы орны» атты Дөңгелек үстел өткізілді.

Республика бойынша ТПҰО және облыстық туберкулезге қарсы күрес ұйымдары (ТҚҰ) оқу орталықтарында 2015 жылдың 9 айы ішінде БМСК, ТҚҰ, ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесі, СПИД орталықтарының 5148 маманы «Туберкулезді анықтау», «КДТ ТБ анықтаудың заманауи әдістері», «БМСК жүйесінде туберкулез және көптеген дәрілерге төзімді туберкулезді уақытылы анықтау», «ТҚҰ туберкулезді зертханалық анықтау әдістері», «Ересектер мен балалардағы дәрілерге төзімді туберкулездің менеджменті», «Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілердің менеджменті», «Пилоттық аймақтарда науқастарға психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсете отырып, амбулаторлық емді қолдану», «Қазақстан Республикасының туберкулезге шалдыққан науқастарды тіркеудің Ұлттық регистрі порталымен жұмыс істеу», «Бақылау және бағалау» атты семинарларында туберкулездің өзекті мәселелері бойынша білімдерін жетілдірді.

Елімізде ТҚҰ төсек орын қорын оңтайландыруға, төсектерді қысқарту және оларды шипажайлық, күндізгі стационар, оңалту және паллиативті емдеу орындарына қайта бейіндеуге бағытталған шаралар жалғасуда. Республика бойынша 10270 төсек орны бар 85 ТҚҰ жұмыс жасауда. 2015 жылдың артта қалған мерзімі ішінде 11 аймақта 690 төсек орын қысқартылды (Ақмола-53, Ақтөбе-40, Алматы-130, Атырау-115, Шығыс Қазақстан-70, Қарағанды-60, Қостанай-37, Манғыстау-25, Павлодар-70, Солтүстік Қазақстан-50, Оңтүстік Қазақстан облысы-40), бұл көрсеткіш жалпы төсек орын қорының 6,7% құрайды.

Материалдық базасы төмен және төсек орнын қолдану тиімсіз болуына байланысты төсек орын саны 185 болатын 5 аурухана жабылды (Ақтөбе облысындағы 40 орындық Шалқар, Алматы обласындағы 50 орындық Атырау облысындағы 30 орындық Қызылқоға, Маңғыстау облысындағы 25 орындық Бейнеу, Оңтүстік Қазақстан облысындағы 40 орындық Шардара ауруханалары), олардағы туберкулезге шалдыққан науқастарға амбулаторлық көмек көрсететін диспансерлік бөлімшелер қызметін жалғастыруда. Бұл ауруханалардың жабылуы нәтижесінде үнемделген қаржы (284 799,6 мың теңге) реактивтер мен зертханалық шығын материалдарын сатып алуға, ТҚҰ инфекциялық бақылау жүйесін күшейтуге, науқастарға әлеуметтік қолдау көрсетуге, бақылай және бағалау (БжБ) топтарын жинақтауға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында қажетті дәрілерді сатып алуға, Диаскинтест сатып алуға, халықты ақпараттандыруға, мекемені тарату комиссиясына төлемақы ретінде жұмсалды.

Стационарды алмастыратын технологияның бір түрі - күндізгі стационарларды дамыту үрдісі жалғасуда. 2015 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша елімізде 432 орындық 11 күндізгі стационар жұмыс жасауда (Ақмола-90, Атырау-10, ШҚО-22, Жамбыл-94, БҚО-8, Қарағанды-72, Қызылорда-40, Павлодар- 40, Манғыстау облысы-10, Алматы қаласы-40, Астана қаласы -6 төсек орынды).

Кешендік жоспар шараларын іске асыру аясында 8 аймақта ТҚҰ ұйымдастыру-құқықтық түрі өзгертіліп, шаруашылық жүргізу құқығына ие болды (Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, СҚО және Алматы қаласында).

ТҚҰ инфекциялық бақылау жүйесін күшейту Бағдарламаның өзекті мәселесі, ұлттық саясаттың бір бөлігі және халық арасында туберкулездің таралуы қаупін барынша азайтуға бағытталған. Әрине, инфекциялық бақылау жүйесін құру туберкулезбен күресу қызметін дамытуға бөлінген бюджетке тікелей байланысты. 2015 жылдың 9 айында ТҚҰ күрделі жөндеу жұмыстарына 253659,8 мың теңге, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 78344,0 мың теңге бөлінді. Көптеген ТҚҰ-да бактерия бөлуші науқастар жатқызылатын бөлімшелері мен қауіп-қатер жоғары бөлмелерде, әсіресе КДТ/ДАТ ТБ, мәжбүрлеп емдеу және паллиативті емдеу бөлімшелері, бактериологиялық зертханалар, бронхоскопия жасау бөлмелерінде, ағымдық-ауа тартқыш желдеткіштер мен механикалық желдеткіштер орнатылған. ТҚҰ 134 серуендеу алаңының 101 (75,4%) қоршалған.

Идарадан тыс күзетпен ТҚҰ 97%, соның ішінде арнайы мәжбүрлеп емдеу және паллиативті емдеу бөлімшелерінің 97% тәуіліктік күзет орындарымен қамтамасыз етілген. Инфекциялық бақылау талаптарына сай келетін қоршау ТҚҰ 72,9%-да бар.

Инфекциялық бақылау шараларының тиімділігі мен сапасын ТҚҰ қызметркерлері арасында туберкулезге шалдығудың жаңа жағдайларының тіркелмеуі және сырқаттану көрсеткішінің төмендеуі дәлелдейді. 2015 жылдың 9 айы ішінде республика бойынша ТҚҰ 13 қызметкерінің туберкулезге шалдыққаны анықталды да, сырқаттану көрсеткіші 100 мың қызметкерлерге шаққанда 79,1 болды, ал былтырғы жылы бұл көрсеткіш 103,1 деңгейінде болған. ТҚҰ материалды-техникалық базаларының инфекциялық бақылау стандарттарына сәйкестендіру шаралары толассыз жүргізіледі және оның толыққанды орындалуы үнемі қадағалауда болады. Кешендік жоспар шараларын іске асыру аясында, сонымен қатар Ақмола облысында жүргізілген пилоттық жоба нәтижесінде ТБ/КДТ ТБ шалдыққан науқастарды психологиялық әлеуметтік қолдай отырып, амбулаторлық жағдайда емдеу тиімділігін ескере отырып, осындай пилоттық жоба еліміздің тағы 4 аймағында іске асырылуда: Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорд а облыстары мен Астана қаласында.

Туберкулез ауруына шалдығу қаупі жоғары топтар арасында ауруды уақытылы анықтау мақсатында республика бойынша 6689004 адамды флюорографиялық әдіспен тексеру жоспарланған және 9 ай ішінде 6690000 адам тексерілуден өтіп, олардың 5948-де активті туберкулез анықталып, диспансерлік есепке алынды.

Туберкулез ауруының жұқпалы түрін бактериоскопиялық анықтау көрсеткіші 2014 жылмен салыстырғанда 3,5%-дан 3,9%-ға дейін жоғарылады, алайда ДДҰ стандартынан (5-10%) төмен деңгейде, әсіресе Шығыс Қазақстан (2,1%) және Қостанай (2,3%) облыстарында. Аталмыш облыстарда бұл көрсеткіш БМСК жүйесінде өткізілген семинарлар, бақылау сапарларына қарамастан төмен деңгейде сақталуда.

ТБ және КДТ ТБ анықтаудың заманауи инновациялық зертханалық әдістерін қолданысқа енгізу туберкулез ауруын уақытылы анықтап, нәтижелі емдеу әдісін бірден тағайындауға мүмкіндік береді. 2015 жылдың 3 тоқсаны ішінде дәрілерге сезімталдықты анықтау тестімен науқастардың 98% қамтылып, 5664 науқаста КДТ ТБ анықталды, олардың 1762 туберкулез ауруына алғаш рет шалдыққандар.

ҚР ДСӘДМ 22.08.2014 жылғы №19 бұйрығын тыңғылықты орындау, туберкулезге қарсы қолданылатын бірінші және екінші қатардағы дәрілермен үздіксіз қамтамасыз ету аурудың сезімталдығы сақталған және дәрілерге төзімді түрлеріне шалдыққан науқастар арасындағы ем тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік берді. Яғни, бұл көрсеткіштер 87,2% және 74,7% тең болды (ДДҰ стандарты 85% және 75% сәйкес).

КДТ ТБ шалдыққан науқастардың 99,3% туберкулезге қарсы қолданылатын екінші қатардағы дәрілермен қамтылған (ДДҰ стандарты -85%).

Аймақтарда ДАТ ТБ шалдыққан науқастар туберкулезге қарсы қолданылатын үшінші қатардағы дәрілермен қамтамасыз етілуде. 2015 жылдың 9 айы ішінде ДАТ ТБ шалдыққан науқастардың 95,4% үшінші қатардағы дәрілермен қамтамсыз етілген, яғни 736 науқас туберкулезге қарсы қолданылатын үшінші қатардағы дәрілермен емделуде.

Туберкулезге шалдыққан науқастарға әлеуметтік қолдау көрсету туберкулезге қарсы күресу шаралары кешенінің маңызды бір бөлігі болып саналады және науқастардың емді үзбей қабылдауға деген ұстанымдылығын арттыруға бағытталған. Облыстардың атқарушы органдарының қолдауымен амбулаторлық жағдайда ем қабылдап жүрген науқастарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін бөлінген қаржы мөлшері 2014 жылмен салыстырғанда 390,589 млн теңгеден 507,319 млн теңгеге дейін артты. Қызылорда облысы (89,345 млн теңге), Астана қаласы (57,120 млн теңге), Ақмола (55,888 млн теңге), Павлодар (50,0 млн теңге), Ақтөбе (45,1 млн теңге) облыстарын үздіктер қатарында ерекше атап өткеніміз абзал.

Республикамызда кең көлемді ақпараттандыру-сауаттандыру жұмысы жүргізілуде және оның сапасы ҚР ТПҰО «Халық арасында санитарлық ағарту жұмысын жетілдіру туралы» бұйрығына сәйкес тұрақты түрде бақыланады.

2015 жылдың 9 айы ішінде елімізде туберкулез ауруының әртүрлі аспектілерін қамтыған 107 дөңгелек үстел, пікірталас өткізіліп, оларға 6121 адам қатысты, бизнес құрылымдардың өкілдеріне арнап 20 дөңгелек үстел өткізілді.

Туберкулез мәселелеріне арналған халықаралық «FighTBack» журналы жалпы тиражы 2000 дана болып басылып шығарылды да, бизнес құрылымдарына таратылды. Бизнес құрылымдарын ерекше атап отырған себебіміз, Дүниежүзілік экономикалық форум бәсекеге қабілеттіліктің Жаһандық индексін анықтау кезінде «Туберкулездің бизнеске орта мерзімді ықпалы» («Business impact of tuberculosis») факторын есептейді және ол үшін бизнес құрылымдардың (кіші және ірі компаниялардың) атқарушы директорлары немесе орынбасарларынан сауалнама алады. Бизнес құрылымдар кездейсоқ іріктеу әдісімен анықталады. Бұл сауалнамада келесі сұрақ бар: Сіздің пікіріңізше, сіздің компанияның жұмысына жуырдағы бес жыл ішінде туберкулез ауруы қаншалықты ықпал етуі мүмкін (өлім жағдайына, еңбек ету мүмкіндігінен айырылу, медициналық және жерлеу шығындары, өнімділік және жұмысқа шықпау, қызметкерлерді жалдау және оқытуға қажетті шығындарға, табысқа әсері). Сауалнама нәтижесін Дүниежүзілік экономикалық форум мүшелерінің өздері бағалайды. Дүниежүзілік экономикалық форумның 2015 жылы жариялаған есебіне сәйкес Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша 140 мемлекеттің ішінде 107 орынға ие болды. Сондықтан бұл бағытта белсенді жұмыс атқару керек.

Туберкулез мәселелері 228 Пресс-конференцияларда талқыланды, олардың екеуі Ұлттық деңгейде өткізілді. Айына 2 рет ТҚҰ және БМСК мекемелерінде «Ашық есік күндері» өткізіледі. Өткен уақыт ішінде кең көлемді 158 акция өткізіліп, оған 500 000-нан астам адам қатысты. Барлық облыс орталықтарында туберкулез сұрақтарына арналған бейнероликтер прокатқа шығарылды, жарнамалық баннерлерде, қоғамдық көліктерде, аэропорт, теміржол вокзалдарында туберкулез бойынша ақпараттық плакаттар ілінді. Фтизиатрияның өзекті мәселелеріне арналған 482 ақпараттық мақала Ғаламтор желісінде жарық көрсе, республикалық газет-журналдарда 384 мақала басылып шықты. Теледидар арқылы туберкулез мәселелеріне арналған 107 хабар көрсетіліп, радиодан - 81 дәріс оқылды.

Туберкулез сұрақтарына арналған ақпараттық-сауаттандыру материалдары 879764 дана көлемінде басылып шықты, «Туберкулез ауруы Қазақстандағы бизнестің дамуына қауіп төндірмейді» атты жадынаманың 1000 данасы бизнес құрылымдар өкілдері арасында таратылды.

Туберкулез сұрақтары бойынша халықтың әртүрлі топтарына арналған ақпараттық-сауаттандыру материалдарының топтамасы жасалды да, 500 дана DVD-тасымалдаушыларда таратылды.

2015 жылдың 9 айының қорытындысын сараптайтын болсақ, негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады және 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік Бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 31-мамырындағы № 597 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы күрес жүргізудің 2014-2020 жылдарға арналған Кешендік жоспарының» - межелік көрсеткіштеріне толығымен қол жеткізетінімізге сеніміміз мол.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Абилдаев Т.Ш. Меры по улучшению оказания противотуберкулезной помощи населению Республики Казахстан //Фтизиопульмонология. 2012. -№2 (21). - С. 4-7.

2. Абилдаев Т.Ш. Приотитетные задачи усиления борьбы с туберкулезом в РК //Фтизиопульмонология. - 2012.-№1 (20). С. 4-6.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.