АННОТАЦИЯ
Осы мақала Шымкент қалалық туберкулезге қарсы диспансер орта мектебі жағдайындағы балаларға білім берудің мазмұны, оқушылар қозғалысы, үлгерім көрсеткіштері, жұмыс ерекшеліктері мен ұсыныстар- ға арналған.
Кілт сөздер: туберкулез, балалар, мектеп, білім.
Туберкулезге қарсы диспансер жанындағы орта мектеп 2007 ж. 27.07. № 319- ІІІ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8 бап 5 тармағына сай қызмет атқарады. Мектеп 1961 жылы облыстық туберкулезге қарсы диспансер жанындағы орта мектеп болып, ұзақ мерзімде диспансерлік
ауруханаларда емделетін мектеп жасындағы балаларды міндетті түрде орта біліммен қамтамасыз ету мақсатымен мектеп ұжымы жоқ мекемелерде білім беру үшін ашылған. 1979 жылы облыстық туберкулезге қарсы диспансер аумағында мектепке жаңа ғимарат салынып, мектеп жұмысына жаңа серпін берді. 2011 жылы мектеп Шымкент қалалық туберкулезге қарсы диспансерінің балалар бөліміне көшірілді.
Негізгі бөлім. Диспансер жанындағы мектептің жұмыс мақсаты білім беру саласындағы қызмет. Аталған қызмет тізбесі бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру және жалпы орта білім беруден құрылған. Мектеп мәртебесі шағын жинақталған мектеп деп анықталады (ШЖМ), яғни ол оқушылар саны аз және оқу сабақтарының ұйымдастыру түрлері ерекше болып келетін жалпы білім беретін мектеп.
ШЖМ-нің негізгі компоненті - сынып - комплект, ол екі сыныптан құралады. Бастауыш мектеп жағдайында оқушыларды сынып - комплектілерге біріктіруде 2+4. Бірінші сыныптың оқушылары сынып - комплектінің құрамына қосылмайды, өйткені бұл кезеңде баланың мектепте жүйелі оқу мүмкіндігін қамтамасыз ететін дене және психофизиологиялық дамуы жүзеге асады. Диспансер мектебінде бір мұғалім бірнеше пәнді оқытып, мектеп басшысы әкімшілік міндеттемелерді оқытумен ұштастырады.
Мектеп оқушылары Шымкент қаласы мен облыс мектептерінің туберкулез диагнозы қойылған мектепалды дайындық сыныбы және 1 - 11 сынып оқушылары. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
туберкулезге шалдыққан және осы мектепте білім алатын оқушылардың саны 2012- 2014 жылдар аралығындағы азаю тенденциясы байқалады. Мысалы, салыстырмалы түрде алғанда 2012 жылы - 114, 2013 жылы - 105, 2014 жылы - 91 бала. Окушы санының сыныптар бойынша бөлінуі 1 диаграммада көрсетілген.
Диаграмма 1-де көрсетілгендей, 8, 9, 10, 11 сынып оқушыларының тұрақты түрде көп түсетіні байқалады.
Оқушы мектепке негізгі мектебінен келген құжатқа сай тіркеледі. Оқу жылы- 34 аптаны құрайды. Сабақ арнайы бекітілген бағдарлама бойынша беріледі. Оқытылатын пәндер: филология, математика, жаратылыстану, қоғамтану салаларын қамтиды. Сабақ ұзақтығы- 35 минут. Оқушылар қойылған диагнозға байланысты сыныптық, палаталық оқытуға бөлінеді. Сыныптық оқытуда балалар аптасына 12- 19,5 сағатқа дейін оқиды. Күніне 4 пәннен аспайтын жылжымалы аурытпалық коэффициентін ескере отырып құрылған сабақ кестесі бойынша оқытылады. Палаталық оқытуда сағат саны аптасына 6,5 сағат оқытылады, яғни екі есе кем сабақ өткізіледі. Бұл шектеу науқастың диагнозының ауырлығы мен дәрі қабылдаудың күрделілігіне байланысты. Оқушының мазасы болмай, қызуы көтеріліп, өзін жайсыз сезінген жағдайда дәрігердің бақылауында қалып сабақтан босатылады. Диспансерге бастапқы түскен кезде баланың жаңа ортаға бейімделуі бір апта көлеміндей уақыт алады. Сонымен қатар, оқытудың бастапқы кезеңінде оқушының басым көпшілігінің оқуға деген ынта- ықыласы жоғары болып, емді жалғастыра келе белсенділігі төмендей бастайтыны байқалады. Бұл жағдай, дәрінің әсерінен туындауы мүмкін. Себебі, баланың зейіні, мәліметті қабылдау мүмкіндігі мен есте сақтау қабілеті, уақыт өте келе нашарлай береді. Алайда, емделу соңына дейін, барлық параметрлері қалыпты деңгейдегі оқушылар да кездесетіні ескеретін жайт.
Қазіргі таңда мектеп балалар бөлімінің 6 палатасында орналастырылған. Әрине, жалпы көрініс типтегі мектеп жағдайынан алыс, дегенмен, мектеп парта, орындық, тақта сынды мектеп жиһазымен жабдықталған. Осы тұрғыда, тілге тиек ететін нәрсе, қазіргі заман талабына сай, интерактивтік тақта, компьютерлік сынып, мультимедиялық кабинет сынды дүниелер, онсызда көп нәрседен шектелген балалар игіліне берілсе орынды болары, сөзсіз.
Мектепте оқыту үдерісінен тыс, педагогтар баланың психологиялық, моралдық жағдайын ескеріп түрлі тәрбиелік, мәдени шараларды жүйелі өткізеді. Тағы бір назарға алатын мәселе, диспансерде емделіп оқитын жоғарғы сынып оқушыларының көпшілігі, негізгі мектептегі сыныптастар мен құрбыларынан
142алыстауы, тығыз қарым- қатынас жасай алмауы және өз статусын мүмкіндігінше жасыруы орын алады. Себебі, қоғам қалай қабылдайтындығы жайлы ой оларды қатты толғандырады.
Диаграмма 2де мектептің оқу тиімділігі жоғары екені байқалып тұр. Бұл көрсеткіш, бала санының аз болуында, әрі мұғалім әр балаға ықылас қойып оқытуында деп түсінуге болады.Оқушылар орта білім бағдарламасынан қалмай, сыныптан сыныпқа көшіріледі. Тоқсан сайын анықтамаларын, табельдегі тиісті бағаларын алып негізі мектептеріне немесе санаторийлерге кетеді. Ол құжаттар қала, ауыл мектептерінде тіркеліп, жалпы оқитын бала санына ілінеді. Айта кететін жайт, санаторийлерге қарасты мектептер де үздіксіз білім беру қызметін атқаруда.
9, 11 сынып оқушылары денсаулығына байланысты, дәрігерлік бақылау комиссиясының шешімімен мемлекеттік емтихандардан, ұлттық бірыңғай тестілеуден оқу жылының соңында босатылады. 9, 11 сынып оқушылары 1 жылдан кейін ғана кешендік тестілеу арқылы оқу орнына тапсыра алады. Бұл жағдай баланың өз қатарынан кеш қалатындығының айғағы. Осының барлығы, науқас балалар үшін социумнан шектелу болып есептеледі. Осыған қарамастан, олар орта және жоғарғы оқу орындарына түсіп, түрлі мамандық иелері атануда.
Қорыта келе, диспансер мектебі баланың өз ортасы мен өзге ортаны біріктіріп, білім мен тәрбиені жалғастырумен қатар өздігінше өмірлік ұстанымын қалыптастырушы, бағыт беруші болып табылады. Ендігі кезекте педагогтардың жұмыс ерекшеліктеріне бірер тоқтап кетер болсақ. Өзге мектептегі әріптесте- ріндей зиялы киім киіп сабақ бере алмауымен қоса, диспансер мектебінің мұғалімдері медициналық форма- да, маска мен қалпақ киіп сабақ беруінде.Оқыту барысында түрлі ерекшеліктер байқалуда. Мысалы: қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінен фонетиканы оқыту барысында маскамен дыбысталуды түсіндірудегі қиын- дықты атап кетуге болады.Тек бұл жағдайда ғана емес, жалпы айтқанда, маска-бала мен мұғалім арасын- дағы барьер. Өзге мектеп мұғалімдері сабақ жоспарын үйде жазып дайындалса, диспансер мұғалімдері дайындықты мектепте жасайды, себебі олардың әр- қайсысының балалары олардың қалталы телефондарын, сөмке, қалам, қағаздарын ұстап ойнамасына, аузына салмасына кім кепіл. Оның үстіне, ауру жұқтырып алмаймын ба деген түйсіктік ой кез келген мұғалімді үнемі мазалайтыны анық.
Осы орайда, Қазақстанның облыс деңгейіндегі қалаларда туберкулезге қарсы диспансер жанындағы мектеп мұғалімдерінің психо-эмоционалдық ауырпалық төлемдерімен зияндылық пайызы көтерілсе деген ой туындайды. Ұстаз мамандығы - жүрекпен таңдайтын мамандық, ал осындай мектепте мұғалім болу- ерлікке пара пар десек те артық емес. Сол себептен, әр еңбек бағалауға лайықты. Сонымен қоса, палаталық оқытудағы бактерия бөлетін оқушыларға арнайы, сыныбына сай бокстар орнатылып, мұғалім мен оқушы- ның арасы шынша немесе тереземен бөлініп, лингафон кабинеті тәрізді жабдықталса, өйткені, тікелей контакт мұғалімнің денсаулығына қауіп төндіретін жағдай тудырары анық.
Тұжырым. Туберкулезге қарсы диспансер жанындағы мектеп жұмысы дәрігерлік көрсеткіштерге қатысты. Оқу үдерісінің тиімді болуы баланың денсаулығы мен көніл- күйіне тікелей байланысты. Оқушы- науқас бала екені міндетті түрде ескерілетін жайт. Баланың комфорт зонасынан жаңа ортаға адаптацияла- нуына мейлінше ықпал ету. Мұғалім еңбегі жоғары бағалануға лайықты. Жұмыс жағдайын жақсарту жолы.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. «Законодательство об образовании в Республике Казахстан», Алматы, Издательство «Юрист» , 2008 ж.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 ж. 23.03. №180 қаулысымен бекітілген мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты негізінде ҚР Ғылым және Білім министрлігінің 2013ж. 03.04. № 115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы.