Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Туберкулезге қарсы жүргізілген іс-шараларда санаторийдің қызметі

ТҮЙІН

Кез келген қоғам ең алдымен халық денсаулығын ойлау қажет. Белгілі бір жүйемен құрылған күн тәртібі, мезгілімен дұрыс тамақтандырудың маңызы зор. Дұрыс жүргізілген ем-сауықтыру шаралары, оқу тәрбие жұмыстары, баланың көңіл күйін көтеретін іс-шаралар, жаңа ортада тез тіл табысып бейімделуіне көп көмегін тигізеді. Осы жоғарыда көрсетілген кешенді сауықтыру жұмыстары бала ағзасының нәтижелі сауығуына, нығаюына кепілдік береді. Жан жылуы мен мейірім шуағы мол осындай санаторий алдағы кезде де бүлдіршіндерге үлкен қуаныштар сыйлай бермек.

Кілт сөздер: балалар санаториясы, туберкулез, сауығу, изоляциясы, химиопрофилактикасы.

Қазіргі эпидемиологиялық жағдайда туберкулез ауруының балалар мен жасөспірімдер арасында төмендетудің бірден бір жолы ол арнайы туберкулезге қарсы санаториялар болып табылады. [1]

1965 жылдың 7 желтоқсанынан КазССР Еңбекшілер депуттатарының Шымкент қалалық Советі атқару комитетінің қаулысы бойынша «Қарлығаш» облыстық балалар туберкулезге қарсы санаторийі ұйымдасты- рылған. 1993 жылдың қарашасындаМемлекеттік мүлік бойынша ОҚО территориалдық комитетінің қаулысы бойынша «Восток» АҚ қарасты «Золотой ключик» балабақшасының ғимараты санаторийге қайтарымсыз берілді.

Санаторияда бас дәрігер қызметін атқарған дәрігерлер:25.02.1966-07.03.1978 ж.ж. аралығында Кисляцких Кира Владимировна. 10.04.1978-18.02.1980 ж.ж. аралығында Убишева Кийвит Убишевна. 01.07.1980-11.05.1981 ж.ж. аралығында Галич Людмила Петровна. 25.05.1981-30.07.1988 ж.ж. аралығында Алтынбеков Полат Дүйсенбайұлы. 30.07.1988-17.12.1991ж.ж. аралығында Мырзабаева Шарипа Абдижалил- қызы. 13.01.1992-27.07.2004ж.ж. аралығында Сакыбаева Салтанат Абдіразаққызы. 27.07.2004-26.12.2006 ж.ж. аралығында Жансеитов Ерлан Патеевич. 26.12.2006-13.08.2013 ж.ж. аралығында Сулейманова Жамила Джумадиловна. 2013 жылдың 14 тамызынан бастап санаторийдің бас дәрігері болып медицина ғылымының кандидаты, жоғары санатты дәрігер Сакыбаева Салтанат Абдіразаққызы тағайындалды.

Қазіргі таңда туберкулезге қарсы санаторий 2 жастан 7 жасқа дейінгі балалар үшін және 150 төсек орынға арналған. Санаторий тәулік бойы, жыл бойы жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін «Қарлығаш» санаторийі балаларды ем қабылдауға және сауықтырылуға қалалық және аудандық туберкулезге қарсы диспансерлерден жолдама арқылы қабылданып келген, 2015 жылдың шілде айынан бастап балаларды қабылдау жоспарлы емдеуге портал «емдеуге жатқызу бюросы » енгізіліп жүргізілуде. Санаторийде 6 топ бар, яғни бұл топтар балалардың жасына және диагнозына байланысты бөлінген. олардың ішінде 4 топ бұл арнайы химиотерапия қабылдап жатқан балалар үшін арналып жабдықталған.

Санаторийде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және Әлеуметтік Даму Министрлігінің 2014 жылдың 22 тамызында бекіткен №19 бұйрығы«Туберкулез бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы №178 «Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитарлық- эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидалары, бұйрықтар қолданыста.

Барлық нысанды медициналық құжаттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі- нің м.а 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген, бұйрықтың негізінде толтырылып жүргізіледі. Санаторий дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген. Туберкулезге қарсы дәрілер Республи- калық бюджетінен және Грант есебінен беріледі. Санаторияға сауықтырылуға және ем қабылдауға түсетін негізгі топтар : стационарда қарқынды кезеңнен кейін, жалғастыру кезеңі бойынша химиотерапия-лық емін жалғастыруға, туберкулезбен ауырған науқаспен қатынаста болған қауіп тобындағы туб.қатынас балалар және туберкулез микобактериясының жұғуы, алғаш рет анықталған диагнозы қойылған балалар құрайды.

Санаторийде 7- фтизиатр дәрігер, ЛОР, окулист, дәрігер лаборант, эпидемиолог және 31 орта буын медицина қызметкерлері, 18 педогог маман, 33-кіші буын қызметкерлері, 30 қызметкер түрлі жұмыс жасайды. 2013 жылы санаторийде 474 бала, ал 2014 жылы 451 бала оқшаулануға және сауықтырылуға түсті. Олардың диагноз бойынша жіктелуі №1 кестеде көрсетілген.

1-ші кестеде көрсетілгендей 2013 жылы барлық диагноздардың ішінде туб қатынас диагнозымен 283 (59,7%) басымырақ болған,екінші орында көрсеткіші бойынша туберкулез виражының сынамасы диагнозы 172 (36,3%). 2014 жылы жаңа бұйрықтың енгізілуіне байланысты, «ескі диагноздар» туберкулез сынамасы- ның виражы және туберкулез сынамасының гиперергиялық реакциясы алдынғы бұйрықтың күшін жоюына байланысты жаңа «Туберкулез микобактериясының жұғуы,алғаш рет анықталған» диагнозға алмастырылды. Осы диагноз бойынша 222 (49,2%) бала тіркелді.

1-ші кесте - Балаларды диагнозы бойынша бөлу

Диагноз

2013 ж

2014 ж

1

Туберкулезбен қатынас

283 (59,7%)

224(49,6%)

2

Туберкулез виражының сынамасы

172 (36,3%)

-

3

Туберкулез сынамасының гиперергиялық реакциясымен

14 (3,0 %)

-

4

Туберкулез микобактериясының жұғуы, алғаш рет анықталған

-

222(49,2%)

5

Кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезімен

4 (0,84 %)

3 (0,6%)

6

Ішек және мезентериялды туберкулезімен

1(0,2%)

-

Санаторийдің негізгі атқаратын жұмысы туберкулезді емдеу, алдын алу, тубқатынаста болған балаларды оқшаулауға және сауықтыруға арналған. Санаторияда балалардың ем қабылдау ұзақтығы ҚРДС және ӘДМ 2014 жылы 22 тамызында шыққан №19 бұйрық негізінде химиопрофилактикалық ем 6 айға дейін. Ал қауіп тобындағы балаларды сауықтыру 3-6 айға дейін жүргізіледі. Жыл сайын бүкіл облыс бойынша қауіп тобындағы балалар ем қабылдап сауықтырылады. 2013жылға химиотерапия қабылдаған бала саны 5,химиопрофилактика қабылдаған бала саны 186, ал 2014 жылы 3 бала химиотерапиялық ем қабылдаса, 222 бала химиопрофилактикалық ем қабылдады. Жүргізлген химиопрофилактикалық ем кезінді балалардың жалпы жағдайының, көңіл күйінің, тәбетінің жақсаруы мен салмақ қосуы байқалды.

Балаларға ем қабылдаумен қатар келесідей сауықтыру іс-шаралары жүргізіледі: химиотерапия, химиопрофилактика, жалпы витаминотерапия, емдік дене шынықтыру, уқалау, қосалқы ауруларын емдеу. Сондай ақ УФО, УВЧ, электрофорез, Дарсонваль, жылулық және ультра дыбыстық инъгаляция сияқты физиоемдеулер бар. Балалар санаторийде бес мезгіл тамақтанады, ас мәзірі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы №178 «Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» сайкес жасалынған.

Балалар туберкулезге қарсы арнайы дәрілер арқылы химиопрофилактикалық ем қабылдаумен қатар кешенді емдеу-сауықтыру іс-шаралары атап айтқанда, медбикелер балаларға өздеріне өздері нүктелі массаж жасауға, Стрельников әдісі бойынша тыныс алу гимнастикасын, Рига әдісі бойынша шынығу, тұз жолымен жүру, таңертеңгілік таза ауадағы гимнастика сияқты сауықтыру шаралары жүргізіледі, сонымен қатар ән күй маманы балалармен ертеңгілік жүргізіп, ән сабағын өткізеді, сондай ақ балаларға санаторий тәрбиешілерінің қатысуымен әр түрлі ертегілерден қойылымдар қойылады және де балалардың қатысуымен әр түрлі мерекелерге байланысты жарыстар ұйымдастырылады және арнайы сыйлықтармен марапатталады. Балалар арасында және қызметкерлер арасында Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спартакиадалық жарыстар өткізіледі.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Ережепов М. Ш. Туберкулез ауруының ашық тығыз қарым-қатынаста болған балалардың санаториялық жолмен сауықтырылуының маңызы және емдеу мерзімі жайлы / М. Ш. Ережепов // Медицина. - 2013. - №12. - С. 80-81.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.