Көп дәріге тұрақтылық анықталған туберкулез науқастарының тіркелуі және ем нәтижесі

ТҮЙІН

Зерттеу мақсаты: . Талдау барысында КДТ анықталған туберкулез науқастарының ем нәтижесі Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) стандартына («сауықты» >85%, «сәтсіз ем» <5%, «қайтыс болу» <5%, «ем тәртібінің бұзылуы» <5%) сай еместігін көрсету.

Кілт сөздер: туберкулез, ем нәтижелері: «сауықты», «сәтсіз ем», «ем тәртібінің бұзылғаны», «қай- тыс болғаны».

Бүгінгі таңда көп дәрілерге тұрақтылық (КДТ) анықталған туберкулез науқастарын емдеу өзекті мәселеге айналып отыр. Өйткені сезімталдығына қарай науқастар 2-3 жыл үздіксіз емделу қажет. КДТ анықталған туберкулез науқастардың ем нәтижесін анықтау мақсатында 2008-2012 жыл аралығында тіркелген науқастарға талдау жүргізілді.

Материалдар және әдістері: Талдауда Оңтүстік Қазақстан облысының 2008-2014 жыл аралығындағы 8 форма, ТБ 07, ТБ 08 есептері және туберкулез науқастарының ұлттық регистрі бойынша мәліметтер қолданылды. Шымкент қалалық туберкулезге қарсы диспансерде 2000 жылы КДТ анықталған туберкулез науқастарына 60 төсек орын ашылған. 2003 жылы Сайрам облыстық туберкулезге қарсы ауруханаға ауыстырылды. 2009 жылы КДТ анықталған науқастарға арналған төсек 140 орынға кеңейтілді, оның 70 МТ(+), 70 МТ(-). 2011 жылы Облыстық туберкулезге қарсы диспансерге ауыстырылып, 170 төсек орын болды, оның 130 МТ(+), 40 МТ(-). Қазіргі таңда КДТ тұрақтылық анықталған науқастарға арналған төсек орын: Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде 130 МТ(+), 40 МТ(-), Арыс ауданаралық туберкулезге қарсы диспансерде 75 МТ(-), Отырар ауданаралық туберкулезге қарсы аурухана 50 МТ(-).

Соңғы жылдары дәріге тұрақты туберкулез жыл сайын көбеюде, және олардың толыққанды емделуі өзекті мәселе болып отыр. Бүгінгі таңда дәріге тұрақтылық анықталып екінші және үшінші қатардағы дәрілерді қабылдап жатқан науқастардың көрсеткіші 50,0% жетті (кесте №1).

1-ші кесте - Сезімталдығына қарай белсенді топтағы науқастардың емделуі

Жылд аР

Белсенді топтағы науқастардың жалпы саны

Бірінші қатардағы дәрілермен емделіп жатқан науқастардың саны

%

Екінші және үшінші қатар-дағы дәрілермен емделіп жатқан науқастардың саны

%

2009

3120

2570

82,4

550

17,6

2010

2559

1762

68,9

797

31,1

2011

2161

1262

58,4

899

41,6

2012

2064

1207

58,5

857

41,5

2013

2327

1191

51,2

1136

48,8

2014

2242

1126

50,0

1116

50,0

Жылдан жылға сезімталдығы сақталған науқастар төмендеп, көп дәріге тұрақтылық анықталған науқастардың тіркелуі жоғарылауда. Ем бастағанға дейін сезімталдығы сақталған науқастардың тіркелуі2009 жылы 90,2% болса, 2014 жылы 75,0% төмендеді, ал дәріге тұрақтылық анықталған науқастардың тіркелуі 2009 жылы 9,8% болса, 2014 жылы 25,0% жоғарылады (кесте №2).

КДТ анықталған науқастар ем нәтижесінің барлық көрсеткіштері БДҰ стандартына сай емес. 2008 жылы тіркелген науқастардың сауыққаны 74,7% болса, 2012 жылы 68,2% төмендеген, сәтсіз ем 6,0%-дан 10,7%-ға, қайтыс болғаны 10,7%-дан 13,8%-ға жоғарылаған, ал ем тәртібінің бұзылғаны 8,7%-дан 7,3%-ға төмендегенімен стандарттан жоғары (кесте №3). «Сәтсіз ем», «ем тәртібінің бұзылғаны», «қайтыс болғаны» көрсеткіштері жоғары болғандықтан емнің оң нәтижесі төмен. Туберкулезден емделу курсы 2-3 жыл ұзақ болғандықтан күнделікті ем тәртібін сақтау науқастарға қиынға түседі. Ем тәртібі көбіне емнің жалғастыру фазасында

2 кесте - Сезімталдығына қарай науқастардың тіркелуі

жылдар

Барлық тіркелген науқастардың саны

Емге дейін сезімтал- дығы сақталған науқастардың тіркелуі

%

Тұрақтылық анық- талған науқастардың тіркелуі

%

2009

2898

2611

90,1

287

9,9

2010

3696

3117

84,3

579

15,7

2011

3365

2788

82,9

577

17,1

2012

3358

2665

79,4

693

20,6

2013

3062

2323

75,9

739

24,1

2014

2843

2133

75,0

710

25,0

3-ші Кесте - Екінші қатардағы дәрімен емделген науқастардың ем нәтижесі

жылдар

Ем нәтижесі

Сауықты

сәтсіз ем

ем тәртібінің бұзылғаны

қайтыс болғаны

абс.

%

абс.

%

абс.

%

абс.

%

2008

112

74,7

9

6,0

13

8,7

16

10,7

2009

195

67,9

37

12,9

15

5,2

40

13,9

2010

354

74,4

40

8,4

29

6,1

53

11,1

2011

193

67,7

29

10,2

25

8,8

38

13,3

2012

395

68,2

62

10,7

42

7,3

80

13,8

Жылдан жылға КДТ анықталған науқастар арасында жаңа жағдайдың өскенімен, олардың ем нәтижесі қайталанған науқастарға қарағанда туберкулезден «сауықты» көрсеткіші жоғары, ал «сәтсіз ем» және «қайтыс болу» көрсеткіштерінің төмен (кесте №4). Әрине КДТ анықталған жаңа жағдайдың көбеюі инфекциялық бақылаудың төмен екенін көрсетеді, және бір себебі дер кезінде анықтау тәсілі жақсарды, яғни 2013 жылы мамыр айынан бастап туберкулез микобактериясы жылдам (2 сағат) анықталатын молекулярлы- генетикалық тексеру жүргізілуде.

4 кесте - Жаңа және қайталанған жағдайдың ем нәтижелерін салыстыру

ЖЬІЛ

Жаңа жағдай

Қайталанған жағдай

сауықты

сәтсіз ем

қайтыс болғаны

ем тәр- тібінің бұ- зылғаны

Сауықты

сәтсіз ем

қайтыс болғаны

ем тәр- тібінің бұзылғаны

абс.

%

абс.

%

абс.

%

абс.

%

абс.

%

абс.

%

абс.

%

абс.

%

2008

19

82,6

1

4,3

0

0,0

3

13,1

81

70,4

8

7,0

16

13,9

10

8,7

2009

40

80,0

6

12,0

1

2,0

3

6,0

143

66,8

26

12,1

36

16,8

9

4,3

2010

79

84,0

5

5,3

5

5,3

5

5,4

256

75,1

27

8,0

40

11,7

18

5,2

2011

49

86,0

1

1,7

6

10,6

1

1,7

125

63,1

24

12,1

29

14,6

20

10,2

I 2012 I 105 I 77,8 | 3 | 2,2 | 16 | 11,9 | 11 | 8,1 | 288 | 65,3 | 58 | 13,2 | 64 | 14,5 | 31 | 7,0 |

Қорытынды: КДТ анықталған науқастар арасында ем нәтижесінің барлық көрсеткіштері БДҰ стандартына сай еместігінің негізгі себебі - туберкулезден емделу курсы 2-3 жыл ұзақ болғандықтан күнделікті ем тәртібін сақтау науқастарға қиынға соғатындығы. Ем тәртібі көбіне жалғастыру фазасында өтуіне байланысты, медициналық мамандарының тарапынан дәрілерді тікелей қадағалауда ішкізілуі толық орындалмай отыр. Тұрақты туберкулезбен сырқаттанған науқастардың арасында емнің жоғары нәтижелігі - ен алдымен, емге науқастарды дұрыс іріктеу, олардың емге тартымдылығын анықтау және ем алдында психологиялық дайындау болып табылады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. «Сборник научных статей по проблеме туберкулеза с множественной лекарственной устойчивостью (МЛУ-ТБ)» Проект по лечению МЛУ ТБ (ДОТС-плюс) Томск-Россия 2004, С.11.
  2. Аблазин А.А., Пазылхаирулы Т., Шарипова М.А., «Исходы лечения больных с полирезистентной формой туберкулеза легких, пролеченного в режиме ДОТС плюс» Фтизиопульмонология №2 (8) 2005г ст.85-89.
  3. Приказ МЗ РК №723 от 07.12.2007г «Об утверждении Инструкции по ведению больных туберкулезом с множественной лекарственной устойчивостью» Алматы 2008г.
  4. Г.С.Еркенова - Казахский Национальный Медицинский университет им. Асфендиярова, г.Алматы.
Другие статьи

В условиях интенсификации современного производства вопросы совершенствования профилактических основ здравоохранения, в частности, в плане сохранения трудовых ресурсов, приобретают особое значение
2010

Материалы и методы. В настоящей работе использованы материалы оперативного эпидемиологического анализа заболеваемости и данные из историй болезни.
2011

Крымская-Конго геморрагическая лихорадка (ККГЛ) на территории Казахстана занимает ведущее место среди природно-очаговых клещевых инфекций
2011

Высокая заболеваемость и безудержный рост сердечно-сосудистых заболеваний сокращают среднюю продолжительность жизни населения.
2011

Пациентов, которым проводят не кардиохирургические оперативные вмешательства, относят к группе высокого риска сердечно-сосудистой заболеваемости и смертности
2011

Отогенные абсцессы мозга встречаются чаще абсцессов мозга любой другой этиологии. Они наиболее часто локализуются в височной доле, вблизи от крыши барабанной полости и крыши сосцевидной пещеры
2011

Цель работы: Изучение эффективности немедикаментозных легкодоступных методов (Су Джок, фитотерапии) лечения у больных артериальной гипертензией.
2011

Важнейшей проблемой, входящей в клиническую деятельность врачей всех специальностей и представляющей непосредственную угрозу для жизни пациентов, является тромбоэмболия легочной артерии
2011

Инородные тела сердца наблюдаются относительно редко, как правило, в результате слепых огнестрельных и колотых ранений грудной клетки
2011

Тромбоз мезентеральных сосудов (ТМС) исключительно редкое сосудистое осложнение, наблюдающееся, главным образом, у людей пожилого возраста
2011

Известно, что илеоцекальный отдел служит узловым пунктом желудочно-кишечного тракта, при выключении которого возникают расстройства в виде поносов и нарушения обмена веществ
2011

Цель: сравнение эффективности первичной ангиопластики, фармакоинвазивного метода реперфузии и ТЛТ у больных с острым ИМ с подъемом ST в отделение реанимации и интенсивной терапии (ОРИТ).
2011