ТҮЙІН
Адамзаттың ең маңызды міндеті дүниеге бала алып келу және ұрпақтардың одан ары жалғасуын қамтамасыз ету екендігін белгілі. Тұрғындар арасында орын алған туылу көрсеткішінің төмендеуі одан ары жалғасса, жер бетінен көптеген ұлттар мен ұлыстардың жойылып кету қаупі бар. Бұл үдерісте АИТВ инфекциясының алатын орны орасан зор болып табылады. Сондықтан бұл дертті зерттеп, алдын - алу шараларын жеткілікті ұйымдастыру бүкіл қоғамның міндеті.
Кілт сөздер: ЖИТС, АИТВ - инфекциясы, профилактикалық шаралар, аурушаңдық, таралу динамикасы, туылу көрсеткіші.
Тәуелсіздік жылдары қазақстан республикасында ЖИТС ауруына ұшыраған адамдардың қатар саны жылдан -жылға ұлғаю үстінде. Бұл індеттің эпидемиялық сипат алу қаупі де аз емес. Осындай аймақтың қатарына Оңтүстік Қазақстан облысын да қосуға болады. Сондықтан ЖИТС дертіне қарсы профилактикалық шаралардың белсенділігін одан ары арттыру қажеттілігі бүгінгі таңда өз маңызын жоғалтқан жоқ. Саны аса үлкен емес қазақ ұлтының арасында жыныстық қатынастар арқылы берілетін аурулардың арта түсуі, еліміздің тәуелсіздігіне және егемендігіне тікелей төнген қауіп деп қарастыруға болады [1, 2, 3].
ЖИТС - тің таралу белсенділін зерттеу мақсатында, 2005-2013ж. Шымкент қаласында анықталған науқастарға ретроспективті эпидемиялық талдау жүргізілді. Тұрғындардың ЖИТС бойынша аурушаңдығы жайлы материалдарды статистикалық өндеуден өткізу және сараптау ici ДДҰ-ның 43-ші Халықаралық конференциясында бекітілген оныншы рет кайта қаралған «Ауру және денсаулыққа байланысты мәселелердің халықаралық статистикалық жіктемесіне» сәйкес жүзеге асырылды.
Соңғы 10 жылда ЖИТС-тың ОҚО-ындағы тұрғындардың арасындағы таралу динамикасы, бұл инфекцияның бірте-бірте бір деңгейге тұрақтауға бет алғандығын көрсетеді (кесте 1).
- кесте - Қазығұрт ауданы тұрғындары арасындағы ЖИТС бойынша біріншілік аурушаңдығы мен оның 2005 - 2014 жылдар арасындағы дііііаміікасы (1000 адамға балап есептегенде)
Сырқат тың аталуы |
Жылдардағы деңгейі мен динамикасы |
|||||||||
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
|
ЖИТС |
1,2 |
10,17 |
21,19 |
6,97 |
4,9 |
3,8 |
1,8 |
1,81 |
0,93 |
1,8 |
Осы ауданда қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай өзге аудандардағы жағдайдан анағұрлым ауыр деуге болады. ОҚО аудандары ішінде ЖИТС бойынша ең ауыр ахуал осы ауданда қалыптасса, екіші орында Сары-Ағаш ауданы тұрғындарының аурушаңдығы ( ең жоғары деңгейі - 10.76%<00). үшінші орында Төле би ( ең жоғары деңгейі - 9,03%о00), ал төртінші орында Сайрам (ең жоғары деңгейі - 8.52%<00) ауданы тұрғындарының көрсеткіші жайғасқан. ЖИТС ауруының ең төмен тараған аудандар қатарында Арыс (1,57 %<00). Ордабасы (1,97%о00), Түлкібас (2,14%о00) аудандары бар. Сондықтан осы аудандағы АИТВ мен ЖИТС ауруының профилактикасын ұйымдастыру жағдайы біздің зерттеуіміздің арқауы болды (1 сурет).
Қазығұрт ауданы тұрғындарының АИТВ-ы ауруын жұқтыру жолдарын зерттеу, оның 78,9% жыныстық қатынас арқылы, 16,0% инъекциялық жолмен дәрілер мен қан құю арқылы, ал 5,1% ауру анадан жатырдағы ұрпаққа берілген болып шықты. Әр жастық топтағы 100000 адамға балап есептегенде ЖИТС-тің ең жоғары таралу жиілігі 20-29 жастағы азаматтар арасында таралған (27,9%<OO), ал ЖИТС-тің таралу жиілігі бойынша екінші рангалық орында 15-19 жастағы жасөспірімдер (21,3%oOO) орналасқан, 0-1 жасқа дейіңгі сәбилердің арасындаоның таралу жиілігі 14,6%<OO тең болса, 30-39 жастағы тұрғындар арасында 7,2%oOO болып отыр. Бұл жердегі көрсеткіштің ең төмеңгі деңгейі 1-14 жастағы балалардың арасында анықталып отыр. Зерттеу барысында алынған деректер ЖИТС ауруының таралуында жыныстық қатынас пен дәрілік инъекциялардың туғызатын қауіп-қатері Қазығұрт ауданы тұрғындары үшін ерекше орын алатындығын көрсетіп отыр.
Зерттеу барысында алынған деректер ЖИТС ауруының таралуында жыныстық қатынас пен дәрілік инъекциялардың туғызатын қауіп-қатері Қазығұрт ауданы тұрғындары үшін ерекше орын алатындығын көрсетіп отыр.
Тұрғындардың денсаулығын сақтау мен оны арттыру мәселелері, әлеуметтік маңызы үлкен патологиялардың қалыптасуындағы жайсыз үдерістің сақталуына байланысты өзекті мәселеге айналуда.
Тәуелсіздік жылдары, нарықтық экономика мен демократиялық мемлекет
қалыптастыруда Қазақстан Республикасы түбегейлі жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Экономикалық қатынастармен қатар қоғамда әлеуметтік қайта жаңару үрдістері де тез қалыптасуда. ҚР халқының денсаулық жағдайы мен әлеуеті, білімі мен мәдениеті көптеген өзгерістерге ұшырауда. Жұмыссыздық саны төмендеп, халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы ұлғайды. Бірақ, ел экономикасындағы оң өзгерістерге қарамастан, халықтың денсаулық көрсеткішіндегі жекелей бағыттарында оңды өзгерістер байқалмайды.
ӘДЕБИЕТТЕР
- . Аканов А.А., Тулебаев К.А., Слажнева Т.И. и др. Пути решения проблем формирования здорового образа жизни населения в Казахстане .//Актуальные проблемы ФЗОЖ, профилактики заболеваний и укрепления здоровья - 2006-№2-с. 13-18;
- .Аканов А.А. Новое общественное здравоохранение В Казахстане // Центрально-Азиатский научно-практический журнал №2-3, с. 10-13, 1999;
- .Девятко В.Н., Аканов А.А., Здоровье народа и здравоохранение Казахстана в переходной период; опыт, уроки, проблемы. -Алматы, 1999. 140с.