Оңтүстік Қазақстан флорасындағы leonurus turkestanicus өсімдігінің жер үсті бөлігін тауарлық талдау

ТҮЙІН

Ғылыми мақалада Түркістан сасықшөбіне тауарлық талдау жүргізілді. Зерттеу барысында ылғалдылығы мен жалпы күлін анықтадық.

Кілт сөздер: Leonurus Turkestanicus, эксикатор, муфель пеш, ылғалдылық, жалпы күл.

Қазіргі уақытта дәрілік өсімдіктер үлкен сұранысқа ие. Сол себепті медицина және фармацевтика өндірісі үшін өсімдіктегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын алға тарту өзекті болып отыр. Әдебиеттердегі мәліметтерге сүйенер болсақ, сасықшөп өсімдіктерінің кейбір түрлері медицинада түрлі ауруларды емдеуде қолданылады. Қазақстанда, соның ішінде Оңтүстік Қазақстан флорасында өсетін түркістан сасықшөбіне тауарлық талдау жүргізілмеген.

Ғылыми жұмыстың мақсаты: Оңтүстік Қазақстан өңірінде өсетін Түркістан сасықшөбін (Leonurus turkestanicus) тауарлық талдау.

Ылғалдылығын анықтау

Ылғалдылықты анықтау дайын шикізаттың кептіргеннен кейінгі алынған тұрақты массасы. Кептіруді арнайы кептіргіш шкафта 100-105 °C температурада кептіреді.

Әдістеменің орындалу реті:

  1. Екі бос бюксті алып, қақпағымен бірге кептіргіш шкафта 100-105 °C температурада 10 минут кептіреміз. Содан соң бюксті эксикаторда салқындатамыз. Салқындаған бюксті қақпағымен бірге өлшейміз. Бұл процесті тұрақты масса алынғанша 3 рет өлшейміз.
  2. Дайын шикізатты І және ІІ-ші бюксқа 3,0 г өлшеп саламыз. Шикізаттың ұсақталған бөлшектерінің өлшемі 1-3 мм болуы тиіс.
  3. Бюксті кептіргіш шкафта 100-105 °C температура аралығында 2 сағатқа қалдырамыз. Осы уақыт аралығында кептіргіш шкафты ашпау керек.
  4. 2 сағаттан соң бюксті шикізатпен бірге эксикаторда 20 минут салқындатамыз. Сосын өлшейміз. 5) Бұл процесті 30 минуттан соң қайта өлшейміз, тұрақты масса алынғанша.

6) Алынған нәтижелерді формула бойынша есептеп шығарамыз.

Жалпы күл

Кварц немесе платина тиглді алып, 30 мин бойы қызарғанша қыздырады, эксикаторда салқындатады және өлшейді. Жеке бапта басқа нұсқаулар болмаса, 1,00 г зерттелетін затты немесе майда етіп ұнтақталған дәрілік өсімдік шикізатын тиглге салады және тиглдің түбіне біркелкі етіп жаяды. 100 °C- ден 105 °С-ге дейінгі температурада 1сағ бойы кептіреді және содан кейін 600 ±25 °C температурада муфель пеште тұрақты массаға дейін жағады, әрбір жағудан кейін эксикаторда тиглді салқындатады. Барлық процедура барысында тиглде жалын пайда болуы тиіс. Егер күлді ұзақ жаққаннан кейін әлі де қара бөлшектер болатын болса, тиглдегіні ыстық сумен толығымен күлсіз сүзгіге ауыстырады және сүзгідегі қалдықты сүзгі қағазымен бірге жағады. Сүзгіні күлмен біріктіреді, құрғақ қалдық қалғанша буландырады және тұрақты массаға дейін жағады.

10 % хлорсутек қышқылында ерімейтін күл

Тиглде қалған қалдыққа немесе дәрілік өсімдік шикізатынна 15 мл 10% HCI ерітіндісін құйып тиглдің бетін шынымен жауып 10 минут су моншасында қайнатамыз. Шыны бөлігін бөлек алып, тиглге 5 мл ыстық су қосып жуамыз. Сұйықтықты күлсіз фильтрмен филтрлейміз. Қалған фильтратты хлоридтерге теріс реакция бергенше ыстық сумен шаямыз. Сол тиглге аударамыз, жоғарыда көрсетілген әдістемедегідей кептіреміз, жағамыз және өлшейміз.

Қорытынды. Түркістан сасықшөбіне сандық анықтау барысында ылғалдылығы мен жалпы күлдің нәтижесін алдық. Біз анықтаған нәтиже бойынша ылғалдылығы 7,3%-дан артық емес, жалпы күлі 10,7 %- дан артық емес, 10 % хлорсутек қышқылында ерімейтін күл 3,8% -дан артық емес.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Губанов И.А., Новиков В.С., Тихомиров В.Н. Опредитель высших растений средней полосы европиской части СССР. - 1981.-С.206-211
  2. Махатов Б.К., Патсаев А.К., Орынбасарова., Кадишаева Ж.А. Фармакогнозия. -2011.-2196
  3. Самылина И.А., Сорокиной А.А. Руководство к практическим заниятиям по фармакогнозий. - 2007.-С.672
  • Тег: Талдау
  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина
Другие статьи

В условиях интенсификации современного производства вопросы совершенствования профилактических основ здравоохранения, в частности, в плане сохранения трудовых ресурсов, приобретают особое значение
2010

Материалы и методы. В настоящей работе использованы материалы оперативного эпидемиологического анализа заболеваемости и данные из историй болезни.
2011

Крымская-Конго геморрагическая лихорадка (ККГЛ) на территории Казахстана занимает ведущее место среди природно-очаговых клещевых инфекций
2011

Высокая заболеваемость и безудержный рост сердечно-сосудистых заболеваний сокращают среднюю продолжительность жизни населения.
2011

Пациентов, которым проводят не кардиохирургические оперативные вмешательства, относят к группе высокого риска сердечно-сосудистой заболеваемости и смертности
2011

Отогенные абсцессы мозга встречаются чаще абсцессов мозга любой другой этиологии. Они наиболее часто локализуются в височной доле, вблизи от крыши барабанной полости и крыши сосцевидной пещеры
2011

Цель работы: Изучение эффективности немедикаментозных легкодоступных методов (Су Джок, фитотерапии) лечения у больных артериальной гипертензией.
2011

Важнейшей проблемой, входящей в клиническую деятельность врачей всех специальностей и представляющей непосредственную угрозу для жизни пациентов, является тромбоэмболия легочной артерии
2011

Инородные тела сердца наблюдаются относительно редко, как правило, в результате слепых огнестрельных и колотых ранений грудной клетки
2011

Тромбоз мезентеральных сосудов (ТМС) исключительно редкое сосудистое осложнение, наблюдающееся, главным образом, у людей пожилого возраста
2011

Известно, что илеоцекальный отдел служит узловым пунктом желудочно-кишечного тракта, при выключении которого возникают расстройства в виде поносов и нарушения обмена веществ
2011

Цель: сравнение эффективности первичной ангиопластики, фармакоинвазивного метода реперфузии и ТЛТ у больных с острым ИМ с подъемом ST в отделение реанимации и интенсивной терапии (ОРИТ).
2011