Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұрғындар денсаулығына пестицидтердің әсерін бағалау.

ТҮЙІН

Қазақстан Республикасында мақта өсіру-ауыл шаруашылығы мен текстильдік өндіріс үшін бірден-бір маңызды сала болып табылады, аталған өндіріс соңғы он жылдықта жоғарылауда. Мақта шаруашылығында пестицидтерді кеңінен пайдалану жергілікті тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуде. Тұрғындар арасында арнайы емес аурулардың алдын алуы, ауру анықталған жағдайда ғана жүргізілуде, сол сияқты ауру-сырқаудың алғашқы алдын алуы ауылдық амбулаторлық-поликлиникалық мекемелерде күнделікті жүргізілмеуде. Бұл ауылдық елді мекендегі денсаулық сақтау мекемелерінде материалдық-техникалық базаның айтарлықтай артта қалуымен, өмір салтын, ауыл тұрғындарының денсаулық көрсеткішімен, ауыл шаруашылығында пестицидтерді қарқынды және тиімсіз пайдалану нәтижесінде экологиялық жағдай төмендеуімен байланысты[1,2,3]. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайдың артуы халық денсаулығы оң әсерін тигізеді. Ауылдық елді мекенде ауру-сырқаулықтың жиі тіркелуі маңыздылығын арттыруда.

Кілт сөздер: аурушаңдық, пестицид, салауатты өмір салты, амбулакторлық- поликлиникалық мекеме, денсаулық.

Зерттеу мақсаты: 2011-2014 жылдар аралығында ауыл шаруашылықтарында пестицидтерді қолданылатын аймақтардағы тұрғындар денсаулығын бағалау.

Зерттеу нысандары мен әдістері: Бұл жұмыс мақта өсіретін аймақтардағы тұрғындар арасында жүргізілді.

Зерттеу нәтижелері мен оны талдау: Зерттеу нәтижесінде, ауыл шаруашылық өндірісінде пестицидтерді қарқынды түрде қолданатын аудандарда медициналық көмекке өздігінен қаралғандар арасында аурушаңдық 1000 халыққа шаққанда 2738,4 %о құраса, ал

кешенді медициналық тексеру жүргізу барысында 4,4 есеге жоғарылаған. Ауыл шаруашылығында пестицидтерді төменгі деңгейде қолданатын аудандардағы тұрғындардың дәрігерге қаралу кезінде 1345,3 %о тең болса, кешенді медициналық тексеру кезінде тіркелген аурушаңдық 4,1 есеге асып түскен. Химиялық тыңайтқыштар қолданылмайтын аудандардағы тұрғындар арасында аурушаңдық 1000 халыққа есептегенде 1269,3 %о болып, кешенді

медициналық тексеру кезінде аурушаңдық 5077,4 %о тіркелген.

1 кесте - Ауыл тұрғындарының өз бетінше дәрігерге қаралу кезінде және кешенді медициналық тексеру кезінде анықталған аурушаңдық көрсеткіші.

Ауылдық аудандар

Дәрігерге өздігінен қаралу

кезінде анықталған

аурушаңдық

Кешенді медициналық тексе- ру кезінде анықталған

аурушаңдық 1000 халыққа

есептегенде

Ауыл шаруашылығында

пестицидтерді қарқынды

қолданатын аудандар

2738,4

12048,9

Ауыл шаруашылығында

пестицидтерді төменгі

деңгейде қолданатын аудандар

1345,3

5515,7

Химиялық тыңайтқыштар

қолданылмайтын аудандар

1269,3

5077,2

ОҚО барлық ауылдық

аудандары

1747,8

6816,4

Мақта өсіретін аймақтарда шаруашылықта пестицидтерді қолдануға дейін ерлер арасында 1000 халыққа шаққанда 1304,2 %о болса, әйелдер арасында 1619,8 %о құрады. Ал пестицидттерді қолданғаннан кейін ерлер арасында 1615.2%о тіркелсе, әйелдер арасында 2016,5 %о байқалды. Тұрғындар арасында аурушаңдық деңгейі пестицидтерді қолданудан кейін 24%

Мақта егетін аудандарда созылмалы аурушаңдық ерлер арасында асқазан-ішек жолдары - 12.2%, қан айналым жүйесі-15.3%, жүйке жүйесі-2.9%, тыныс жолдарының аурушаңдығы -6,5 % көп тіркелген.

Осылайша, мақта шаруашылығымен айналысатын аудандардағы мақташылар және жергілікті тұрғындардың денсаулығына пестицидтер кері әсер етіп қоймай, ауру-сырқаулықың дамуына әсер етуді.

Қорытынды: Қорыта келе, пестицидтерді көп мөлшерде қолданатын аудандардағы тұрғындар арасында ауру-сырқаулықтың қарқындылығы анықталды. Ауыл тұрғындарының аурушаңдығын төмендету мақсатында жүргізілген кешенді алдын алу шараларын өңдеу кезінде салауатты өмір салты, жағымсыз экологиялық факторлар, медициналық көмектің сапасының төмендігі, нашар әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар тұрғындар денсаулығына кері әсер көрсетті. Ауру-сырқаулықты төмендету мақсатында медициналық көмектің, алдын алу шараларын қолға алуды қажет етеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Жумадилова А., Балаева Г. Пестицидтердің әсерінен мақта өсіретін аймақта тұратын жасөспірім қыздардың гинекологиялық аурулары мен соматикалық денсаулығы//Медицина.- 2015. №2 (152)- С.82-85. №5-6(64-65)
  2. Досыбаева Г.Н. Оценка состояния здоровья хлопкоробов в условиях применения пестицидов // Наука и образование Южного Казахстана. - 2007г.
  3. Булешов М.А., Жаксыбергенов А.М., Долтаева Б.З. Условия труда и состояние здоровья механизаторов, работающих в хлопководстве//Известия вузов. - Бишкек, 2008г.
Жыл: 2015
Қала: Шымкент
Категория: Медицина